Home » Шығармашылық бұрышы » Ғарышты зерттегім келеді

Ғарышты зерттегім келеді

Мен 7 сыныпта оқимын. Сабағымнан бөлек ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Болашақта мен ғарышты зерттегім келеді. Менің кумирім Стивен Хокинг. Мен ол туралы көп оқимын. Маған оның идеялары ұнайды.

Стивен Хокинг 2600 жылы адам саны артып, соның салдарынан жер шарында өмір сүру мүмкін болмайды, адамзат басқа ғаламшарға көшсе ғана аман қалады деген. Ғаламшардан адам өмір сүре алатын планета іздеу үшін, ғарышпен қашықтап ұшатын озық технологиялар жасау керектігін айтқан. Болашақта мен сол озық технологиялар жасаумен айналысқым келеді.

Стивен Хокинг — емделмейтін жүйке бұлшықет ауруына қарамастан, өмірден түңілмей, жұмысын жалғастыра білген адам. Бетіне жақын орналастырылған құрылғы арқылы ғалым компьютер қолданды, кітап жазды, хаттарға жауап берді, ғылыммен белсенді айналысып, баяндамалар жасады, әлеммен дауысты тануға мүмкіндік беретін компьютерлік синтезатор арқылы байланысқа түсті. Тіпті ол туралы 2014 жылы «Стивен Хокингтің ғаламы» атты түсірілген фильм Оскар жүлдесін жеңіп алды. Менің кумирім, ең атақты ғалым Стивен Уилиам Хокинг 2018 жылдың 14 наурызында 77 жасында қайтыс болды.

Бір айтарым ол тек менің ғана кумирім емес, менен басқа көптеген жастар оның ақылына, қайраттылығына, өмірге деген құштарлығына, еңбекқорлығына қызығады, оған мысал ретінде өткен жылдың қазан айында Таразда тұратын 15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты ұлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездескен болатын.  Исаак Британ кеңесі және технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (NATD) ұйымдастырған STEM Ұлттық инновациялар конкурсында «Теория гармонии» атты видеоролик үшін арнайы жүлдеге ие болған. Өз видеосында ол ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттап берген болатын. Исаак өте бақытты бала,  өйткені оның арманы орындалып, ол атақты профессор Стивен Хокингпен кездесе алды.

Азаматұлы Азат
Тараз қаласы
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының
7 «д» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.