Home » Балабақша » Ғарыштың бас қаласы-Байқоңыр

Ғарыштың бас қаласы-Байқоңыр

Мақсаты: Еліміздің мәртебесі болашаққа бастар баспалдағымыз, өркениетіміз, өрісіміз Байқоңыр ғарыш айлағымен таныстыру. Оның қоғамдағы рөлі, болашағы, қырлары мен сырлары жайында мағлұмат беру. Ғарышкерлер өмірімен планеталар тіршілігімен таныстыру. Ғарышкер болуға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеші мақсаты: Балаларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Ғылым мен білімнің өміршеңдігін ұғындыру.

      Көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, плакаттар, тақырыпқа сай слайд, зымыран макеті, «Байқоңыр-ғарыш айлағы» суреттері, планета суреттері.
Би: Флэшмоб
Жүргізуші
: Армысыздар, ата-аналар, ұлағатты ұстаздар! Балалар, жерді қоршаған бүкіл дүние әлем немесе «Ғарыш» деп аталады. Ғарышқа жолды 1957жылы 4 қазанда ашылды, жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айналып ұшты. 12сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» болып енді. «Ғарыштың бас қаласы-Байқоңыр» атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер!
3.Сөз беру. Балабақша меңгерушісі Ажимова Айнур Раманқұлқызына сөз кезегін береміз.

 4.Тақпақтар

Қарақат: Байқоңыр-ыстық есімің,

Байқоңыр- алтын бесігім.

Достықтың туын көтерген

Айқара ашқан есігін.

Ақжан: Байқоңыр менің ән қалам,

Жұлдыздай мәңгі жайнаған.

Туған жерім-бесігім,

Жасай бер, мәңгі сән қалам.

Әділет: Өткен шежіре ертегі,

Жарқында айқын ертеді.

Ірілік, бірлік ұйытқысы

Байқоңыр- ғарыш мекені.

Қолқанат: Ғарышжай Байқоңыр,

Зымырандар самғаған.

Ғарышжай Байқоңыр

Қанаттылар мекені.

Қазақ жері Байқоңыр

Қай жер саған жетеді.

Ғажап жерім Байқоңыр.

5.Тәрбиеші: Туған жер, айналайын қасиетіңнен

Ғарышкерлер болған мекен.

Перзентің тебіреніп жыр толғайды

Киелі топырағыңда аунап өскен.

Хор: Ұланы еркін елімнің.

Теледидарға назар аударайық (Тақырыпты слайд арқылы таныстыру )
Атақты ұшқыш Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғыйық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болған. Олгерметтикалық қабықапен қапталған жер серігімен ұшырылып, ама-есен оралды. Лайка иттің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка мен Стрелка иттері болатын. Олармен бірге тышқандар, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылды. Олар жерді 17 рет айналып оралды. Сонан кейін Ю.А.Гагарин ұшты (1962 ж.12 сәуір). Ал, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғаорышкері Т.Әубәкіров. Онан соң, төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т.Мұсабаев ұшты. Ғарышкерлердің киетін киімін «скафандр» деп атайды. Киімін түйенің шудасынан тігеді.  Байқоңыр қаласының нақты туылған күні 1955 жылдың 2 маусымы. Бұл кезде Заря деген атау берілді. 1956 жылдан бастап қалад «оныншы алаңша» деп аталды. Қазіргі Гагарин көшесінің кірпіш құрылысы жүре бастады. 1958 жылдың қаңтарында атау өзгертіліп «Ленинскі» атауы берілді. 1960 жылдың аяғында «Байқоңыр космодромы» атауы берілді. Сұрақ – жауап
-Біздің қаламыз қалай аталады?
-Байқоңыр.
-Не себепті «Байқоңыр» деп аталады ?
(Өз ойларын айтады)
-«Байқоңыр-ғарыш айлағы» дегенді қалай түсінесіздер?
— Үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын біздің қаламыз.
-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
-Ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
— Ғарышкерлер ғаламшарды зертеу арқылы теледидарды көріп, радио тыңдап отырамыз.

Телефон арқылы алыс жерлермен сөйлесе аламыз, ауа-райын болжаймыз. Табиғат апаттарын алдын аламыз. Осының бәрі ғарыш арқылы білеміз.

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.

Таң қалдырып қазағын,

Айдын аға ұшты ғарышқа.

— Біз қазір ғарыш әлемін тереңірек біле түсу үшін сырттай саяхатқа шығамыз. Бұл сапарда бізге ғарыш кемесі жолбасшы болады.

№4 «Күн- Нұры» балабақшасының түлектері: Сланбай Әділет, Райбек Ақжан Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылсын!

-Ғарыш кемесі ұшуға дайын ба?

Ғарышкерлер: Иә, ұшуға дайынбыз!

Сланбай Әділет: Жұлдыздарды жалғаймын,

                                 Айға барып қонамын.

Тұнғыш Тоқтар ағадай,

Мен ғарышкер боламын.

— Достар аман сау болыңдар.                                                                                                                                                                                                  .Тәрбиеші:: Зымыран кемесі ұшырылсын. Сәт сапар. ( Музика ойналады)

-Ғарыш кемесі күн планетасына келді. Күнмен амандасады, танысады, өнерін көреді.

Күн (Інжу): Көк аспанда жарқырап,

Нұрын шашып тұрады.

Күн мен түні алмасып,

Жерге жылу сыйлайды.

Ән: «Разглянуло Солнышко»

Орындайтындар: Айдана, Інжу, Ақлима.

Ғарыш кемесі шолпан  планетасына келді. Шолпанмен амандасады, танысады, өнерін көреді

Шолпан (Айару): Мен- Шолпан жұлдызбын. Шолпан-басқа планеталарға өз орбитасында сағат тіліне қарсы айналып жатқан жалғыз планета. Сондықтан, Шолпан басқа планеталарға қарағанда айырмашылығы жағынан бірінші орын алады.

Тақпақтар

Т.Рамазан: Бүгін Юрий ағаның

Ұшқан күні ғарышқа.

Мен аспанға қараймын

Мен ғарышкер боламын

Е.Рамазан: Аспан, аспан арайлым

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шаламын

Мен ғарышкер боламын.

Би: «Әуе экипажы»

  • Ғарыш кемесі марс планетасына келді, марспен амандасады, танысады, тақпақ тамашалайды.

Марс ( Мадияр): Марс- төртінші ғаламшар.

Ауасы қатты, құрғақ болар, Марста

Дем алу қиын, ол жерден де алыста.

Атмосфералы, жеңіл, тіршілік жоқ қой ол жақта.

 

  • Ғарыш кемесі юпитер планетасына келді, юпитермен амандасады, танысады, тақпақ тамашалайды.

Юпитер: Күн жүйесіндегі бесінші, ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан 11 есе үлкен. Күнді 11 жылда айналып өтеді. Юпиетрдің 16 серігі бар. Күн жүйесіндегі ең үлкен серік Юпитерде орналасқан.

Тақпақтар:

Қарақат: Ғаламшардан екі есе үлкен,

Орналасқан аспанда.

Тіршілік жоқ, тауы жоқ,

Ұқсамайды еш ғаламшарға.

Санжар:    Ғарышқа ұшты сан адам,

Гагарин сынды тым батыл.

Ардақты аймақкүнде

Айналды ғарыш жеріне.

-Ғарыш кемесі сатурин планетасына келді. Сатуринмен амандасады, танысады, өнерін көреді.                              

Сатурн (Қолқанат): Сатурн- алтыншы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелігі- сансыз көп тастармен, мұздан және шаң-тозаңнан тұратын, жарқыраған сақина тәрізді болып келеді. Жерден 9 есе үлкен. Күнді айналып өтеді. Айналасында 17 серігі бар.

Нұрсұлтан: Жайнай бер, өмірдің көктемі

Байқоңыр-білімнің мектебі.

Тағдыры ғарышпен тоғысқан

Көп ұлттың туған мекені.

Қолқанат:  Өзіңсің ашар сәнімді

Жарқырайтын менің қыраным.

Арналған асыл әнімді

Қабыл ал, қалам, мақтанамын!

Ән: «Байқоңыр»

Орындайтын: Оңболсын Қолқанат.

-Ғарыш кемесі уран планетасына келді. Уранмен амандасады, танысады, өнерін көреді.

Уран (Айдана): Уран-  жетінші ғаламшар, он сегізінші ғасырда ашылды. Неміс ғалымы ашты. Оның күннен алыстығы соншалықты, күннен шыққан жылуды жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серігі бар. Күнді 84 жылда айналып өтеді.

-Ғарыш кемесі ай планетасына келді. Аймен амандасады, танысады, өнерін көреді.

Ай(Іңкәрай): Мен-Аймын. Ай-жердің табиғи серігі, оған ең жақын аспан денесі.  Ай-біздің ғаламшарымыздың жалғыз серігі. Ай Жерден 4 есе кіші. Басқа ғаламшардан өзгешелігі ай бізге күнді де, түнде де көрінеді. Ай аспанда орнын ауыстырып, пішінін өзгертеді.

Айзере: Дайындашы тонымды,

Айға аттанам, апа.

Қалдырмашы добымды

Ойнар барам, апа.

Іңкәрай: Ай бетіне гүл егем,

Еге салам апа.

Сәлем-сауқат жіберем

Саған арнап, апа.

Ән: «Айға аттанамын» Орындайтын: Шарапова Жанерке

-Ғарыш кемесі нептун планетасына келді. Нептунмен амандасады, танысады, тақпақ  тамашалайды.
Нептун(Ақниет):
Мен-Нептунмын. Нептун сегізінші ғаламшар, 1946 жылы ғылымға белгілі болды.Оны француз және ағылшын ғалымдары ашты. Құрылысы жағынан Уранға ұқсас.

Бекзат: Ар-намысты ақтаған,

Жүректе сыр жатпаған.

Туған елін, ұясын

Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді.

Ақлима: Аспанға сапар шегемін,

Жерден сәлем жеткіземін.

Ғарышкерлер ержүрек

Аспан да күнін өткізген.

— Ғарыш кемесі жерге оралады. (Жер қошеметпен қарсы алады)
Жарайсыңдар ғарышкерлер! Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.  

Ғарышкерлер:  

Амансың ба, Аспан ата!

Амансың ба, Жер-анам

Амансың ба, достарым

Сендер көрсем

Қайран жер! Қадірлі ана! Аяулы ана!

Қалықтап келіп қалды-ау, таяу балаң

Өскен жер, қандай өлкем

Қондым кеп, көгалына баяу ғана.

Жер (Жанерке): Мұхиты бар, көлі бар

Даласы кең, шөлі бар.

Жан-жануар, тіршіліктің көзі бар

Жер шарында бәрі бар.

Тәрбиеші: Туған жер, айналайын қасиетіңнен

Адамзатқа, ғарышкерлерге болған мекен.

Перзентің тебіреніп, жыр толғайды

Киелі топырағыңда аунап өскен

 Ән: «Туған жер» Темірбекқазы Іңкәрай

 

  

Қорытынды: Сұрақ-жауап.

1.Қазақстандағы ғарыш айлағы бар қала қалай аталады?

2.Сендер қандай планетада тұрып жатырсыздар?

3.Ғарышкерлер киімі қалай аталады?

4.Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін атаңдар?

5.Планеталарыңды атаңдар:

6.Ұшқыш қандай адам болу керек?
Би: «Космодром»

 

Жиенбаева Гүлнар Қуантайқызы,
 Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Төретам кенті.
№ 4 «Күн нұры» балабақшасының
І-санатты тәрбиешісі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.