Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аспан әлемі – ғарыш, ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы білім беру.
Дамытушылық: Балалардың ғарыш туралы ой-қиялын дамыту арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ғарыш туралы суреттер, альбом,
Сөздік жұмыс: ғарыш, ғарышкер, зымыран, көк аспан, жер шары.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері
Армысың, қайырымды аспан Ата!
Армысың, мейірімді жер Ана!
Армысың, шұғылалы алтын Күн!
Армысыңдар, құрметті апайлар!
Армысыңдар, менің сүйкімді достарым!
-Міне менің қолым, жылуыма жылу қос!
-Балалар, жүрек жылуын сезіндіңдер ме?
-Иә!
-Олай болса орындарыңа жайғасыңдар.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Кім маған айлардың атын атап береді?
-Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ләззат: Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
Ақнұр: Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Сең жағалап су атты,
Сай саламен су ақты
-Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру оқу іс-әрекеті болады.
-Балалар, сендер көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
-Балалар, көліктер үш түрге бөлінеді екен. Жер көлігі, су көлігі, әуе
көлігі. Ендеше көгілдір экранға назар аударайық.
-Жер көлігіне, мына көліктер жатады: машина, автобус, жүк машинасы,
Поезд.
-Ал, су көлігіне: қайық, кемелер жатады.
-Әуе көлігіне: ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
-Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күміс қанат сұңқарды,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңдар (Ғарышкер)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.
— Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
-Айға ұшып, айға сапар шеккендерді ғарышкерлер деп айтамыз.
Ғарышқа ұшар алдында ғарышкерлер әр түрлі дайындықтан өтіп,
арнайы білім алады. Ғарышта дем алатын ауа жоқ, сол себептен
ғарышкерлер арнайы киім киіп ұшады. Осы арнайы киімді скафандр деп
атаймыз. Ғарышта адам ешқайда құламайды.
-Ғарышқа зымыранмен ұшады. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең
жедел ұшатын көлік. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер аспан
әлеміндегі ерекшеліктерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты
зерттейді, оны жерге хабарлап отырады.
-Ең бірінші ғарышқа орыс азаматы Ю. Гагарин ұшқан. Ол ер жүрек
батыр атағын алды.
-Ал балалар, алғаш Қазақстан жерінде біздің батыр ағаларымыз
ғарышқа ұшты. Олар: Т. Әубәкіров пен Т. Мусабаев ағаларымыз.
-Ғарышқа Байқоңыр ғарыш айлағында ұшады. Ғарыш айлағы тек біздің
Қазақстан жерінде Байқоңыр қаласында орналасқан. Әлемнің
ғарышкерлерінің барлығы осы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады.
(слайд сурет Байқоңыр қаласы, ғарыш айлағы). Байқоңыр ғарыш айлағы –Қазақстан жерінде орналасқан үлкен ғарыш алаңы. Қазақстан біздің
туған еліміз. Осы туған жер, Отан туралы тақпақ білеміз бе?
Балалар: —Иә.
Олжас: Туған жер алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде
Жүреді сенің есімің
Мәңгі де бақи есімде.
Жанарыс: Отан – деген атамекен
Отан-деген туған жер
Отан-ана туған елім
Қазақстан туған елім.
Сергіту жаттығуы:
1-2-3 зымыран боп ұш
4-5-6 ұшақ болып қалқы
7-8-9-10 тік ұшақ боп қон.
-Ғарышқа немен ұшып барады екен?
-Зымыранмен.
-Ғарышқа қай жерден ұшады?
-Байқоңырдан.
-Балалар, қазақтың қандай ғарышкерлерін білесіңдер?
-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.
— Балалар, сендер ғарышкерлер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Нұрбол: Бет түзеймін алысқа
Бағытымнан аумаймын.
Шексіз-шексіз ғарышқа
Зымыранмен заулаймын.
Асхат: Қорықпаймын қиыннан
Бойлап ғарыш сырына.
Көз жіберсем қиырдан
Туған өлке қырына.
Айым: Сырын ашып ғаламның
Туған елдің бағына.
Құшағына даламның
Ораламын тағы да.
Д/о: «Зымыран құрастыру»
Қорытынды: -Балалар, бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?
-Не туралы әңгімелестік ?
-Қандай көліктің аттарын білесіңдер?
-Көліктер нешеге бөлінеді?
-Зымыран ғарышқа қай жерден ұшады?
-Ғарыш кемесін жүргізетін адамды кім дейді?
Сендер де келешекте әлемнің құпия сырларын терең аша түсетін азамат боласыңдар. Кейін есейгенде ғарыш ғаламының құпиясын ашуға жол саласыңдар.
Сахыева Жадыра Елдаштаевна,
21 «Назерке» балабақшасы
Манғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,