Home » Балабақша » Ғажайып математика

Ғажайып математика

Калиланова Асем Баяхметовна
Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы
«Ақ көгершін» балабақшасы
Ересектер тобы тәрбиешісіБілім беру саласы:  «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату, жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сандар, пішіндер, суреттер, асықтар, екі түрлі сандық, дидактикалық ойынға қажетті пішіндер, сыртында 5-ке дейінгі сандар жазылған «вагондар», үлестірмелі материалдар
Билингваль құрауыш: сандар- цифры, пішіндер- фигуры

Қолданылған технологиялар: ӨТШТ технологиясы
Белсенді стратегиялар: топтық жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, «жұмбақ құрастыру» әдісі.
Оқу қызметінің кезеңдері
Шаттық шеңбері
Кіп- кішкентай баламыз
Өсіп- өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көкке қанат қағамыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық тілейміз
Сәлеметсіздерме, апайлар
Сәлем, достар дейміз.
Топқа бөлу:  Шеңберде тұрған балаларға дөңгелектің, төртбұрыштың, суреттерін тарату және дөңгелекті алғандар бір үстелге, төртбұрышты алғандар бір үстелге бөлініп отырады. 2топқа бөлініп отырады,

1-топ «дөңгелектер» тобы, 2- топ «төртбұрыштар» тобы болады
Балалар, біз бүгін сендермен 1- ден 5-ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді ажыратуды, жұмбақтар құрастырып, оны шешуді үйренуді жалғастырамыз. Ол үшін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интелектуалды жарыс ұйымдастырайық.
Ханталапай ойынының шарты: ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтан бір баладан шығуы тиіс.Екі топтан бір баладан шығып «Ханталапайға» қатысады
Тапсырма: «Ханталапай».
Талапай- ау, талапай,
Табылды ойын, алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз
Шарты: шашылған асықты кім көп жинаса, сол топ жарысты бастайды.
1-Тапсырма:
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау- қазақша, орысша, ағылшынша.(«дөңгелектер»-тура, «төртбұрыштар»- кері санайды)
2-Тапсырма: «Сан қатары»
2 топтан бір- бір бала тақтаға шығады, «адасқан вагондарды» ретімен орналастырады.(Әр топтан бір баладан шығып вагондарды дұрыстап орналастырады)
2…. 4….. 1….. 3….. 5
5…. 3…. 1……… 4….. 2
3—тапсырма- «Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір» (үлестірмелі материалмен жұмыс)Мысалы: 3 санының жанына 3 мысық бейнеленген суретті қою керек, т.с.с..
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар өздерінің сандықтарындағы асық санын көбейтеді.
4-Тапсырма- Логикалық сұрақтар.
Әр дұрыс жауап үшін бір асықтан беріледі
1.Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты үш доп әкелді. Сезім біреуін Аянатқа берді, біреуін Мерейге берді. Сезімде неше доп қалды?(төртбұрыш доп болмайды).
2.Балабақша ауласында өсіп тұрған қайың ағашында 2 алма бар екен. Бір алманы торғай жеді, біреуін қарға жеді. Қайыңда неше алма қалды? ((қайыңда алма өспейді)
3.Аспанда неше жұлдыз бар? (аспанда көп жұлдыз бар)
4.Бір қоянның құлағы нешеу? (бір қоянда екі құлақ болады)
5.Екі аюда неше бас бар? (екі бас бар)
Сергіту сәті:
Аяқтарды топылдат,
Алақанды сартылдат,
Оңға да, солға да
Бұрыламыз, оңай-ақ
Басымызды шайқаймыз,
Қолымызды бұлғаймыз.
Оңға да, солға да
Бұрыламыз ,оңай-ақ,
Секіреміз биікке,
бәрімізге көңілді
Оңға да, солға да
Бұрыламыз, оңай-ақ
Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз».
(әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі)
Шарты:берілген пішіндерден құрастырып үй жасап шығу.Қай топ бірінші құрастырса, сол топқа бір асық беріледі.
5-тапсырма-Жұмбақ құрастыру-
Шарты:балалар өз ойларынан бөлмедегі бір затты геометриялық пішінге ұқсатып жұмбақ жасырады.
Әр дұрыс құрастырылған жұмбаққа бір асықтан беріледі
(өзі тік төртбұрыш, барлық үйлерде болады, біз оны ашамыз, жабамыз, құлып салып қойсақ ешкім үйге кіре алмайды — есік) т.с.с.
8-тапсырма- Санамақ айту
Шарты: екі топтан бір баладан шығып санамақ айтады.
Әр санамаққа бір асықтан беріледі
Мысалы:
Бір дегенім- білім,
Білім жарық күнің.
Екі дегенім- еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Үш дегенім –үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім –төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп
Кері байланыс
Балалар, бүгін біз не үйрендік? (1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді қайталадық.)
Қандай ойын ойнадық?

( «Ханталапай» ойынын ойнадық)
Балалар асықтарды өздері санап, қай топтың сандығында асықтың көп екенін айтады.
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай тапсырма ұнады? (Балалар жауабы)

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.