2018 жылдың 13-наурызында Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілдері Қарағанды қаласындағы №27 мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қауымы , мамандармен, сонымен қатар ата-аналармен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты – «Мектепке бармаудың алдын алу, себептерін анықтау және оған әрекет ету үшін қолданыстағы механизмге шолу жасау және оны жетілдіру бойынша ҚР Білім жән ғылым министрлігіне қолдау көрсету үшін ҚР ЮНИСЕФ кеңес беруі» жобасы аясында ғылыми зерттеу жүргізу.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ өкілдері Виолетта Красникова, Наталья Яковец, Анель Кулахметова әкімшілік, мамандардың және ата-аналардың фокус-топтарында инклюзивті білім беру және үйде оқыту, мінез-құлықтарында қиындықтары бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектептің жалпы білім беретін кеңістігіне жұмылдыру мәселелері бойынша сауалнама жүргізді.
Кездесудің соңында мектеп мамандары қонақтарға мектеп бойынша саяхат жүргізіп, оларды мектептің арнайы кабинеттеріндегі жабдықтармен және олардың қызмет ету ерекшеліктерімен таныстырды.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы.
«Білім айнасы»