Home » Ашық сабақтар » Юсупова Жанаркүл

Юсупова Жанаркүл

Юсупова Жанаркүл,
Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылы
№213 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Мен-патриотпын!

Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
Барысы:
1. Психологиялық дайындық:
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Негізгі бөлім: -Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мынадай сөйлеген сөзінен үзінді келтіргім келіп тұр. Сен нағыз еліңнің ұлы болсаң, яғни бойыңда ұлттық намыс болса,сен сол ұлттық мемлекетіңнің көркейіп өркендеуіне өз үлесіңді қосуың керек.Осы егеменді елдің иесі де,жердің де, иесі де сендер.Сондықтан осы елімізді көркейтіп,оның жақсы биіктен көрінетін ел болатыны сендердің қолдарыңда.Олай болса,сол елімізді сіздер неге теңер едіңіздер.
1 топ Отаншыл
2 топ Намысшыл
3 топ Білімді
Ой шақыру.
Отан туралы бейне жазбадан үзінді көрсету. Отан деген не, кім қалай түсінеді? Отан дегенде көз алдарыңы не елестетеді?
Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Тәуелсіз мемлекет
Биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл? (25 жыл)
Біздің тәуелсіздік мерекемізді қай күні тойлаймыз? (16 желтоқсан)
Мемлекеттік тіл қандай тіл? (қазақ тілі)
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Нұрай: Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Рамазан:Оттай жайнап жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол-тынысы
Кең жазира даламның

Рауан: Бақытты болып жүргенім
Сенің арқаң ұлы Отан
Елім менің тірегім
Құшағында гүл атам
Қарақат:Шығысынан арайлы,
Күліп атқан құба таң
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға ұлы Отан

Мұхамеджан:Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен Отан
Ән:Атамекен:Абсаттар Мариям
Мағынаны таңдау:Үш топқа қағаз таратылып,берілген қағазға тірек сөздерді пайдаланып, эссе жазады.
Сұрақ-жауап:
Балалар,»патриот «деген сөзді қалай түсінесіңдер?
«Патриот » қандай болу керек деп ойлайсыздар?(Балалардың пікірлері тыңдалады)
«Жалғасын тап» ойыны: Ер жетіп, еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін

Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән «Туған жер».
«Туған жеріңе не бересің?»ойыны: әр оқушы өз ойын айтады(Әдемі үй салу)
Қорытынды:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі
Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері:Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз, Атазаңымыз бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.
Ән:»Шежірелі қыркеңсем»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.