Мақсаты:
Балалардың геометриялық пішіндер, олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.Сан туралы ұғымдарын қалыптастыру.Сандарды тура және кері санау, дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,түсіндіру,үйрету,көрсету, сұрақ-жауап,сергіту сәті,қорытындылау.
Көрнекілік құрал:Слайд,сандар,пішіндер.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация қозғаушылық
— Балалар бүгін бізде ерекше күн.Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.
— Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз математика.
— Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем мезгілінде неше ай бар?
— Қане,көктем мезгілінің ай аттары қалай аталады?
— Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
— Өте жақсы.
— Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Қолды көкке созайық,
Азайтайық,қосайық,
Сан есептің сарайын
Кәне бірге ашайық.
— Қазір жылдың көктем мезгілі
— Көктем мезгілінде үш ай бар.
— Наурыз,Сәуір,Мамыр
— Көктем мезгілінде ауа райы жылынады,құстар ұшып келеді,ең алғаш бәйшешек гүлі шығады.
Алуа:
— Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді,
Мөлдір аспан ашылып
Күнің көзі көрінді.
Айша
Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жеткен бе?
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
— Балалар бізге дыбыстық хабарлама келіпті.
— Бұл кімнен болды екен?
Электронды поштаны ашып көрейік.
-Пішіндер ханшайымынан хат келіпті.Мен сендерге хатты оқып берейін.
— Сәлеметсіздер ме,балалар!
— Мен пішіндер ханшайымымын.Менің сендерге берер тапсырмаларым бар.Сендердің білімдеріңді,ой ұшқырлықтарыңды білейін деп Күлдіргеннен тапсырмаларымды беріп жібердім.Жаксы орындаған балаларға мадақтау кағазым бар.Сендерге сәттілік тілеймін.
— Есік қағылды, Күлдірген топқа кірді.
— Сәлеметсіз бе, балалар!
— Мен Күлдіргенмін,бүгін сендерге ашық оқу іс-әрекеті өткелі жатыр екен. Топтарың қандай әдемі.
— Мен пішіндер ханшайымының тапсырмасын ала келдім. Тәрбиеші апайларыңа тапсырайын.Ал мен бақылап отырамын.
— Күлдірген, біздің балалар білімді және ақылды.
Ауа толтырылған шардың лентасында сұрақтар байланған.Балалар шардың түсін атап, сұрағы бар тапсырманы орындайды.
1-тапсырма
Пішіндер туралы жұмбақтар
Атына сай балалар,
Үш бұрыш,үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар
Бұл қай пішін?
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар
Атын оның атаңдар?
2-тапсырма
1-ден 5-ке дейін үш тілде тура және кері санау.
— Балалар, санау білеміз бе?
— Қане олай болса санайық.
— Ал енді кері санау
3-тапсырма
Ал енді пішіндер туралы тақпақ білеміз бе?
4-тапсырма
Дидактикалық ойын «Неге ұқсайды?»
Балалар бұл қандай пішін?
Алдарыңдағы пішіндердің ішіндегі үшбұрышты көрсетіңдер және түсін айтамыз.
— Үшбұрыш неге ұқсайды?
5-тапсырма
Сұрақ-жауап
Қоянда неше құлақ бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Адамда қанша көз бар?
Жұлдыздың неше бұрышы бар?
Аспанда неше күн бар?
Қолғапта неше саусак бар?
Бір жылда неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Адамда қанша саусақ бар?
Шығармашылық жұмыс
Айша сенің қолыңдағы не нәрсе?
— Балалар,құстар жылы жаққа келді
— Айша сен көңіл күйіңді түсірме!Біз бәріміз көмектесеміз.Балалар құстың ұясын құрастырып көрейік.Сендер пішіндер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Онда әр пішін туралы тақпағын айтып, сол пішінді тақтаға қойып кетеді.
Балалар тақтаға қараңдаршы ненің пішіні шықты?
Жаңа тақтаға үш пішіндерден ұя құрастырып қойды.Қане,бәріміз солай құрастырып көрейікші.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Деміңді іште тез ал да.
Емін-еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үш бұрыш сыз ауада.
Сол қолың да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Жарайсыңдар, пішінді құрастыра біледі екенсіңдер.Ендеше мен сендерге Айшаның әкесінің жасаған үйшігін көрсетейін.Балалар қараңдаршы шынымен де әдемі үйшік болыпты.Сендер әкелеріңе қандай пішіннен жасайтындарыңды айтып, осылай жасатып алыңдар.Ой,балалар тыңдаршы ненің дауысы естіліп жатыр?
— Балалар құстар бізге риза болып жатыр
— Сәлеметсіз бе.
— үшбұрыш
— Төртбұрыш
— Шеңбер
— Иә,білеміз.
1,2,3,4,5
5,4,3,2,1
Амерхан:
Пішіндерді үйрендім,
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің,
Шатырына ұқсайды.
Ақарыс
Бөлініп-ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрыш та ұқсайды,
Үстелдердің бетіне.
— Үшбұрыш
— Түсі көк
— Шыршаға,балмұздаққа т.б
Қоянда 2 құлақ бар
Бағдаршамда 3 көз бар
Адамда 2 көз бар
Жұлдыздың 5 бұрышы бар
Аспанда 1 күн бар
Қолғапта 5 саусақ бар
Бір жылда 12 ай бар
Бір аптада 7 күн бар
Адамда 10 саусақ бар
-Менің қолымдағы құстың ұясы.
— Иә кұстар жылы жаққа келді,ал біздің балабақшамызда құстың ұясы жоқ.
Ал менің әкем құстың ұясы жасап үлгермеді.Жұмысқа кетті.
— Иә.
Сұлу:
Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш.
Нүркен:
Әдемі үйшік болады,
Астына қойсақ төртбұрыш.
Асылназ:
Құс келсін десең ұяға,
Дөңгелек қой ортаға.
-Құстың ұясы.
Рефлексивтік-түзетушілік
Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Балалар бүгін біз қандай пішіндерді өттік?
Жақсы қатысқан балаларға мақтау қағазы беріледі.
Сайқымазақ келді.
Төртбұрыш,үшбұрыш,шеңбер
Күтілетін нәтеже
Білді:Геометриялық пішіндер, түрлі пішіндер пайдаланып түрлі бейнелер құрастыруды.
Игерді:Шапшаңдықты,бірлесіп жұмыс жасауды
Меңгерді:Пішіндерді түсі,көлемі бойынша анықтауды
Азерова Акерке Азерқызы,
БҚО, Орал қаласы №21 «Росинка»
Бөбекжайының тәрбиешісі