Home » Ашық сабақтар » Ғажайып ойын алаңы (тәрбиешілер мен педагогтарға арналған іскерлік ойын)

Ғажайып ойын алаңы (тәрбиешілер мен педагогтарға арналған іскерлік ойын)

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Бүгінгі сіздерге ұсынғалы отырғаным – іскерлік ойын, яғни сіздерді кішкене сәтке демалуға шақырамын. Өздеріңіз білесіздер, мектеп жасына дейінгі балалар ойын арқылы өседі, дамиды, ойлау қабілеті артады.Әр тәрбиеші балаға ойын ұсынғанда, міндетті түрде баланың жас ерекшелігін ескеріп отыру керектігін ойынан шығармау керек.

«Шаттық шеңбері»

Күлім қағып қолымды, қолымды мен бұлғаймын

1, 2, 3 деп соғамын, қарап тұрған көршіме

Жылы, жылы сөзбенен жүрегімді сыйлаймын

Жылы, жылы жүзбенен маңдайыңнан сипайын

Ыстық алақаныммен қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен, құшақтасып бір қысайын.

«Көңіл күй түсі» ойыны, ұнайтын түсіне қарай мінезін болжау.Бүгінгі көңіл күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз? (әр қатысушы өзінің көңіл күйінің түсін таңдайды, бүгінгі жиынға қандай көңіл күймен келгендігін анықтау)

Ақ түс:

Егер сіз ақ түсті ұнатсаңыз, мейірімді адамсыз.Ол жарықты, ашықтықты, шыңдықты бейнелейді.Тазалық пен ұқыптылық басым.Сонымен бірге кеңістік, шексіздік түсі.

Сары түс:

Егер сіз сары түсті ұнатсаңыз….Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.Бұл түс жігерлі адамдарға тән.Көңіл күй сыйлайды. Білімге құмарлықты оятады.Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі.

Жасыл түс:

Егер сіз жасыл түсті ұнатсаңыз….Бұл түс – үміт, тыныштық пен жаңарудың символы.Байсалды, өзін-өзі үнемі еркін ұстайтын адам. Адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жүрген ортасында белсенді болуына ықпал етеді. Қабілеттілікті арттырады.

Қызыл түс:

Егер сіз қызыл түс ұнатсаңыз…..Алдына мақсат қойса, жетпей тынбайтын адамдар.Бұл – махаббат пен батылдықты бейнелейтін түс.Бұл түстің тазарту қабілеті бар, депрессияны жояды.Қызыл түс – жастықтың, сұлулықтың, әдеміліктің, нәзіктіктің,сыпайылықтың нышаны.

Көк түс:

Егер сіз көк түсті ұнатсаңыз, ол –байсалдылық, қанағаттылық белгісі.Эмоционалды күйзеліске ұшырағандарға көмектеседі.Ауырған кезде, қатты қажыған кезде көк түстің қажеттілігі ұлғаяды.Ағзаны тынышталдырады демалдырады. Бронхит, астма, бас сақинасында, бүйрек ауруларына да жақсы көмектеседі.

Қоңыр түс:

Егер сіз қоңыр түсті ұнатсаңыз, қонақжай адамсыз.Бұл түсті екі аяғынан нық тұрған, өз- өзіне сенімді адам қалап таңдайды.Жүйкенің әлсірегенін басады.

Қара түс:

Егер сіз қара түсті ұнатсаңыз, ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамсыз. Бұл түс  – күш, тектілік пен байлыққа құмар жандардың қалайтын түсі.Көбіне өзіне сенімді. Мазасыздық, тұйықтық белгісі.Жағымсыз көңіл күй, ашушаңдық түсі.

«Гномики және Домики» ойыны

Ойында жұп болып, екі-екіден жұптасып, Домик жасап тұрады. Домиктың ортасында бір Гномик отырады. Нұсқаушы Домики дегенде Домиктер шапшаңдықпен ауысады.Гномики дегенде Гномиктер тез ауысады. Ортада Домиксіз қалған Гномиктар ойыннан шығады.

«Нағыз дос болайық!»

Нұсқаушы өлең мазмұны негізінде жақсы қасиеттерді бір қадам алға аттап қол соғуды, достыққа жараспайтын сөздерге керісінше бір қадам артқа жасауды ескертіп отырады.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең зиянды дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз жақсы дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз сараң дос болып!

 «Сөйлемді аяқта»

— «Маған дидактикалық ойындар ұнайды, өйткені….»

— «Маған балалармен сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастырған ұнайды..»

— «Ойындар арқылы бала…….»

— «Менің ең сүйікті балалармен ойнайтын ойыным……»

— «Мен пікірім балалар үшін ең маңызды ойындар……….»

— «Менің ойымша, әр ойында бала…..»

«Ситуациялық жағдайлар»

  1. Марат тарелкені сындырып алды. Балалар тәрбиешіге арызданды. Тәрбиешінің әсері.
  2. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспеді. Сіздің шешіміңіз.
  3. Бала ашу үстінде қасындағы жолдасын салып қалды. Ашуланған жолдасы жауап ретінде оны да салып қалды. Екеуі де жылап жүгіріп тәрбиешіге арызданды. Сіздің әрекетіңіз.
Мимикалық реакция:

Ұйымдастырылған оқу қызметі басталып кетті, балалар сіздің әңгімеңізді ұйып тыңдауда. Есік ашылады, бір бала кіріп келе жатыр. Сіз оған қарай:

Бұйырып «Тез отыр»

Таңдана «күткен жоқпын»

Ызалана «Менің ойымды тағы да бөлдің»

 

Сұрақ қоясыз «Бір нәрсе болды ма?»

Жаратпай «Сен жұмыс жасауға кесел келтірдің»

Қуана «Ақыры келдің бе?»

Құрметті әріптестер, сіздерге көп рахмет! Бүгін бір керемет демалыс шапағына шомылдық. Өзімізді сәл бөбектердей сезініп, осындай секілді әдемі жиындар бола берсін, баршаңызға шығармашылық толағай табыстар тілейміз.

 

 

Ақмарал Ғарифоллақызы Мукашева,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№36 «Балақай» бөбекжайының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.