Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: «Қоршаған орта»
Мақсаты:
Білімділік:Жыл мезілдеріндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін толықтыру. Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге,табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жыл мезгілдерінің сұлулығын, әсемдігін сезіну, талғамдарын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілік: Слайд, жыл мезгілдеріне арналған лэпбук, төрт жыл мезгіліне арналған ағаштар.
Қолданылған технологиялар:триз, мантесори, квест, мнемотехника.
Балалар бізге қонақ келген сияқты кәне қонақтармен амандасайық.
Балалар: Білгір қазақ баласы
Сәлем сздің анасы
Қонаққа келіп отырған
Апайларға қарашы
Біздер сәлем береміз.
(балалар интерактивті тақтаға қарайды.Онда Елдос пен Аяжан ғажайыпстан елінде сыйқырлы кітапты іздеп жүр.Ал зұлым бала сыйқырлы кітапты бірінші тауып ұрламақшы екен)
Тәрбиеші: Балалар Елдос пен Аяжанға көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Олай болса зұлым бала сыйқырлы кітапты ұрламай тұрып, тауып Елдос пен Аяжанға беруіміз керек.
Ғажайыпстан еліне жету үшін жыл мезгілдеріне саяхат жасау арқылы жетеміз. Жыл мезгілінен өтіп ғажайыстан еліне жетіп, сыйқырлы кітапты табумыз керек. Әр жолда кездесетін тапсырмаларды орындасақ тез жетеміз.
-Әуе кемемізге отырып жыл мезгілдерге аттанайық
(Әуе кемесіне барар жолда хат тауып алады.)
Тәрбиеші: Балалар мына хаттағы сұрақтарға толық жауап бере алсақ, әуе шарымызға міне аламыз.Сұрақты мұқият тыңдаңдар.
Тәрбиеші: Жылдың неше мезгілі бар? Олар қалай аталады?
Балалардың жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар .Төрт жыл мезгіліне байланысты мақал, жаңылтпаш білесңдер ме?
Балалар:
- Қыстың көзі қырау.
2. Қыстағы қар –жерге ырыс,
Жердегі ылғал- елге ырыс.
3. Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.
4. Гүлім гүлге қарап күлімдейді
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдейі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар жыл мезгілі жайлы көп біледі екенсіңдер. Ендеше осы төрт мезгілінде не болып жатқанын байқап қайтайық.
Барлығымыз әуе кемесіне мініп саяхатымызды бастайық. (Балалар байқап отырыңдар. Қазір әуен қосылғанда ұшамыз. Көздеріңді жұмып, ыңғайланып қатты ұстап отырыңдар. Абайсызда құлап кетулерің мүмкін. Музыка әуенімен көктем мезгіліне келеді)
Тәрбиеші: Міне балалар көктем мезгіліне де келіп жеттік. Бәріміз жайлана отырып, бір сәтке көзімізді жұмып көктемнің таза ауасымен терең тыныс алып, табиғатпен сырласайық.( үнтаспадан сайраған құстардың, ағаштардың сыбдырын тыңдайды) Үнтаспадан ненің даусын естідіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тәрбиеші: Балалар жан-жағымызға зейін қойып қарайықшы. Нені байқадыдар?
Бұл жәй ағаш емес, тапсырмалары бар екен.
(Балалар көктем ағашынан тапсырмаларды іздеп тауып тәрбиешіге әкеліп береді)
1-тапсырма: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдер?
2-тапсырма:Көктем айларын атап беріңдер?
3-тапсырма: Көктем айлары туралы не беріңдер.
Балалардың жауабы тыңдалады.
(Лэпбуктан көктем ағашына сай ерекшеліктерін жабыстырады. Лэбукпен жұмыс жасалады)
Бәйшешек тапсырмасы.№1деген карточка шығады. Балалар үстел үстінен №1ші карточканы тауып акеледі. Гүлдердің ішінен көктемде алғашқы гүлдейтін гүлді тауып, сипаттау.
Ұя тапсырмасы. Лиля шеңбері. Жыл мезгілінің ерекшеліктері
Ұя тапсырмасы. Ойын: Ерекшеліктер
Балалар тапсырмаларды орндайды.
Тәрбиеші:Балалар әуе шарына отырып саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Мен кітап ала шығып едім. Осы кітапты сендерге оқып берейін. Жолымыз қысқарсын.(жай әуенмен жаз мезгілінің дауысы ойнап тұрады.жаз турал өлең оқып беру)
-Балалар өлең не турал айтылған?
Балалардың жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: Міне жаз мезгіліне де келіп жетіппіз. Абайлап алға қарай жүрейік. Балалар жаз ағашына қараңдаршы, қандай екен?
(Балалар жаз ағашынан тапсырмаларды іздеп тауып тәрбиешіге әкеліп береді)
1-тапсырма: Жаз мезгінің ерекшеліктерін атап беріңдер?
2-тапсырма:Жаз айларын атап беріңдер?
3-тапсырма: Жаз айлары туралы не білесіңдер?
Балалар тапсырмаларды орындайды.
(Лэпбуктан көктем ағашына сай ерекшеліктерін жабыстырады. Лэбукпен жұмыс жасалады)
Гүл тапсырмасы. Ойын:Теледидар
Ойын: «Егерде…?
Кемпірқосақ тапсырмасы.Не ненің бөлігі?№2
Тәрбиеші: Міне көктем мен жаз мезгілінен де өттік.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Әуе шарымызға отырып күз мезгіліне аттанайық. Балалар күз ағашына қараңдаршы, бізге арнаған тапсырмалары бар ма екен? (Балалар күз ағашынан тапсырманы тауып акеледі)
Күз ағашның бірінші тапсырмасы: Күз айының ерекшелігін атап беріңдер
Күз ағашының екінші тапсырмасы: Күз мезгілін «Жомарт күз» деп неге айтады?
Күз ағашының үшінші тапсырмасы: Күз айланын атап беріңдер?
(Лэпбуктан күз ағашына сай ерекшеліктерін жабыстырады. Лэбукпен жұмыс жасалады)
Құс тапсырмас. Ойын: «Әшекей тізбек»
Құс тапсырмасы: Ұшып кететін құстарды ата. Жылы жаққа ұшып кететін құстарды қалай атайды?
Бағбан атай тапсырмасы. Бағбан атай жоқта көкөністерін белгіз біреулер шашып кетіпті. Домалақ пішінді көкөністерді төменгі бағанға,ал сопақ пішінді көкөністерді жоғарғы бағанға орналастырыңдар.
Ойын: Айсауле бізге не жасырды?
Тәрбиеші: Міне қыс мезгіліне де келіп жетіппіз. Абайлап алға қарай жүрейік. Балалар қыс ағашына қараңдаршы, қандай екен?
(Балалар қыс ағашынан тапсырмаларды іздеп тауып тәрбиешіге әкеліп береді)
1-тапсырма: Қыс мезгінің ерекшеліктерін атап беріңдер?
2-тапсырма: Қыс айларын атап беріңдер?
3-тапсырма: Қыс айлары туралы не білесіңдер?
Ойын: «Сыңарын тап»
Аққала тапсырмасы. Қыстап қалатын құстарды құстарды атап беріңдер
Ойын: «Жақсы –жаман»
Қорапша тапсырмасы. Ар жыл мезгіліне тән құбылстарды атау.
Қортындылау: Балалар бүгінгі біздің саяхатымыз ұнады ма?
Несімен ұнады?
Балаларды мадақтау.
Ордағалиева Г.М.,
Ақтөбе қаласы,
МКҚК № 26 «Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
мектепалды даярлық «Күншуақ» тобы