Home » Ашық сабақтар » Ғажайып орман

Ғажайып орман

 №2 педагогикалық кеңеске арналған ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту,Қоршаған ортамен таныстыру (Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ететін денсаулық сақтау технологиялары- Су –Джок массажер)
Мақсаты:Балалармен әңгімелесу, ұғымдарын кеңейту,тіл байлығын дамыту,құстар және жануарлар туралы мәлімет беру,ой-өрістерін дамыту. Отанын, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.Балаларға құстар және жануарлар туралы, олар қалай өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығын, жерде жүріп өмір сүретін жөніндегі ерекшіліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Су-джок массажермен,гимнастикалық алаша-жолмен ұсақ қол моторикасын дамыту,тыныс алу жаттығу арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру, балалардың білімін нығайту және денсаулықтарын сақтау.                                                                                                                   Дамытушылық:Балалардын ой-өрісін дамыту                                                                                              Тәрбиелік:Құстармен жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.                                                                        

 Әдіс-тәсіл:Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ –жауап, сергіту-сәті, қорытындылау
Сөздік жұмыс: Жыл құсы-перелетные птицы;Қыстайтын-зимующие птицы; Қонжық-аюдың баласы; Мыржай-түлкінің баласы, Көжек- қөянның баласы, Бөлтірік- қасқырдың баласы. Жатын-берлога, Апан-логово, Ін-нора.
Шаттық шеңбер:Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашады.
Құтты қонақ келіпті,төрімізге еніпті.
Сәлеметсіңдерме қадырлы қонақтар!
Қызықтыру іс шарасы:     Музыка әуенімен Орманнан балаларға қасқыр келеді. Сәлеметсіңдерме балалар. Мен сендерге сиқырлы қорапша әкелдім,оның ішінде тапсырмаларым  бар. Егерде оларды орындасаңдар құстармен жануарларға көп көмек бересіңдер. Тәрбиеші:Балалар,тапсырмаларды орындаймыз ба? Қасқыр:Онда міне ұстаңыз.Ал енді маған кету керек, орманда менің жұмыстарым бар.Тәрбиеші:Рахмет саған қасқыр. Музыка әуенімен қасқыр кетіп қалады.                                              

 Тәрбиеші:Балалар, қасқыр әкелген сыйқырлы қорапшадағы тапсырмаларды орындау үшін Ғажайып орманға барайық. Бәріңде дайынсыңдарма? Кәне көзімізді жұмайық.(Музыка әуені естіледі) Балалар, бұл не дыбыс, біз қай жерге келдік? 

Дұрыс, бұл орманның іші, құстармен жануарлардың дауысы. Орманға жету үшін балалар, мына гимнастикалық алаша-жолмен барайық.Міне біз ғажайып орманның ішіне келдік. Маңайға қараңдаршы,не бар?
Балалар кәне сыйқырлы қорапшаны ашып көрейік.

1тапсырма:Қораптан қыс мезгілінің суретін көрсетеді,оны тақтаға іледі.Балалар,қазір далада қандай жыл мезгілі келді?Қыс мезгілдің қандай өзгерістерін білесіңдер? Қыс мезгілінде не болады?  Қыс мезгілінде неше ай бар? Атаңдаршы.
Сергіту сәті: Терезеге қарашы, (Қолдарымен терезеге қарағандай жасайды)   Аппақ болып жол жатыр. (Екі қос қолдарымен ирек жол жасайды)  Әткеншекті қар басып,(Екі қолдарын төмен түсіріп, әткеншек құсатып алға артқа сермітеді)  Қарағайлар қалғып тұр.(Отырып қолдарын тізеге салып,көздерін жұмады)    Тек аспандағы сары ай, ұйықтамай бізге қарап тұр.( аяқтың ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді)
2 тапсырманы орындайық.Мына тақтада суреттердің арасында не артық? Неге?
3 тапсырма: Балалар бұл не? Құстар неше топқа бөлінеді? Неге? Қарлығаш пен Ала Қарғаны қалай айыруға болады? Ал жануарлар неше топқа бөлінеді? Неге? Қоян мен Аю және Түлкіні қалай ажырата аласыңдар?

Сергіту сәт:
Кане қанат жазайық

Құс болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық орнымызға қонайық.
4 тапсырма «Су-джоко терапия».
Дидактикалық ойын «Қарғалар»    ( Массаж Су-джок арқылы).
Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар
Бұтаға қонар қарғалар.
(Балалар Су-джок массажерды екі алақанның арасына салып домалатып сөздерін айтады.)
5 тапсырма:
Су-джок сақиналар  Аю маң-маң басады, түлкі бұлаң қағады.Қасқыр ылаң салады, қоян үркіп қашады.Күн сәулесі төгілді, орман іші көңілді. Балалар біз қандай орман ережелерін және қандай мақал-мәтел білеміз?
Қорытынды: Балалар біз бүгін қайда бардық? Нені көрдік? Не жасадық?Сендерге не ұнады? Аюдың үйшігі қалай аталады? Қасқырды іні қалай аталады? Аю қыста не істейді?
Тәрбиеші балаларға әр тапсырмаларға дұрыс және толық жауап бергендеріне рахмет айтады. Қасқырдың және Қарлығаштың әуе дауысы естіледі, олар балаларға рахметін айтып, сыйлықтары шыршаның түбінде сыйқырлы қорапшада екенін айтады. Тәрбиеші сыйқырлы қорапшадан сыйлықтарды таратады

Биктасова Жаныл Барлыбаевна,
 Астана қаласы,
№34 «Ақ бидай» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.