Білім беру саласы: Коммуникация
ҰОҚ: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, балаларды ізгі қасиеттерге: мейірімділікке, қамқорлыққа, кішіпейілдікке, шығармашылық жұмысына қызығушылығын дамыту.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойындар, тақпақтар, тыйым сөздер, сұрақ-жауаптар.
Көрнекі құралдар: суреттер, үнтаспа, ойынға және шығармашылық жұмысына арналған құралдар, мольберт.
Сабақтың барысы: Балалар залға кіріп жарты шеңберді құрайды.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізде оқу қызметінде «Ізгілік» еліне саяхатқа барамыз. Алдымен бір-бірімізбен қонақтармен ізгі сөздер айтып сәлемдесейік.
Арайлап атты таңымыз!
Жарқырайды күніміз!
Қайырлы таң достарым!
Сәлеметсізбе қонақтар!
Тәрбиеші: Ендеше, саяхатымызды бастайық!
Ана… жерде қауаныш тауы етегінде, Ақжарқын өзеннің жағасында, Күлімдеген алаңқай мен қалың қамқорлық бағында, «Ізгілік» сарайы орналасқан.
– Балалар бұл Ізгілік сарайына біз кеңпейілді бұлттармен ұшып барамыз. Бұлттардан мықтап ұстаңдар, көздеріңді жұмып терең дем алыңдар. Аспанға көтеріліп ұшып бара жатқандай сезінейік, жел соғады, бұлттар аспанға көтеріліп ұшты, самал жел бетімізге желпіді. Күннің қасынан ұшып өттік. Оның жылылығын сездік, бұлттар бізді жерге жақындатты…. жеттік.
(балалар қолдарындағы бұлттарын ұстайды)
Осы кезде ортада «Түймедақ» гүлі пайда болады.
Түймедақ гүлі: Сәлеметсіздер ме! Ізгілік алаңқайына қош келдіңіздер! Мен сиқырлы гүлмін. Менің әрбір гүл күлтелерімде сендерге арналған тапсырмаларым бар. Сендер менің барлық тапсырмаларымды нақты мұқият орындап шықсаңдар сиқырлы сөзімді шешесіңдер. Дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз.
Ал ендеше көздеріңді жұмыңдар.
(осы кезде түймедақ жоғалып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің түймедақ гүліміз шынында да сиқырлы екен. Ал қәнекей, бірінші гүл күлтесін алайық.
І-тапсырма:
Қандай адамды ізгі адам деп айтамыз?
Адамның көңіл-күйін көтеру үшін не істеу керек?
Байқаусызда біреуді ренжітіп алсаң не деу керек?
Біреуден бір нәрсені сұрағанда қандай сөздер айтамыз?
Бір-бірімізге ұйықтар алдында қандай жылы сөздер айтамыз?
Ізгі істер дегеніміз не?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар тапсырманы орындадық алғашқы әріп те ашылды. /балалар әріпті атайды/
ІІ –тапсырма
«Достарға көмектес»
Әуенмен ортаға Айгүл мен Асан келеді. (бір-біріне ренжулі кейіпте)
Тәрбиеші: Сендерге не болған? Сендер не, ұрсысып қалғансыңдар ма? Олай болса татуласыңдар.
Асан: Мен Айгүлмен татуласпаймын өйткені ол әдепсіз. Мен оған «сәлем» дедім ол болса сәлемімді алмады.
Айгүл: Неге мен сәлеміңді алуым керекпін, кеше ғана сәлемдестік қой.
Асан: Ол кеше ғой! Мен бүгін саған сәлем бердім.
Айгүл: Әлі менің кешегі сәлемім біткен жоқ.
Тәрбиеші: Айгүл, сен Асанның ауырып қалғанын қалайсың ба?
Айгүл: Жоқ оның ауырғанын қаламаймын.
Тәрбиеші: Онда неге сәлемдеспейсің? Балалар айтыңдаршы «Сәлеметсіз бе!» деген сөз нені білдіреді? (саған денсаулық тілеймін дегенді)
Айгүл: Асанның өзі де сыпайы емес шақырғанда «Әй, сен» деп айқалайды.
Тәрбиеші: Балалар досымызды шақырғанда қала шақыруымыз керек? Ал, үлкендерге қалай сөйлеуіміз керек? Онда екеуің де кінәлісіңдер, бір-біріңді сыйламайсыңдар.
Айгүл: Кешірші, мені Асан. Мен енді әдепті боламын, күнде сәлемдесетін боламын…..
Асан: Айгүл сен де мені кешір. Мен де енді сыпайы боламын.
Тәрбиеші: Балалар Айгүл мен Асанға «достық» туралы тақпақтар айтып берейік.
Достар: Рахмет, сендерге балалар. Енді біз әрқашанда бір-бірімізбен дос боламыз.
Тәрбиеші: Бұл тапсырмада достарға көмектесіп ізгі іс жасадық.
(тақтада келесі әріп «З» әріпі ашылады)
ІІІ – тапсырма: «Ізгі істер мен жаман істер» ойыны.
Жақсы істермен, жаман істерді ажыратып суреттерді ретімен қойып түсіндіреді.
(тақтада келесі әріп «г» әрпі ашылады)
Сергіту сәті «Ақ киіз»
4 тапсырма: «Сиқырлы ағаш»
Тәрбиеші: Бұл тапсырмада балалар жаман әдеттен орынсыз теріс мінездерден сақтайтын тыйым сөздерді айтып сыйқырлы ағашқа ізгілік білдіретін жүрекшелерді ілеміз.
- нанды баспа.
- Көкті жұлма.
- Таңдайынды қақпа
- Малды теппе.
- Дастарқаннан аттама
- Бейуақыт жылама
- Суға түкірме
- Ішегіңді тартпа.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар дұрыс айтасыңдар.
(тақтада «І» әрпі ашылады)
5- тапсырма: «Достық аралы» ойыны
Тәрбиеші: Ойынның шарты: балалар екі топқа бөлініп тәрбиешінің белгісімен тездетіп өз аралдарына жетуі керек.
(ұтылған топ мақал-мәтел айтады)
Мақал-мәтелдер
- Жақсылықтың ерте кеші жоқ.
- Әдепті бала, арлы бала.
- Жақсы бала жол сілтейді. Жаман бала қол сілтейді.
- Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.
Тәрбиеші: Өте жақсы, жарайсыңдар балалар!
(тақтада «Л» әрпі ашылады)
6-тапсырма: Әдептілік туралы тақпақ білесіңдер ме?
Заңғар:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген!
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Мөлдір:
Әдептілік бұлақтай,
Тазалығы арыңнан,
Бойыңдағы барыңнан.
Өлшемі ол сынаптай.
7-тапсырма: «Ізетпен атаға амандас»
(ортаға ата келеді,, Заңғар ізетпен сәлем береді)
Заңғар: Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам!
Заңғар: Деніңіз сау, аман-есенсіз бе?
Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.
Заңғар: Бала-шағаңыз есен-сау ма?
Ата: Тегіс аман-есен, өсіп-өніп жатыр.
Заңғар: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?
Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ата! (балалар амандасады)
Ата: Амансыңдыр ма, балалар!
Сәлем беру – амандық инабаттылық көргенділік мәдениеттіліктің белгісі. Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға, ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп айрықша құрметтеп сәлем беретін болған.
Тәрбиеші: Балалар ештеңе айтпай сәлемдесуге болады ма, қәнекей бір-біріміздің қолымызды алайық бір-бірімізді құшақтайық, бетімізді тигізейік. Осылай сәлемдескен сендерге ұнады ма?
(балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар……
(тақтада әріп «К» ашылды)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы тақтада қандай сөз пайда болды?
(балалар тәрбиешімен бірге тақта шешілген сөзді буынға бөліп оқиды(
Тәрбиеші: Балалар біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық. Қараңдаршы «Ізгілік» сарайына келіппіз. Міне қызық мұнда той болып жатыр екен!
Ата: Балалар сендер өзіміздің қандай ұлттық салт-дәстүрімізді білесіңдер?
Ендеше тақтадағы мына суреттерге назар аударыңдар. Қайсысы қай дәстүрге жататынын атаңдар?
/интерактивті тақтада суреттер пайда болады)
Ата: Балалар енді менің келесі тапсырмамды орындап көріңдерші. Біздің болашаққа бағдар раухани жаңғыруда бейнеленген «Қыран» құстың бейнесін белгілеп беріңіздерші.
Балалар: Балалар жұмысты бірлесе орындайды.
Бата:
Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін!
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті.
Қол қанаты көп болсын,
Артынан ерте берсін серікті!
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты.
Өнерлі болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп
Алла берсін зор бақты!
Аумин!
Тәрбиеші: Балалар біз де қарап тұрмайық бүгін жасқа толған сәбиге арналған сыйлығымызды тарту етейік.
(шығармашылық жұмыс)/
Ата: Балалар мына «Ізгілік шамын» сендерге сыйлаймын. Жақсы сөз жарым ырыс – дейді халқымыз. Жылы сөз жүрегіңді жылытады, ашу шақырмайды, қуанышқа бөлейді. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріңе жылы сөздер айтқандарың дұрыс.
Тәрбиеші: Рахмет ата, ал балалар «Ізгілік шамын» бір-бірімізге беріп тілектер айтайық.
- Әдепті бала бол!
- Мейірімді қыз бол!
- Қамқор бала бол!
- Сабырлы бол!
- Қайырымды бол!
- Әдемі қыз бол!
- Кішіпейіл бала бол!
(Ата балалармен қоштасып шығып кетеді)
Қорытынды: Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
Қандай салт-дәстүрмен таныстық?
Біз жолда кімдерді кездестірдік кімдерге көмектестік?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз ізгі істердің сиқырына куә болдық. Шеңбер құрып өлең жолдарын айтады.
Апам маған үлкендерді тыңда деген,
Сол сөз маған ізет құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өздеріне сыйға берем.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар тәрбиешілер! Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!
А. Жупбанова,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Дәулет селосы №10
«Ақбота балабақшасы» МКҚК
тәрбиешісі