Бойынан ізгілік деген нәзік ұғымға кірер қанша жақсы қасиеттер табылатын жылы жүзді, әрбір сөзінен түсінер жан азық алар атағы «Алтын салада» орнын алса да соншалықты қарапайым жанмен танысу бір бақыт екен.
Мен таныған осынау жанның маған қатты әсер еткен тұсы алдында тұрған әр жанға үмітпен қарайтыны…
«Сенделіп» жүргендерді сендіре білетіні…
Ойын тазалып,әр ісіне тереңінен қарауға жетелейтіні…
Иә, бүгінгі таңда «ақылын сататындарға» қарама-қарсы білгенін үйретуден жалықпайтын, артынан із, жағымды сөз ғана айтылар «жақсыны» кездестіру тым қиын. Мақала тақырыбына арқау болған кейіпкеріміз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, ҚР.білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің және Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері, «Еуразия ұлттық университетінің 2013 жылғы үздік тәлімгері», 2016 жылғы ЖЖО-ның үздік оқытушысы, «Егемен елдің 100 қайраткері» энциклопедиясына енгізілген ғалым Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы алдынан қаншама шәкірттерін қанаттандырып ұшырған ұлағатты ұстаз. Үлкен өмірде өз жолдарын тапқан мектепке дейінгі ұйым балабақша меңгерушілерімен әр тәрбиешісіне ақылшы болып жүрген жан. 13 ақпан күні Фатима Ниязбекқызы қос шәкіртімен бірге педагогика саласына қосқан жаңа оқу әдістемелік құралдарының таныстырылымына қатысты.
Астана қаласы әкімдігінің №27 «Балауса» балабақшасында өткен қос оқулық аясындағы семинар «Жаратылыстану», «Драма» бөлімдерінде инновациялық әдістерді пайдалану тақырыбында ұйымдастырылды. Оқу әдістемелік құралдар дайындау сынды күрделі жұмысқа ұстаздарымен бірге қадам басқан аталшым балабақшаның меңгерушісі жалындап тұрған жастық жігер иесі, тың ойлардың бастамашысы Әсел Әділбайқызы мен №93 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Әлия Темірболат.
Бала білімі тәуелді болған оқулықтың мазмұны сараптамадан өтіп, авторларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келген әдістемелік құралдарды басып шығарған авторлар құрамына білім беру саласының тәжірибелі мамандары,оның ішінде: 5 ғылым кандидаты, 3 балабақша меңгерушісі, көптеген жоғарғы санатты балабақша тәрбиешілері мен бастауыш мектеп мұғалімдері. Сауран және Дәурен Қастеевтер, Владимир Қадырбаевтай . танымал суретшілер жұмыс жасайтын «Шикула және К» ЖШС баспасы.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын сапалы түрде қайта жаңғыртуға белсенді қатысып келе жатқан Қазақстанның кітаптар әлемінде 27-жылдық тарихымен, екі-үш тілдерде көркем, танымдық-дамытушы және ойын түріндегі әдебиеттерді,оқу-әдістемелік кешендерді, 1 кіші топтан (2-3 жас) бастап және мектепалды даярлық топтарын қамтитын 70 астам оқу-әдістемелік кешендерді шығаруымен белгілі болған баспа. Оқу-әдістемелік кешендердің құрамдас бөліктері: әдістемелік құралдар, демонстрациялық материалдар, плакаттар топтамасы, балаларға арналған жұмыс дәптерлері, мультипликациялық және деректі фильмдер, дамытушы үстел-үсті дидактикалық ойындар, 2007-2009 жылдар аралығында баспа жетекшілігімен«Ел арна» каналында балаларға арналған «Сиқырлы әріптер» телевизиялық бағдарламасы жүрген баспа директорының орынбасары П.Ғ.К. доцент Стыбаева Айгүл Шилдебайқызы арнайы келіп авторларға «Алғыс хат» семинарға қатысқан өзгеде балабақшалардың тәрбиешілеріне сертификаттар мен бірнеше балабақшаның әдіскерлеріне арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Оқу әдістемелік құралды тек сол саланың маманы жазбаса өз дәрежесінде болмайтынына сендіре түскен балабақша меңгерушісі Әсел Әділбайқызы екі жылдан астам уақыт ізденіс пен жазған авторлық жұмыстарын әріптестерімен бірге талқылап, өзіндік ойын, қосымша мәліметтер берумен семинар тақырыбын аша түсті.
Ізденіс пен өз саласына деген адалдық адамды ақ жолға бастайтыны даусыз. 1989 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген Әсел Әділбайқызы Тараз қаласындағы №49 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, 2004-2008 жылдар аралығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру мен оқыту әдістемесі» бөлімінің «Бастауыш сыныптар мұғалімі» мамандығының күндізгі бөлімін тәмамдаған. 2008-2011 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бойынша жоғары білім алып, 2011-2013 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесін алады.Өз таңдаған мамандығы бойынша ізденіске ұмтылған қазақ қызын қанатының астына алып, білім нәрін құя білген Фатима Ниязбекқызы бүгінде дәл осы қос шәкіртінің аяулы анасындай ардақты жан.
Семинарға арнайы келіп жоғарыдағы оқу әдістемелік құралдың күнделікті балабақша сабақтарында пайдалану жолдары жайлы өз ойларын білдірген №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешілері Тажикенова Алмагүл Сейфоллақызы мен Дарбаева Аида Бауыржанқызы тәрбиешілерге түсінікті, барлығы қамтылған әдістемелік құралдарды күнделікті оқыту барысында пайдалана алатындықтарын жеткізді.
Cеминарға ұйытқы болған білікті педагогтар ұжымы қалыптасқан іргелі білім ошағының қос тәрбиешісі «Жұлдыздар» ортаңғы тобының тәрбиешісі Нуркеева Шайзат Жетписбаевна , Мұрат Айгерім «Жануарлар достығы» жайлы драмалық қойылым көрсетті. Мектепалды «Балбөбек» даярлық тобының тәрбиешісі Болбас Татьяна Алексеевна, Гриценко Надежда Ивановна «Саңырауқұлақ» ертегісін сахналап жиналған көптің көңілінен шықты. Бұл екі сабақта жазылған авторлық жұмыстардың практика жүзіндегі жетістігін айқындады.
Басқосуға келген қонақтар арасынан №35,№ 52 балабақшалардың әдіскерлері өз ойларын білдіріп, өзінің авторлық жұмысымен таныстырып отырған Әсел Әділбайқызына және осындай басқосуды ұйымдастыра білген балабақшаның қос әдіскері Қуандықова Құралай Сапарқызы мен Алиманова Калия Ерсіркепқызына шынайы алғыстарын білдірді.
Өз саласын да, өмірлік шамшырағы білікті ұстазын да таба білген ізденімпаз әрі талапшыл басшы Әсел Әділбайқызына егемен елдің ұрпағына азық болар, ұлттық құндылықтарға бай әлі де талай оқу құралын жазар шабыт тілейміз. Балғындар ордасын бала жанын түсінер бағыбан басқарғанда ғана еңсесі түспесіне кәміл сенеміз.
Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы», Астана қаласы.