Home » Мақалалар » Ілгері жүру — ұлы мұрат

Ілгері жүру — ұлы мұрат

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болатын  жас жеткіншектердің білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын жүйелі еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді  шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашылдық ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырылып отыр.Әрбір жеке тұлғаның болашағы білім ордаларында және мектепке дейінгі мекемелерде шыңдалатыны ақиқат.Үздіксіз  өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды қажет етеді.Сондықтан да, бүгінгі таңда жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп, қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге  басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшеюде. Әрине, мектепке дейінгі мекемелерде  тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты — баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. Десек те,мектепке  дейінгі білім білім беру ұйымдарынан бастап,білім және тәрбие жұмыстарына денсаулық сақтау  технологияларын қолдану қажет, бұл-заман талабы. Оған қоса, балабақшаларда талаптарды күшейту мақсатында ағымдағы жылдан бастап, оқыту сағатында кейбір бөлімдер қосылып отыр. Мәселен, коммуникациялық білім саласына драма бөлімі қосылмақ. Бұл да ілгерілушілікке бет бұрудың алғашқы сатысы.                                                 Жаңартылған білім мазмұны кезең-кезеңмен жүзеге асырылатындықтан, балаға ары қарай терең де, тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыру — ол бастауыш сыныппен байланыстырылады. Білім негізінің қалануы нақты осы кезде жүзеге асады.

Жаңаша оқытуда біліммен қаруландыруда даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз болғандықтан, сол көшке ілесу, жас жеткіншектерді ұлы көшке ілестіру біз үшін — үлкен сын. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Оларды қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймыз десек те –ол біздің қолымызда. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Демек, бір мақсат қоя отыра, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, еліміздің ұл-қыздарынан  рухани бай тұлға қалыптасатыны анық.                                                                                                                                    Әр заманның өз ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру  — ұлы мұрат.

Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Павлодар облысы Аққулы  ауданы Мерғалым ауылы   Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Арманының  ақ  желкені  асқақтап…..

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.