Home » Балабақша » Ғажайып орманға саяхат!

Ғажайып орманға саяхат!

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
— Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.
-Балаларды аңдарды сипаттауға,  салыстыра     білуге жаттықтыру, жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы ой-өрістерін дамыту.
-Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру және қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап,әңгімелеу
Көрнекіліктері:  аңдардың суреті, ағаштар, текшелер.
Пәнаралық байланыс:көркем әдебиет,қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ,коршаған ортамен танысу.
Жұмбақ  жасыру: 

                     Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран,боран соғады,

Бұл қай мезгіл болады?

 

Тәрбиеші.  Балалар, қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады екен?
Балалар:  Суық.
Тәрбиеші: Күн суытқанда біз қандай киімдер киеміз?
Балалар:   Жылы
Тәрбиеші:  Қыста адамдар қандай еңбектер жасайды?
Балалар:  Қар күрейді,от жағады.
Тәрбиеші: Ия, балалар үлкендердің еңбегін бағалап, жинап қойған қарларын шашуға болмайды.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш  ай бар.
Тәрбиеші:  Олар қандай айлар?
Балалар: Желтоқсан; Қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойын ойнауға болады?

Балалар:  Сырғанақ,қар атысып.

Тәрбиеші: Көңіл күйлеріңіз қалай
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші:  балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,бірге шешуін табайық
 Жұмбақ:  Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады     (Қоян)

Төрт түліктін рэкеті

Түзде жүрер көк сері   Қасқыр

Тәтті көрсе бас салар

Айнымайды баладан    (Аю)

Өзі ширақ ,өзі қу,

Жүрген жері айқай -шу   (Түлкі)

Тәрбиеші: Бүгін мен сіздермен  ғажайып орманға саяхат жасаймыз. Саяхаттауға дайынбыз ба?
Балалар: дайынбыз.
Тәрбиеші: Ал саяхатқа немен шығамыз? Орманға қандай көлікпен баруға болады?
Балалар: машинамен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен…
Тәрбиеші: Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табамыз.Сол көлікпен барамыз.
Жұмбақ:
Бұл тұлпар су ішпейді
Жем жемейді.
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Балалар: Автобус.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Өте жақсы. Ал енді жанармайын құямыз.
Бакты ашамыз
—    Чик-чик
Жанар майды құямыз
—    -сссссссссссссссссссс
Моторды қосамыз
—    -др-др-др
Ал,енді автобус оталдыма?
—    -пип-пип
Жолға шығайық

Ортада айналып жүреді. Автобустың дыбысы шығады.

Тәрбиеші: балалар біз орманға да келдік. Мына жер қандай тамаша. Балалар біз орманға да келіп жеттік

Осы кезде қоян талдың түбінде отырады

Тәрбиеші: Қоян мұнда неге отырсын

Қоян : мен тонып отырмын үйшігім бұзылып қалды.

Тәрбиеші: қане балалар қоянға үйшік жасап беремізбе

Балалар: ия

Тәрбиеші: онда балалар қане бәріміз бірге үйшік жасап беремізба

Тапсырма:»Үйшік жасау»

Қоян  Рахмет балалар

Тәрбиеші: Орманда нелер өсіп тұр?

Балалар: Шыршалар

Тәрбиеші: Қане, қарайық, қанша шырша?

Балалар: көп шырша

Тәрбиеші: Балалар мұқият назар аударыңыздар, мына шырша қандай?

Балалар: биік

Тәрбиеші: Ал, мына шырша,

Балалар: аласа

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, мына шырша – биік, ал мына шырша — аласа.

Тәрбиеші: балалар мынау не?

Балалар: Аюдың үйшігі

Тәрбиеші: Онда балымызды аюға сыйлап қалдырып кетейік,көктемде ұйқыдан тұрғанда алады

аю жайлы тақпағымызды айтайықшы

Балалар:

Ормандғы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу.

Шанаменен зулаймыз.

Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырайық. Ортада айгалып жүреді.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар, бізді кім қарсы алды

Балалар: Қасқыр

Қасқыр: Сәлеметсіздер ме балалар? Мен ақылды қасқырмын, мен неге ақылды екенімді білесіз дер ме?

Себебі мен орманда көп жылдан бері тұрамын, сондықтан бәрін білемін. Ал сіздер бәрін білесіздер ме?

Балалар: Білеміз

Қасқыр: менің сендерге тапсырмаларым бар. Сол тапсырмаларымды орындайсындар ма?

Балалалар: Иә

Қасқыр: ендеше менің білімділер мектебіне қош келдіңіздер. Қане балалар орындықтарға отырайық. Ал, апайлары,

мен сізге мынадай тапсырмаларға толы конвертімді беремін.

Балалар орындарына отырады.

  1. Тапсырма

Тәрбиеші:  тапсырма үшбұрышты табыңыздар.

Балалар жоғары көтеріп көрсетеді. Ал енді таяқшалармен бейнелейміз.

Тәрбиеші: Ал енді шеңберді көрсетіп, оны алдымыздағы жіппен жасап көрсетеміз.

Тәрбиеші: Жарайсыздар ,балалар

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағылырың келеме?

Балалар: иә

Ойын: «Көп және біреу»

Тәрбиеші:Алдарында парақшаны көріп тұрмыз ба? Көп нүкте бейнеленген парақша және бір нүкте берілген парақша бар.

Мұқият назар аударамыз. Қасқыр бізге қызықты сұрақтар дайындапты.

Сол сұрақтарға осы парақшалармен жауап береміз.

— Аспанда жұлдыздар қанша?

Балалар: Көп

— Аспанда күн нешеу?

Балалар: Біреу

— Мысықтын құйрығы нешеу?

Балалар: Біреу

— Біздің топта балалар қанша?

Балалар: Көп

Тәрбиеші: Балалар, маған ақылды Қасқыр  айтады қандай білімді, ақылды балалар деп,

тапсырмаларды тамаша орындады деп, және Қасқырмен енді қоштасайық.

Тәрбиеші:ал балалар әрі қарай саяхатымызды енді жалғастырайық .

Тәрбиеші :Балалар қарандаршы түлкі келе жатыр

Түлкі :сәлеметсіндерме балалар

Балалар:сәлеметсізбе қу түлкі

Түлкі :ишім пісіп жүр алдайтын ешкім жоқ,менімен ойын ойнайсыңдарма  сондан кейін сендерді жиберем

Балалар: ия

Дидактикалық ойын:» Сыңарын табу»

Түлкі: Жарайсыңдар, балалар.рахмет сендерге бір серігіп қалдым сау болыңдар.

Балалар: сау бол қу түлкі

Тәрбиеші:  Балалар, біздің енді қайтыумыз керек. Бізді балабақшамыз. Балабақшадағы достарымыз күтіп отыр. Қане қайтайық.

Тәрбиеші: Ал енді, автобусымызды оталдырайық.
Балалар: Дтт-дтт-дтт!!
Қорытынды:
Күтілетін нәтежие:
Біледі: биік – аласа, көп- біреу, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарды біледі.
Игереді: ойын тапсырмалар арқылы игереді.
Меңгереді: заттардың өзгерістерін аңғарып,байқай білуді меңгереді.

Сабалақова Гүлнар Мыңбайқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №53
«Мерей» балабақшасының тәрбиешісі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.