Home » Сценарийлер » Якупова Надира Абдумажитовна. «ҮЗДІК АСПАЗ 2018»  сайысы

Якупова Надира Абдумажитовна. «ҮЗДІК АСПАЗ 2018»  сайысы

Мақсаты: Студенттердің бойындағы білім мен аспаздық  өнерін ұштастырып, қабілетін шындау. Кәсібі білім биігінен көрінуге  талпындырып, осы сайыс арқылы Үздік аспазды анықтау.  Студенттердің өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін, және аспаздық қабілетін дамыту. Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс  жасауға  тәрбиелеу. Іздену және ойлау қабілетін, арнайы пәндерге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі № 2 аспаз тобында ұйымдастырылып отырған  «ҮЗДІК АСПАЗ 2018» сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз барлық уақытта өзінің қонақжайлығымен ерекшеленген. Сондықтан халықта «жер танимын десең – атың болсын, ел танимын десең – асың болсын» деген мақал бар. Біздің қыздарымызда – болашақ аналар, бір  үйдің асханасының иесі болып, қонақ күтетін жандар. Сондықтан бүгін біз олардың ас әзірлеу шеберлігін дамыту, дастарханның сәнін үйрету мақсатында осы сайысты  ұйымдастырып отырмыз.
Ал енді сайыстың шарттарымен таныстырайын.

  1. Шарт. Таныстыру (2-3 минут)
  2. Шарт. Аспаздық саласы бойынша сұрақ – жауап.
  3. Шарт. Тұшпара – манты жасау (5минут) әр топтан 2 қыз.
  4. Шарт. Бутерброд жасау (5 минут) әр топтан бір қыз.
  5. Шарт. Салат дайындау (10 минут ) әр топтан 2 қыз.
  6. Шарт. Үй тапсырмасы ретінде дайындап келген десертты ұсыну
    Жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі сайысқа қатысатын студенттермен таныстырамын. Бұл сайысқа аспаз тобының 25 студенті қатысады. Қыздар бес топқа бөлінген. Олар төмендегідей. (слайд көмегімен таныстырылады)
  7. Көкөністер тобының құрамы:
    Джауланова М, Анарханова О, Қурбантаева Г, Рахимжанова М        Абдиғаниева У.
  8. Жемістер тобының құрамы: Исраилова  Мухайё, Абдужалилова  Турсуной, Абдукадирова Турғуной, Сайдикаримова  Ирода, Худайбергенова Нодира.
    Дәрумендер тобының құрамы: Каримқулова Д, Ирсалиева Ш, Темиржанова Ф, Ирсдавлатова Н, Убайдуллаева Д.
    Жидектер тобының құрамы: Абдуропова Р, Нишанбаева У, Абдазимова Д, Юлдашова С, Мадикаримова З.
    Жанғақтар тобының құрамы:
    Ирисматова Д, Хожаназарова Х, Нишантаева М, Эргешова И, Нартаева М. лар сахна төріне шығады.
    Жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын қыздарға өзінің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы мен таныс болыңыздар.
    Бүкіл шарттар бойынша қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша қатысушыларды бағалайды.
    Топ басшылары жеребе таңдап, өз кезектерін анықтап алады.
    Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Көкөністер тобының басшысы Джавланова Мунисаны сахна төріне шақырамыз
    «Көкөністер»
    Мен көкөніс тобының топ басшысы Джавланова Муниса. Біздің тобымызда Абдуғаниева Умида, Анарханова Озода, Қурбантаева Гулчехра, Рахимжанова Мухлисалар осы сайыста өзінің он саусағыдан бал тамған өнерлерін сіздерге ұсынады.

Болса да ащы

Дәмді етер асты

Өседі ол жерде

Тығып алып басты дей тұрып Көкөністерге сипаттама беремін.

Қазақстанда көкөністер түрі өте көп және кең таралған. Оларға укроп, аскөк, қызанақ, қияр,орамжапырақ т. б кіреді. Көкөністердің негізгі қасиеті тағамға ерекше дәм береді, және өз кезеңінде витаминдерді өзінде қалыптастырады. Көбінесе көкөністерде А, В, Д, С, РР витаминдерін кездестіреміз. Адам оғзасында С витамині жетіспеген  жағдайда адамда Цинга ауруы келіп шығады,егерде РР витамині жетіспегенде Пелларо аүруы келіп шығуы мүмкін. Көкөністерді косметикада кең көлемде  пайдаланылады.
Сахароза (Қызылша қанты) – қант қызылшасында, глюкоза – жүзімде, жемістер мен көкөністерде, әселде кездесетін қант. Бұл өнімдер адам организміне өте пайдалы. Олар әртүрлі көкөністерде магний, кальций, калий, фосфор, темір, натрий элементтері көрінісінде болып келеді.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жемістер тобының басшысы Исраилова Мухайены сахна төріне шақырамыз
2 – топ «Жемістер»
Мен Жеміс тобының топ  басшысы  Исраилова  Мухайё. Тобымызда   Абдужалилова  Турсуной, Абдукадирова Турғуной, Сайдикаримова  Ирода,Худайбергенова Нодиралар қатысып аспадық өнерлерін көрсетеді.
Қазір мен тобымыздың аты жемістер болғандықтан жемістерге сипаттама беремін. Жемістер өте құнарлы тағамдық  өнім. Құрамында А,Б,В,С ,РР, дәрумендері  фруктоза,минералды  заттар,  клетчатка  болады. Негізгі  жеміс  дақылдарға  алма,өрік,алмұрт,шие,анар,шабдалы т.б  жемістер кіреді. Олардың құрамында көкөністерге қарағанда дәрумендер және қанты мол, әсіресе фруктоза көп, ал клечатка аз болады. Сонымен қатар олардың құрамында минералды заттар, органикалық қышқылдар, пектин, және илік заттары да кездеседі. Дәнді жемістердің ішіндегі кең тарағаны – алма. Жемістерді  ұзақ  уақыт  сақтау  үшін қақтайды, консервелейді. Жемістер: субтропик, тропик түрлерге бөлінеді. Цитрусты жемістердің құрамында қант, органикалық қышқылдар, эфир майлары және гликозиттер бар. С, Р дәрумендерге өте бай.  Ал анардың  құрамында  темір көп  сондықтан, анемия мен аурыған адамдар анарды көп қолдану керек. Ұзақ мерзімге сақталуға арналған алма немесе алмұрттың әр қайсысын жеке қағаздарға орап салады.  Дәнді жемістерде 0о С  температурада, 85-90% ауа ылғалдылығында  сақтайды.

Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Дәрумендер тобының басшысы Каримкулова Мунисаны сахна төріне шақырамыз

3-топ «Дәрумендер»

Бүгін достар келдім міне «Үздік аспаз» сайысына,

Он саусағынан бал тамған үздіктердің жарысына.

Қарсыласым сәлем бердім бәріңе.

Бас иемін сәлем беріп иіле!
Дәрумендер адам ағзасында өзінен өзі пайда болмайды.Олар тамақ арқылы бүкіл организмге тарайды. Дәрумендер латынның вита-ұзақ, амины- өмір  деген ұғымды білдіреді.Дәрумендер жетіспеген жағдайда (авитаминоз) адам организмінде зат алмасыну бұзылып, адам түрлі ауруларға шалдығу мүмкін.Дәрумендер құрамына қарай суда ерийтін және майда ерийтін болып бөлінеді.
Майда еритін дәрумендер (А,Д,Е,К)- жақсы сақталады, аспаздық өңдеугу, ауа, қышқылдарға, тазалауға, т.б заттардың әсеріне төзімді келеді.Витамин А-жұмыртқада,сәбізде, барлық қара малдардың бауырларында кездеседі.Ол витамин жетіспеген жағдайда «ақшам соқыр» ауруы пайда болады.
Д дәрумені балық, сары уыз, сары май, сырда кездеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда жас балаларда рахит ауруы пайда болады.
К дәрумені қанның уюына әсер етеді. Ол шпинат, бауыр, қырқбуын т.б азық-түлік тауарларының құрамында кездеседі. Е дәрумені әсіресе жармалар және өсімдік майлары да көп.
Суда еритін дәрумендер(С,Р,РР,В)-ұзақ сақтауға,аспаздық өңдеуге, жарық, ауа, қышқылдар т.б заттардың әсеріне төзімсіз келеді. Витамин С-цитрусты жидектерде, сарымсақ пен бас пияздың жасыл жапырағында көп кездеседі.Ол витамин жетіспеген жағдайда «цинка» ауруы пайда болады.
Витаминдер фармацияда капсула немесе таблетка түрінде кездеседі. Бірақ мен сіздерге ұсынарым табиғи дәрумендерге бай көкөніс және жемістерді көп қолданыңыздар.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жидектер тобының басшысы Нишанбаева Умиданы сахна төріне шақырамыз.
4 – топ «Жидектер»
Біз тобымыз атыны жидектер қойдық. Себебі  жидектер дәруменге бай және құрамында адам ағзасына  пайдалы дәрумендер көп. Оларды тосап қайнату үшін, дірілдек, тұздықтар, сироп, шарап дайындау үшін және кондитер өндірісінде пайдаланады. Жидектер  құрамында 10-25%  дейін глюкоза, фруктоза, С дәрумені  хош істері және илік заттары,  калий, калций сияқты  элементтерге бай.  Жидектердің химиялық құрамы мен пішіні,  көлемі,  түстері көп, оларға: таңқұрай, құлпынай, бүлдірген, жүзім т.б. кіреді. Біз жидектерді дастарханды сәндеу  үшін де пайдаланамыз.  Қара қарақатта С дәруменіне көп. Құлпынай қант темір,пектін және С дәруменіне бай. Жүзім- құрамында 10-25% пайызға дейін глюкоза мен фруктоза, С дәрумені, хош иісті және илік заттары, калий, калций,  темір сияқты элементтерге бай жидек. Әсіресе құрамындағы салицил қышқылы көптеген ауруларға  дауа. Сондықтан да біз сіздерге жидектерді көбірек пайдалануды ұсынамыз.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жанғақтар  тобының басшысы
Ирсматова Диянаны сахна төріне шақырамыз.
5 – топ «Жаңғақтар»
Біз тобымызға «Жаңғақтар» атауын беру себебіміз, жаңғақтың адам ағзасына тағамдық құндылығы өте жоғары. Бәрімізде жаңғақ  жегенді ұнатамыз. Жаңғақ біздің есте сақтау  қабілетімізді  арттыратын дәрумен, және калориялық ақуызға  бай.
Нағыз жанғақтарға орман жаңғағы және фундук жатады, ал грек жаңғағы, бадам, каштан, фисташка, бүршік жаңғақтары сүйекті түрлеріне жатады.
Жаңғақ құрамында май өте көп 40-70%, белок 15,5-22% минералды заттар 2-3%, А,С,В топтарының дәрумендері кездеседі. Жалпы жаңғақтарды кондитер тағамдарына, балмұздақтар құрамына қосады.
Жаңғақтар  келетчаткаларға бай және  асқазанның  перистальтикасына  жақсы әсер  етеді. Оларды бауыр  ауруларында, отеросклерозда  және кейбір  жүрек қан тамыр  ауруларында кең қолданады. Қыс мезгілінде  тыныс ауруларына жас  балалар көп шалдығады, сондықтан  жаңғақтан   жасалған дәрі өте пайдалы. 500 гр ұнтақталған грек жаңғағының  дәні  мен  30гр бал, 100гр алоэ және 4 лимонның шырының сығу  керек. Олардың барлығын  араластырып, беру керек. Жаңғақтар ағзаға  өте пайдалы дәрумен  болып есептеледі . Мен сіздерге  күні 1-2 рет жаңғақты  жеулеріңді кеңес беремін.
Жүргізуші: «Ал енді 2 ші шартымызды орындау үшін әр топтан бір қызды сахна төріне шақырамыз».
2. Шарт: Топ басшылары сұрақтар жазылған конвертті таңдайды. Сахна төрінде конвертті ашып сұрақтарға жауап береді.
1-конверттегі  сұрақтар.

  1. Картоп фринды қуыру әдісі?
  2. Жұмыртқаны не үшін алюминий ыдысқа жаруға болмайды?
  3. Тұшпараның піскенін қалай білеміз?
  4. Ет піскенде қанша пайызға кішірейеді?
  5. Құс еті қашан тұздалады?

 

2-конверттегі  сұрақтар.

  1. Духовкада құырылған етті әдемі қызарту үшін не жағылады?
  2. Тұзды болып кетген сорпаны қалай қалпына келтіреді?
  3. Балық қабыршағын тез тазалау әдісі?
  4. Духовкадағы пісірмелердің піскенін қалай тексеруге болады?
  5. Наурыз көжені құрайтын дәнді-дақылдарды айтыңыз?

 

3-конверттегі  сұрақтар.

  1. Қызанақтың қабынын тез аршу үшін не істейміз?
  2. Ас түзының тағамдық және емдік қасиеттері?
  3. Зайтун майының тағамдық және емдік қасиеттері?
  4. Бас пияздың тағамдық және емдік қасиеттері?
  5. Манка ботқасын пісіру үшін жарманы  сүтке қай уақытта салады?

 

4-конверттегі  сұрақтар.

  1. Шай мен кофенің емдік қасиеттері?
  2. Шұбаттың емдік қасиеттері?
  3. Сүтті ашымау үшін қалай пісіреді?
  4. Солыған аскөкті қалай өз қалпына келтіреді?
  5. Көкөністерді аршығанда саусақтар сарғаймау үшін не істеу керек?

 

5-конверттегі  сұрақтар.

  1. Разрыхлительді қамырға қосу әдісі?
  2. Духовкадан шыққан пісірмені табадан ажырату әдісі?
  3. Балықты дәмді құыру әдісі?
  4. Нандың қамырын илеу сырлары?
  5. Сүтті күріш ботқасын пісіру әдістері?
    Жүргізушы: Құрметті көрермендер! Енді үшінші шартымызды орындау үшін әр топтан 2 қатысушыны сахна төріне шақырамыз.
    3.Шарт: Әр топтан екі қатысушы шығып манты және тушпара буктейді. Оған  бес минут ажратылады. Берілген уақыт ішінде қатысушылар  тапсырманы жылдам, тез әрі  әдемі орындаулары қәжет.  Қыздар тапсырманы орындау уақтында әр топтың басшылары мақал – мәтелдер айтысып жарысады.

Мақал – мәтелдер

  1. Құлақтай нан жесең – ұлақтай кұш толар
  2. Дәні жоқтың – наны, наны жоқтың – жаны жоқ
  3. Нады жерден – сұра, аққан судан сұра, малды ерден сұра
  4. Аш отырғанша, айранға нан тұрап жеген жақсы
  5. Дәнді шашпа, нанды баспа
  6. Нан тамақтың – атасы, ынтымақ көптің – атасы
  7. Танғы асты тастама
  8. Дастырханның басында – дұшпанда дост
  9. Берген ас түске жетпейды, ниет етсең кетпейді
  10. Сыйлап берсе суын іш
  11. Тату үйдің тамағы тәтті
  12. Ас тұрған жерде, ауру турмайды
  13. Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды
  14. Аштың ақлы астан әрі аспайды
  15. Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды
  16. Дүнеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті
  17. Ас адамның – арқау

Қыз туралы мақал-мәтелдер

  1. Қызға 40 үйден тыю
  2. Қаздың 40 жаны бар
  3. Қыз сақтағанша, тұз сақта
  4. Қызым үйде – қылығы түзде
  5. Қызы бардың – көзі бар, ұлы бардың ізі бар
  6. Бір жас қыз, екі жаман ұлға татыйды
  7. Қыз өссе ұйге жут, ұл өссе ұйге құт
  8. Қой жүрген жер – береке, қыз жүрген – мереке
  9. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көрккі
  10. Бесін болса күн түрмас, күйеу келсе қыз тұрмас
  11. Бір қыс күйеуге шықса, 40 қыз түс көрер
  12. Отырған қыз орнын табар
  13. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды
  14. Ат тандасаң аяғына қара, қыз таңдасаң анасына қара
  15. Қызы бардың назы бар
  16. Қызы бар үйдің келіншегі де сүйкімді
  17. Қыздың сырыны женгесі біледі
  18. Қыз бен аласпа, қырсықпен жарыспа
  19. Жігіт қыз тандайды, қыз жігіт талғайды
  20. Қыздің көркі кийгені, жігіт көркі сүйгені
  21. Қыздың жолы жіңішке
  22. Қыз қылығымен тәтті.

 

Жүргізуші: Рахмет қыздар! Төртінші шартымыз бутерброд жасауға әр топтан бір қатысушыны сахнаға шақырамыз.

Бурерброд жасау шартына 5 минут ажратылады. Бутерброд сапасына қойылатын талаптар: тағамдық құндылығы, эстетикалық талаптарға жауап беруі, ұсыну ережелеріне  бағыну керек. Қыздар бутерброд жасап жатқанда №2 аспаз тобының биіші қызы   Қурбантаева Гулчехра орындауында ұлттық биі тамашалаңыздар.

Қазылар алқасы дайын болған бутербродтарды бағалап отырған уақытта залдағыларға аспаздыққа  арналған  жұмбақтарды жасырамын.
1.Екі жағы  бүртік
Ортасы сызық                                              (бидай)
2.Жерден шығар көгеріп

Беліне қылыш байланып.                            (жүгері)

3.Әуеден айнала ұшқан

Бөден екен

Бөденені біреу аттып жеген екен,

Еті арам сорпасы  адал

Немене екен                                                   (шәй)

4.Былық-былық, былық  семіз,

Қабырғасы жоқ семіз                                   (қамыр)

5.Сылдыр сұйық  анады

Ақ болса да қар емес

Шешуін кім табады                                       (сүт)

6.дегенде емен екен , емен екен ,

Мен көрсем емен жолы төмен екен ,

Білімді ақын болсаң мен айтайын ,

«құраннан» бір жас үлкен немене екен.       (нан)

7 Аппақ қардай,

Дәмі балдай                                                     (балмұздақ)

  1. дастарханға түспейді,

Қазанда піспейді ,

Дәмі аузынан кетпейді                                   (ана сүті )

  1. мың қойым суға жүзеді ,

Қойшысы бірге жүзеді                                    (көже мен шөміш )

10 . әрі сусын , әрі дәрі ,

Емге ішеді жас пен кәрі ,

Малдың суті , елдің құты

Деп бағалар жұрттың бәрі .                          (қымыз )

  1. қауын – қарбыз дей алмайсың ,

Піскен мен жей алмайсың ,

Жарғаның мен қап –қатты ,

Ал асқанда , тәп –тәтті .                              (асқабақ)

  1. алуан түрлі із салғанның өзі еді ,

Әр бір шардың өзіндік ұясы бар               (ас бұршақ )

  1. шиге жайып кептірген ,

Өзі қышқыл , түсі ақ ,

Сорсаң дәмді , түсі ақ ,

Жаңғақтай – ақ домалақ .                         (Құрт)

Жүргізуші:

Ал енді құрметті көрермендер 5-ші шартымыз – Салат  дайындау шартына 7 минут ажыратылады.Ажыратылған уақыт ішінде сахна төрінде қыздар  салат жасау өнерін презентация жасайды және  салатты көркемдік, сәндік безендіру қабілеттерін назарларыңызға ұсынады.

Сахнаға тағы да аспаз тобы  студенті  Қурбантаева Гулчехраны қатысушылар тапсырманы  орындау барысында көрермендердің назарына өзінің көркем биімен ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы, дайын болған салатты бағалап отырғанызға дейін мен көрермендерге аспаздыққа  арналған  жұмбақтарды жасырамын.

Ұрмай- соқпай жылатады ,

әр кім бірақ ұнатады                              (пияз)

Ақ отаудың есігіде жоқ

Тесігіде жоқ                                             (жұмыртқа)

алыстан қарасам аппақ ,

Татып қарасам тәтті – ақ .                     (қант)

Аласа ғана бойы бар ,

Тоғыз қабат тоны бар                            (сарымсақ)

Көк лағым көгенде тұрып семіреді      (қарбыз )

Сусыз піскен ас көрдім ,

Домаланған бас көрдім                          (қауын)

Ақ қиыршық еритін ,

Ас жоқ одан жеритін .                            (тұз)

Мұз сынды түрі

Тәтті дәмнің бірі                                     (науат)

Аспан түстес сұйық ,

Әр кім ішер құйып                                 (сұ)

Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр                (қызылша)

Әрі қызыл, әрі тәтті ,

Татқан жанды таңырқатты.                   (алма)

Қыста мазар

Жазда базар                                             (жүзім)

Ояғы тау , бұяғы тау ,

Ортасында бұжыр тау                            (жаңғақ)

 

Жүргізуші:

Келесі шартымыз 6-шарт бойынша қыздар сіздердің арнайы пән мұғалімдерің үйде дайындап келуге тапсырған үй тапсырмасы – «Десертті»  қазылар алқасына және көрермендердің назарына ұсыныңыздар. Десертті ұсыну мен бірге дайындалу ережелерін түсіндіріп кетіңіздер.

Бүгінгі сайысымыздың қорытынды нәтижесі шыққанша тағы бір керемет ән тыңдасақ. Осы әнімізді орындайтын, өнерін облыс таныған студентіміз Мирзанов Илхамдың «Жаса – Қазақстан!» әнімен ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы 5 номинация бойынша марапаттайты.

1.Үздік аспаз

2.Білікті аспаз

3.Ерке аспаз

4.Жас аспаз

5.Ерке аспаз

Жүргізуші: Ал құрметті колледж қауымы, осы сайымызды аяқтамас бұрын сіздерге айтарым:
Қыз -өмірдің қызғалдағы,қыздар-болашақ ана, бақыт-байлық ошағы, адамзаттың ойы-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиеттің ұясы.
Аңқау болма, қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп  кетпе жалынға
Гүлденіп жүр бұл өмірдің барына
Ата-бабаларымыз қыз баланы  жастайынан еркелетіп, бетінен қақпай, еркелеп қал, ертең бір үйдің иесі боласың,бар ауыртпалық өзіне түседі, соны қазірден санаңа түйе бер деп үйреткен. Қыз баланың үй жұмысына, тамақ істеуге, кісі күте білуге тәрбиелеген. Сондықтан қыздар, сендерге айтарым өтіп жатқан өмірлеріңнің уақытында сендерге сәттілік тілеймін, дей отырып бүгінгі сайысты өз мәресіне жеткіземіз.

Якупова Надира Абдумажитовна,
Д.Қонаев атындағы №25 колледждің арнайы пән оқытушысы,
ОҚО, Сайрам ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.