Home » Жаңалықтар » Ғажайып Жаңа жыл!

Ғажайып Жаңа жыл!

Күні кеше ғана мектебімізде қуанышқа да, ғажайыпқа да  толы жаңа жылдық шырша мерекелері аталып өтті.

Григорьевка негізгі жалпы білім беру мектебінің жанында орналасқан шағын орталықтан бастау алған мереке, жоғары сыныптардың тойлауымен өз жалғасын тапты. «Ғажайып Жаңа жыл!» атты мерекеге шағын орталықтың тәрбиеленушілері аса зор дайындықпен келіп, өз өнерлерімен көрермендерді таңқалдырды. Өнерлі де, өнегелі кішкентай бүлдүршіндер ән салып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, мерекенің ең басты сәні, шырша жырын шырқады. Баймуратова Аружан және Найманбай Зарина  «Кел, Жаңа жыл» әнін шырқаса, бір топ бүлдүршін «Қояндар» биін, ал ару ханшайымдар «Үнді» биін биледі. Жаңа жылдан қандайда бір сиқыр, ғажайыпты күтетін балалар, әрине сыйлықсыз қалмады. Аяз ата мен Ақшақар барлығына да сыйлықтарды үлестіріп берді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және де ұйымшылдыққа баулу, жаңа жыл мерекесімен құттықтау мақсатында 1-4 сыныптар арасында «Аяз ата мен Қызыл телпектің саяхаты» атты қызықты әрі әсерлі ертегі қойылды. Мереке, мектеп директоры Колтай Калелханұлының құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі 2 сынып оқушысы Дүйсембай Гүлнұр «Шырша жыры» атты әнімен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ертегінің бас кейіпкері Қызыл телпек жол бойы бірнеше аңдарды, сиқыршыны, мыстан кемпірді, Аяз ата мен Ақшақарды, аңшыны кездестіріп, әрқайсысының өнерлерін тамашалайды, соныңда барлығы Жаңа жыл мерекесін бірге атап өтуді шешеді.

Ендігі ертегіге сенбесе де, жоғары сынып оқушылары да «Төрлет, Жаңа жыл» атты думанға тыңғылықты дайындалған. Барлық оқушылар зор құлшыныспен бар өнерлерін ортаға салып, келген көрермендерге қуанышты көңіл күй сыйлады.

 

Жунусова С.С.,

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Канжигалинова Ж.А.,

тарих пәні мұғалімі,

Жаңа қала ауылы

Павлодар ауданы

Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.