Алматы облысы Карасай ауданы Каскелен каласынын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінде 5 сәуір күні Елбасмыздын «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ әдебиетінің жұлдызы, талантты ақын Ілияс Жансүгіровтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында аудандық «Ілияс оқулары» өткізілді. Сайысты аудандық білім бөлімінің бас маманы Буданова Мансия Әбдуалиқызы ашып, оқудың ережелерімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Сайыскерлердің оқу мәнерін, әнді орындау, сахналық шеберлігін, іңкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздың дарындылығын бағалау үшін төмендегі ұстаздар төрелік жасады: «Аудандық жас ақындар мектебінің» жетекшісі – С.Нураков, А.Қаныбекова, Д.Қанамов.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Буданова Мансия Әбдуалиқызы оқушыларды марапаттап, оқушыларға алдағы уақытта да әрдайым белсенді, өз заманының саналы білімді, білікті азаматы болуға тілек білдірді.
Сайыстың қорытындысы бойынша 15 оқушы түрлі номинациямен, марапатталса, Бәрібаев орта мектебінен-Б.Шахметдинова, Қарасай орта мектебінен – Абаева, Енбекші орта мектебінен – Б.Сағындықовтар – III орынды иеленсе, Сәтбаев орта мектебінен – М.Гаипова, Бейсебаев орта мектебінен – Н.Адилханова, Жамбыл орта мектебінен – Н.Алчиновалар – II орынды иеленді. Ал I орынды Әлімқұлов орта мектебінен – Рауан Жұмағұл иеленіп, облыстық байқауға қатысуға, Керімбеков орта мектебінен I орын алған Қамбар Бейбітхан Астанаға жолдама алды.
Жоғарыда атап өткенімдей мектебімізден қатысқан 10 «Ә» сынып оқушысы М.Гаипова жуырда аудан әкімінің қолдауымен мәдениет үйінде өткізілген «Мың бір мақал» сайысына қатысып жүлдегер болған. Осы жолыда мектебіміздің абыройын асқақтата түсті.
Б.К. Наурызымбетова,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каскелен каласы,
«Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп» КММ,
География пәнінің мұғалімі