Білім саласы: Қатынас, Шығармашылық,Таным.
Мақсаты: Балалардың білімін қызықты тапсырмалар мен дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, білімдерін пысықтау.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы қарапайым түсінік бере отырып, өз еліне Отанына, табиғатына деген сүйіспеншілікке баулу.
Шаттық шеңбері.
Сәлеметсіздер ме !
Здраствуйте!
Good morning!
Балалар бізде ерекше ашық оқу қызметі.Біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Ғажайыптар алаңы» деп аталады.
Олай болса,«ЭКСПО-2017» көрмесі туралы «Айжұлдыз» балалары кішкене түсінік беріп кетеді.
Видео ролик.
Бүгін сендерге Астана қаласына барып,«ЭКСПО-2017»көрмесін көріп келген балаларымызды ортаға шақырайық.Олар Күн энергиясы, Жел энергиясы,Су энергиясына сәйкес киініп келіпті.
- Балалар ЭКСПО ға барып қандай жаңалық алып келдіңдер?
1.Күннің көзінен энергия өндіруді, болашақ энергия қуатын күннен алатыны жайлы білдік.
2.Судың ағысынан электор қуатын алатын құрылғы ойлап тапқан екен.
3.Желдің жылдамдығынан да энергия көздерін алады екен.
Біз құр келмей Астана қаласынан тапсырмалар ала келдік.
Күн, Жел, Су энергиясы болып үш топқа бөлінеді.
1.Бәйге.Әр топқа үш сұрақтан қойылады.
- «Кім тапқыр» математика әлеміне саяхат
3.Сиқырлы суреттер сөйлейді. Жұмбақ.
«Бәйге»
Күн энергиясы.
1.Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады және күн қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
2.16 желтоқсан қандай мереке?ҚРМ рәміздерін атап беріңдерші?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Төрт түліктің пірі не?
5.Санамақ білесіңдер ме?
Жел энергиясы
1.Табиғат нешеге бөлінеді?
2.1ші желтоқсан қандай мереке және кім осы мерекеге тақпақ біледі?
- Сөйлем неден құралады?
4.Төрт түлік туралы мақал-мәтел білесіңдерме?
5.Санамақ айтып беріңдерші?
Су энергиясы
1.Су табиғатта неше күйде кездеседі және судың қасиеттерін кім атап береді?
2.6 шы шілде қандай мереке?
3.Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады?
4.Төрт түлік туралы тақпақ білесіңдерме?
5.Бір аптада неше күн бар?
- «Кім тапқыр» математика әлеміне саяхат
5,6,7 сандарының құрамын табамыз.
3.Сиқырлы суреттер сөйлейді.
Жұмбақ
Сергіту сәтін орындау.
Балалармен шығармашылық жұмыс жасау.
Қорытынды. Балаларды мақтау, мадақтау.
«ЭКСПО» әнін орындау.
Тулбасиева Айжан Жомартовна,
Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, тәрбиеші
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рыскұлов ауылы