Home » Ашық сабақтар » Ғарышқа саяхат

Ғарышқа саяхат

Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін, мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту. Есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін, зейіндерін, көріп-тану қабілеттерін дамыту,
дүниетанымдарын кеңейтіп, қиялдарын шарықтату.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойша саяхат, ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру
Көрнекіліктері: Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары, геометриялық пішіндер, суреттер және интерактивті тақта
Сөздік қоры: Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын ала жүргізілгенжұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Амандасу:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз.
Ой туғызу: Балалар, бүгін әдемі болып кетіпсіңдер.Сендер қайда бара жатсыңдар?
( Балалардың жауабы): Саяхатқа
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
— Наурыз айы
— Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
(Балалардың жауабы )
— Ал көктемнің осы нешінші айы?
— Екінші айы.
— Осы ай қалай деп аталады?
— Сәуір айы деп аталады.
— Иә,бұл сәуір айында да бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Қандай мереке?
— Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз – ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
— Жер ғаламында өмір сүреміз.
— Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
— Ұшақ,тікұшақ,зымыран.
Енді осы көліктерді үш тілде айтайық:
Ұшақ-самолет- plane, тікұшақ – вертолет-helicopter, зымыран – ракета — rocket
— Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов деген ағаларымыз.
Бұл кісілер – біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр,халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі. Қане аспан әлемімен танысайық.
— Аспанда тағы нелер болады, балалар?
— Күн,ай,бұлттар болады.
Ал мынау ұшуға дайын далып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарышайлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы, ол біздің Қазақстанда.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақты бірге қайталайық.

Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанғақараймын
Мен ғарышкер боламын

Ғарыш сондай алыс па?
Аспан аспан – арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын

Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның

Батыр болам —
Көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға барып-келіп жүремін.
Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымызкеледі.
Сергітусәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыран боп, ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Балалар, мына зымыранымызға не болған? Мына бөлшектер қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Үшбұрышқа,дөңгелекке, төртбұрыш.
Ендеше,мына бөлшектерден зымыран құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.

Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт біз де ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.1,2,3, ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға дайындаламыз.1,2,3. Қондық.
Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне қараңдаршы,
бұл ғаламның суыда,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Күн. Көбелектер. Ал көбелектер қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен. Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды жалғастырайық.
Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане, қонамыз.
Балалар, мынау қандай планета
Ай планетасы
Ай – луна – Moon Жердің серігі, өзінен жарық шығармайтын, Жерге ең жақын орналасқан аспан денесі.
Робот
Иә,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз.Қане сәлемдесейік.
Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма ,ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады
Робот: Иә, сен-дер-дің ға-лам-да-рың-нан кел-ген а-дам-дар, о-сы жер-де зерт-теу жұ-мыс-та-рын жүр-гізеді.Мен де осы жер-де жұ-мыс іс-тей-мін. Ма-ған та-мақ-тың,су-дың,ауа-ның еш қажеті жоқ.Сон-дық-тан мен осы жер-де үне-мі жүремін. Мен сендерге робот жасайтын бөлшектерді сыйға берейін, сендер топтарыңа барғанда жасап көресіңдер, мүмкін болашақта ғарышкер немесе ғалым боларсыңдар! Ал,ба-ла-лар ме-нің әлі жұ-мысым көп, сау бо-лың-дар.
Робот кетеді.
Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты. Осында көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып берейік.Қане,ұшуға дайындалайық. 1,2,3.Ұштық.
Рефлексия: — Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылау.

Азерова Акерке Азерқызы,
БҚО, Орал қаласы №21 «Росинка»
бөбекжайының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.