Home » Айтарым бар » Ішкі әлеуетімізді арттырған курс

Ішкі әлеуетімізді арттырған курс

Жас жеткіншектердің кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен білім қажет екені бәріне мәлім. Шынымен, білім – тоқтаусыз, толассыз үрдіс болғандықтан қазіргі жаңаша білімді жас жеткіншектерге үйрету, оқыту, тыңдату күрделірек. Десек те, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі, ол – бүгінгі күннің талабы.                                                                                                                                                                    

Қазіргі уақытта әлем өз арнасында өзгеруде. Ендеше, өзгеруді ең алдымен өзінен бастап, одан кейін өзі өзгерістер енгізуге атсалысып, өзгеге жаңаша оқытуды түрлендіре үйрете білген Павлодар «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру ұлттық орталығының аға оқытушы-тренері Альмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлының еңбегі ерен. Ол бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудағы 2017 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейін аралықта өтілген «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсында бізді түбегейлі жаңаша оқытып, тоқытты. Бұл курста Қайыржан Сағынтайұлының әрбір оқыған лекциялары мазмұнды, тренингтері қызықты әрі сапалы өтті. Ол өзінің жаңашылдығымен баршамыздың білімімізді кеңейтіп, қазіргі дамып келе жатқан, өзгеріс үстіндегі білім жүйесі талап ететін зияткерлікті көтеру мақсатымен әр мұғалімге оқушыға жаңаша білімді қалай беруді өзінің мол тәжірибесі арқылы ұғындыра, үйрете, түсіндіре білді. Жаңаша білім беру мазмұны баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретуге көзделгенін жүйелі түрде таныстырды.

Қайыржан Сағынтайұлы «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі» деп үнемі өткізген сабақтарында үйреткеніндей, мен әр сабағымды түрліше ойындармен ұштастырып өткізудемін. Бірінші сынып оқушыларын жаңаша оқыту барысында әзірше өз тәжірибемде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құндылығы мол сабақтарды күнделікті дайындаймын. Аз уақыт ішіндегі нәтижемде білім берудегі қөзқарасым өзгерді. Жаңаша өтілген сабақтарымда оқушыларымның өз ойларын жетік, еркін айтуларын және берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындайтындарын байқадым. Әрине, ол білікті де білімді, ішкі әлеует жиыны терең Қайыржан Сағынтайұлынан үйренгенім деп есептеймін. Ол – ұстаздардың ұстазы болып, білім берудің тиімді моделін өзгеше үйретумен, қажымай ізденумен, тынымсыз еңбектенумен жүрген биік тұлғалы парасатты азамат. Біздей ұстаздарды терең білімімен қаруландырып, еліміздің өркендеуіне үлесін қосу үстіндегі адал еңбегінің жемісін көрсін деген жүрекжарды алғысымды жеткізгім келеді.

                                                 Исагалиева Айгүл Сабыржановна,

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі,

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Мерғалым ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.