Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, «қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал-жабдықтар:сандар, геометриялық пішіндер, шарлар, үлестірмелі материалдар. Мотивациялық-қозғаушылық.
–Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
—Шаттық шеңбері: (балалар айтады)
Қуанамын мен де, қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге.
Всем, всем, добрый день!
Здравствуй, солнце золотое!
Здравствуй, матушка земля!
Гуд монинг, гоулд сан,
Гуд мониң дия гестс.
Гуд монинг май френдз,
Уи уине ю ол зә юәсте.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі күніміз жақсы болсын.
–Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі:
-Балалар, мен сендерге құр келген жоқпын.Мына шарларды ала келдім.
–Бір жылда неше мезгіл бар? Төрт мезгілді қане атап шығайықшы. (Қыс, Көтем, Жаз, Күз)
-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
–Мына шардың түсі қандай, қай мезгілді білдіреді?
-Бұл шардың түсі ақ. Қыс мезгілін білдіреді. Қыста жердің бәрі аппақ болып жатады.(Балалардың жауабы)
-Тәрбиеші: Балалар,осы шарды кім жарады? Ішінде бірдеңе бар сияқты.
Шарды жарып, ішіндегі қағазды шығарып оқу.
1-ші тапсырма:
Қыс мезгілі туралы тақпақ айту.
Олжас:
Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Тәрбиеші: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау қазақша, орысша, ағылшынша. (Әділ қазақша, Т.Санжар орысша, Ералы ағылшынша)
Тәрбиеші: Ал,енді балалар, мына шар қай мезгілді белгілейді.
Балалар: Қыс мезгілінен кейін келетін көктем мезгілін бейнелейді.Көктемде жердің, ағаштардың түсі жасыл түске боялады.
Тәрбиеші: Енді осы шарды кім жарады? Ішіндегі тапсырмасын орындау.
2-ші тапсырма: Көктем мезгілі туралы кім тақпақ айтады?
Хамза:
Көктем келді қуантып,
Сай-салаға су толды.
Құстар ұшып келгенде,
Барлық бала мәз болды.
Апта күндерін айту:
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар балалар? Қане кім айтады?Апта күндерін сұрау.
Балалар: Бір аптада жеті күн бар.Балабақшаға бес күн келеміз.Екі күн демаламыз.
Әділбек:
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
3-ші тапсырма:
Тәрбиеші: Балалар, мына шар қай мезгілді бейнелейді? (қызыл шар)
Балалар: Жайдары жаз мезгілін бейнелейді. Жазда гүлдер болады.Дала қызыл түске боялады.
Тәрбиеші: Шарды жару,тапсырмасын орындау. Балалар,жаз туралы кім тақпақ айтады?
Нұрбақыт:
Жаз келді жадырап,
Ағаштар гүлдеді.
Жаңбыр жауып нөсерлеп,
Жер-Ана көкке бөленді.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар:
Бар саннан бұрын тұрамын, Өзгегер кейде тұрағым. (о саны)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында,
Ұзындығы жазулы бар бойында. (сызғыш)
Он екі парақ-Он екі қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап. (дәптер)
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ.
Шиыр-шиыр жолы көп,
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (ручка,қаламсап)
Тәрбиеші: Балалар, енді сендермен «Жоғалған сан» ойынын ойнайық.
(сандар тақтаға ілінеді, балалар санап отырып, қай сан жоқ екенін айтады)
Сандар туралы тақпақ:
Әділ:
Бір дегенің бесік, Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,Өзен тауым көлім.
Үш дегенім үміт,Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім, Төзе білем өзім.
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Арифметикалық есептер шығару:
-Дүкеннен анам 5 доп алып келді.1-ін ініме бердім.Сонда мен де қанша доп қалды? (4 доп қалды)
-Ағашта 5 құс отыр.Оның 2-еуі ұшып кетті.Ағашта қанша құс қалды?
(ағашта 3-құс қалды)
-Себетте 3 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
(барлығы 6 алма болады)
4-ші тапсырма:
Тәрбиеші:Балалар,мына шар қай мезгілді бейнелейді? (Сары түс) Күз мезгілін бейнелейді.Шарды жару,тапсырмасын орындау.Қане, күз туралы кім тақпақ айтады?
Сергіту жаттығуы:
-Ал,балалар тұрайық,
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп,
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық,
Түзу болып тұрайық.
Бір-біріне қосқанда,Үшбұрышты құрайық.
Адия:
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Пішіндерді суретпен сәйкестендір. Санамақтардан пішіндер құрау. (партаға отырып орындайды)
-Балалар, мынау менің қолымдағы нелер? Енді осы суреттерді маған тақтаға оң жаққа жоғарыға, сол жаққа жоғарыға,төменге оң жаққа,төменге сол жаққа және ортаға кім іліп береді?
—Балалар, партада отырып тапсырманы орындайды.
Қорытынды: —Балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
(Жұмбақтар шештік,тақпақ айттық, таяқшалардан пішіндер жасадық, шарды жардық)
Абдимомынова Лайла Шайзадаевна,
№1 «Көктем» бөбекжайы КМҚК
ІІ санатты тәрбиешісі.