Home » Балабақша » Ғажайып табиғат

Ғажайып табиғат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білімдік аймағы: әлеуметтік орта, таным

Бөлімі: экология, көркем әдебиет, математика

Мақсаты: балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл-ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат — живая природа

Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.

Белсенді орталықтары: көркем әдебиет, есеп, ғылым, аспаздық

Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша

Іс-әрекет бөлімдеріТәрбиешінің  іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушы Музыка әуенімен кіреді:

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілейміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәрімізде біргеміз

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар көктем мезгілі туралы, табиғат туралы не айтасыңдар? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Көктем туралы бір айдан бері айтып келемін,енді сендерді тыңдағым келеді.

Көктем туралы, табиғат құбылысы туралы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс айтасыңдар, балалар

Көктем келді, көктем келді сағына

Бүршік атты алма ағаштар бағына

Біздің үйге ұя салды алақай

Қарлығаштар бағыма.

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте!   Хеллоу!

Көктем-Март-Мирч

Сәуір-Апрель-Эйприл

Мамыр-Май-Мей

 

Зарина: Көктем мезгілінде күн жылынып, түн қысқарады, жер көгеріп, жан-жануарлар төлдейді. Алғашқы бәйшешек, қызғалдақ гүлі шығады.

Медина: Жәндіктер ұйқысынан оянады. Құстар жылы келеді, жер көгереді, ағаштар бүршік жарады.

Алмас: Көктем мезгілінде аналар кыздар мерекесін тойлаймыз.

Санжар: 22-наурыз қазақтың ұлттық мерекесін тойлаймыз.Көктемде жауын-шашын көп болады,бірақ күн жылы болады.

Сабина:

Таза болса табиғат-аман болар адамзат

Жер адамды асырайды, баласын асырайды

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Іздену-ұйымдастырушыҒажайып сәт

(Сол кезде көгершін ұшып келеді)

1. Армысыңдар бүлдіршіндер, бөбегім

Мен сендерге тосын сыймен келемін

Мен — көгершін құсымын

Сәлеметсіз бе, көгершін құсы, қош келдіңіз! Бұл – бейбітшілік құсы

Балалар, мен көктем патшалығынан келе жатып, далада бүршік ата алмай, ұйқысынан ояна алмай тұрған гүлді көрдім. Оны сиқыршы сиқырлап тастапты. Оны ұйқысынан ояту үшін сіздердің көмектеріңіз керек. Әрине, көмектесеміз! Ол үшін сендер сиқыршының кедергілерінен өтіп, орманға жету керексіңдер. Көрсе мені де сиқырлап тастайды. Мен сендерге сенемін деп, ұшып кетеді. Олай біз орталықтарға бөлініп, сиқыршының кедергісін бұзып, гүлді оятуымыз керек.

Балалар орталықтарға бөлінеді.

Есеп орталығы.

Математика орталығына қош келдіңіздер!

Балалар, біз сиқыршының кедергісінен өтпес бұрын,өткенді өайталап жіберейік. Ол бізге тапсырмада керек болады.

Логикалық тапсырмалар мен суреттер.

олай болса, балалар біз орманға баруымыз керек. Ол үшін пойызға мінемеміз.

Рет-ретімен санау

Пойызбен жүрдік. Ой, балалар, асығып журіп, жол көрсететін белгіні құмытып кетіппін, кері қарай жүрейік.

Кері санау.

Үш тілде кері санау.

Сиқыршы жолымызды сиқырлап, белгілерді санмен сәйкестендіру. Осы тапсырманы орындасақ, орманға баратын жолымыз ашылады.

Орманға келдік. Жолымызды пішіндермен бекітіп тастаған, берілген пішіндерді орнына қойып, өтуіміз керек.

Ой, балалар, жұмбақ! Осы жұмбақтың шешуін тапсақ, гүлімізге баратын жол ашылады.

Балалар шешуін табады (сандық)

Ой, балалар, сандықты ашу үшін, сиқыршы қосу, алу амалдарын орындасақ ашылады,-дейді.

Тапсырма орындалады. Сандық ішінен күннің шуақтары шығады.

Күн шуақтарын шашу үшін, тағы бір тапсырма орындауымыз керек.

Сиқырлы моншақтар. Санау, қосу, алу амалдары.

Балалар орындайды.

Гүліміз әбден шөлдеген екен, су алу үшін тағы бір тапсырма орындау керек.

Көмекке гүлдер мен құстарды шақырамыз.

Текшемен жұмыс. Құс көп пе, көбелек көп пе?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Олай болса сиқыршы мезгілдерді шатастырып жіберіпті.

Мезгілдерді карточка арқылы орнына қойып, мезгілдерді атау.

Көркем әдебиет орталығы.

Greeting:   Welcome to the English lesson! Good morning! (singing the song)

-I’m glad to see you too! Балалар көгершіннің бізге беріп кеткен бірнеше тапсырмасы бар екен. Біз соларды орындауымыз керек. Aлдымен балалар тілімізді жаттықтырып алайық, playing with ball.

— This ball is for you!

-Thank you, thank you! (осылай допты бір-біріне жалғастырып бере береді)

-Good for you! And next boys and girls today our new lesson about Seasons. Look at the blackboard. There are four seasons on the blackboard: Spring,Summer,Autumn,Winter.

And say after me: spring,summer,autumn,winter(балар жеке-жеке қайталап шығады)

Мұғалім көктем туралы түсінік береді: In spring 3 months: march,april,may. In spring the sun shines more and the days begin to get warmer. Spring ia a time when baby animals are born. Spring ia a time when plants and trees wake-up after a long winters nap. Spring showers help to warm the earth, moisten the soil, helping new plants to grow. Spring is colour-green. Summer is colour –bright. Autumn is colour- yellow. Winter is colour- White. (Балалар түстерді жеке-жеке айтып шығады).

And let’s play the next game-“Echo”. Жаңғырық ойынын ойнайық балалар. Мен бір сөзді айтамын, ал сендер менңғ жаңғырым болып сөздерді қайталайсыңдар.

-Spring!

-Spring! Spring!

-Summer!

-Summer! Summer! (осылай 4 мезгілді де мұғалім атап айтады,балалар қайталайды)

Балалар әр мезгілдің өзінің сүйікті түсі болады екен, сол мезгілдер түстерін жоғалтып алған екен. Біз түстерді тауып беруіміз керек. Көмектесеміз бе?

Балалар: Иә көмектесеміз!

Ондай болса кеттік: What colour is spring?

Gani: Green. Spring is green(жасыл түсті алып тақтаға іледі)

Teacher: What colour is summer?

Sabina: Bright. Summer is bright(түрлі-түстіні алып іледі)

Teacher: What colour is autumn?

Zarina: Yellow. Autumn is yellow.(сары түстіні алып іледі)

Teacher: What colour is winter?

Jannur: white. Winter is white.   (ақ түсті алып іледі )

Teacher: It is right?

Ch: Yes it is.

Good for you! And next all together singing song about seasons. ( Ноутбукпен ән айту)

Spring is green.

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

Very good boys and girls! Next let’s doing physical minute:

Teddy bear,Teddy bear

Turn around,turn around.

Teddy bear, teddy bear

Touch the ground

Teddy bear,teddy bear

Switch off the light

Teddy bear,teddy bear

Say Good night!

Good for you! Sit down please.

Енді балалар, мен сендерге тапсырма беремін. Мен сендерге қағаз беремін, сендер сол қағаздағы заттарды санайсыңдар да астындағы санмен белгілейсіңдер. (Балалар заттарды санап, белгілейді. Мұғалім балаларды бағалап, жұлдыз береді)

Good for you children! Thank you!

And next game: “Say the name”.(мұғалім балаларға ағылшын немесе қазақ тілінде бір сөзді айтады, балалар сол сөздің аудармасын айтады).

-Көктем!

-Spring!

-Bear!

-Аю!

-Гүл!

-Flower!

-Leaf!

-Жапырақ!

Summer!

-Жаз!

Жарайсыңдар! Балалар сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Мезгілдер туралы.

-How many seasons ?

-4 seasons

-How many months in the spring?

-3 months: march, april,may.

Very good boys and girls! Our lesson is over, see you later, Good bye!

Good   bye teacher!

Ғылым орталығы.

-Балалар, көркем әдебиет орталығына қош келдініздер.

— Қай мезгіл?

Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не? — Ағаш, дала, су, аспан, гүл — Табиғат деген не? — Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан — жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.

(Суреттер көрсетіледі)

Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп — өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп — өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп — өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір-біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Шырын ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы) 3) Ойын ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді) Табиғат туралы мақал — мәтелдер:

Таза болса табиғат

Аман болар адамзат.

Туған жердің суы тәтті

Топырағы да ыстық (1 — 2 балаға айтқызу) Балалар! Сендер жана балабақшаға келе жатып тасбақа көрген жоқсындарма? (жоқ,жоқ) Мен таңертен балабақшаға келе жатқанымда көрдім. Қане, бәріміз іздеп көрейік.(табамыз тасбақаны) Балалар, тасбақа қандай табиғатқа жатады? Тасбақа немен қоректенеді? (шөппен) Пішіні қандай? Түсі? Тасбақаны қабықшалары қандай қатты. Балалар тасбақанын қабықшалары қандай пішіндерден тұрады?(балалар соғып көреді) Балалар тасбақа (су ішті) Тасбақа балалар мен тенізге келе жатырып балабақшаға адасып кіріп кетіппін мен қатты шөлдеп келе жатырмын. Менін сендерге тапсырмам бар орындайсындарма құмды,суды тасты, зерттейміз. Балалар зерттейміз бе? (Ия) Су, глобус қарау, су басып жатқанын айтады. Суды зерттеу: құйылады мөлдір су, түсі қандай, шөпті суға салсан батпайды ол женил болғасын батпайды. Тас салғанда тас батады, неліктен? батады ауыр болған соң батады. Су лайланады. Өте жақсы, балалар.

Сергіту. Жаңбыр. Балалар, осы тасбақа бізге бірдене айтқысы келіп отырған сияқты, кане тындап көрейк. Ия, тасбақа, мына балалар өте ақылды екен, менің берген тапсырмамды жақсы орындады. Менің тағы тапсырмам бар. Ол қандай тасбақа? Өлі және тірі табиғатты тап. Балалар ойнаймыз ба? (Ия) Балалар тасбақа сендерге риза болып жатыр, енді мен кететін жеріме, еліме дейді, қане қоштасамыз ба? (Ия) Балалар, сендерге бүгінгі ғылым орталығындағы тірі және өлі табиғат және келген тасбақа ұнады ма? Біз нені зерттедік? Немен таныстық? Не көрдік? Не жасадық?

Аспаздық орталығы.

-Балалар, аспаздық орталығына қош келдіңіздер.

-Ал аспаздық орталықта біз не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, ал ас дайындамас бұрын біз не істеуіміз керек?

— Жарайсыңдар, қане барып қолдарымызды жуып келейік. Балалар, мен сендерге бір өлең жолдарын оқып берейін.

Бүршік шашып, жапырақ ашып.

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып

Шуағын бізге шашады.

— Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

— Өте жақсы,

Көктем туралы кім тақпақ біледі?

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.жауабын білемізбе?

Өз қалпағын жасынан

Тастамайды басынан

— Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Саңырауқұлақ» . Біз бүгін саңырауқұлақтан салат дайындаймыз. Саңырауқұлақтан салат дайындамас бұрын оның қалай, қайдан келетінін мен сендерге айтып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар, жарай ма:

Саңырауқұлақ екіге бөлінеді: жарамды саңырауқұлақтар, улы саңырауқұлақтар болып бөлінеді екен. Саңырауқұлақтар әртүрлі болып өседі, жеке болып,топтасып та өседі екен.

-Ендеше саңырауқұлақтан салатымызды бастайық.

Саңырауқұлақ — минералды заттар мен дәрумендерге өте бай екен.

Бізге қызанақ, жұмыртқа, аскөк, майонез керек болады. Жұмыртқаны суға пісіреледі де, қызанаққа майонез әдемілеу үшін керек болады.

Балалар, біз неден салат дайындап жатырмыз?

Көкөністер қайда өседі?

Бірінші – жұмыртқамызды ашып тазалап аламыз да, басынын шетін кесіп, саңырауқұлақтың төменгі жағын жасап қоямыз, қызанақты жуып ортасынан бөліп, ішіндегі қызанақ бөлігін қасықпен алып тастаймыз да саңырауқұлақтың басын әзірлеп қойып, енді табақшаларға салып сәндеу үшін аскөк пен майонезді пайдаланамыз.

Қане, суретке карайықшы, мынандай саңырауқұлақ салат шығу керек.

Өте жақсы, балалар енді дайын болған саңырауқұлақтарды табақшаға салып   көмекші апайларға беріп жіберейік, түскі аспен бірге берсін.

-Қане балалар ас дайындап болғасында қолымызды не істеуіміз керек?

-Аспаздық орталығында

не жасадық?

Саңырауқұлақ салатын жасау үшңн қандай заттар керек екен?

Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады- ма?

Балалар сендер өте жақсы жасадыңдар.

Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті   аяқтау

 

-Мен бір дауыс естіп қалған сияқтымын (топқа) Табиғат ана кіреді.

Табиғат пен тіршілік

Көк түтінге тұншығып

Аяқ асты тапталып

Жатыр қанша гүл солып

Ей адамдар күнмен гүлден жаралған

Табиғатты аялаңдар,

Мәпелеңдер балалар!

Сендердің қамқорлықтарыңызды көріп риза болып тұрмын. Өте ақылды балалар екенсіңдер. Табиғатты өте жақсы көресіңдер екен. Мен сендерге және қонақтарға сыйлық әкелдім. Ал ендеше мен өз табиғат әлеміне әрі қарай сапар шегейін сау болыңыздар.

 

 

 

Иә

 

 

Саңырауқұлақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкөністердің

 

Жерде өседі

 

Рефлексивті түзетуҚорытынды:

Балалар, неше орталық жұмыс жасады?

Бізге көмек сұрап кім келді?

Аспаздық орталығында саңырауқұлақтан салаттар жасадық.

Ғылым орталығында жанды және жансыз табиғатты зерттедік.

Көркем әдебиетте ағылшын тілінде ертегілер әлеміне саяхатқа бардық.

Математика орталығынды кедергілерден өтіп, тапсырмалар орындадық.

Осы кезде ақ көгершін ұшып келеді.

Көгершін: Рахмет, балалар, сендерге, сендердің арқаларында гүл ұйқысынан оянып, ағаштар бүршік атып, көктем патшалығының сәні кірді.

(Көгершін ұшып кетеді)

Тәрбиеші балаларды мадақтап, жұлдызша таратады.

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақын

Сау саламат болайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолымызды жуамыз

 

Саңырауқұлақ салатын

 

Қызанақ, жұмыртқа, аскөк, майонез

Ұнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп-өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін түсінеді, тәжірибе жасау арқылы тасбақаны зерттейді.

Нені игереді: табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуды.

Нені біледі: табиғатты аялап, қорғауды.

Сүлейменова Көркем

«Құлыншақ» балабақша тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Құрық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.