Home » Мақалалар » Эссе не үшін және кім үшін жазу керек?

Эссе не үшін және кім үшін жазу керек?

Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі.
Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс — шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі жасына қарамай заман ағымына ілесіп, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

PISA зерттеулері біздің оқушыларымыздың функционалдық сауаттылық деңгейі тұрғысында әлемнің дамыған елдеріндегі өз құрбыларынан артта қалғандарын көрсетіп берді. Осыған байланысты PISА — да табысқа жеткен елдердің ( Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея, т.б) тәжірибесін ескере отырып, отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемалары айқындалды:

1) Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;

2) Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдыларының жеткіліксіздігі;

3) Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану — ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Соңғы жылдары біздің елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістер қазіргі адамнан тек қана терең білімді емес, ерекше ойлау мүмкіндігін, күрделі өмірлік міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарау, сол немесе басқа жағдайда дәстүрлі емес етіп жасауды талап етеді.  Осыған байланысты мектепте оқу-тәрбие үрдісі жаңа әлеуеттік тапсырысқа – шығармашыл әлеуметтік-бейімделген тілдік тұлғаны қалыптастыру, оның түрлі қызмет салаларындағы шығармашылыққа қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған. «Шығармашыл ойлайтын адам өмірдің түрлі жағдайларына тез бейімделеді, пайда болған кез келген мәселелерге стандартты емес шешімдер табады, өз нәтижелерін нақты бағалай алады, әрі өз жолында қателіктерді жасай отыра, оны түзетуге тәуелді».  Білім берудің басты міндеті бүгінгі күні оқушылардың білім мөлшерін қанша игергенде емес, шығармашыл ойлау, өзіндік іздену біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты талдау және бағалау, шығармашылық қабілеттерін  өздігінен жүзеге асыру және таныту болып табылады.Жазбаша шығармашылық жұмыстар тілдік тұлғаның жеке – авторлық стилі, тұлға, өз ойын жазбаша жеткізу, өз мінезі, ішкі әлемінің қайталанбайтынын көресете алатын тұлғаны біртіндеп қалыптастыруға әкеледі. Алайда оқушылардың жазбаша жұмыстары жазба сөзін игерудің  төмен деңгейін көрсетті, бұл оқушылардың негізгі ойларын айта білмеуі, барлық мәтін негізінде шешім шығаруы,мәтінді құрылымды және логикалық дұрыс  ресімдемеуден көрінеді. Бірақ ең бастысы, мәтінмен жұмыс істегенде оқушылардың пайымдауларында шығармашылық аспект жоқ, бұл  мәселені сыни тұрғыдан бағалай алмауы мәселеге ерекше көзқарасын, сөйлеуге өзге тілдік құралдар (дәстүрліден басқа) және сөйлеу мүмкіндіктерін (стиль, тип және т.б.) қолдана білмеуінен анықталады.Эссе  жанры бүгінгі күні мектепке заманауи талаптар шегінде өзекті, олар  алдыңғы ұрпақтың істегендерін қайталамайтын, сыни және терең ойлайтын, дайын ұсынған дүниені қабылдай қоймайтын,  өнертапқыш, шығармашыл адамдарды дайындау тиіс. Оқушылар эссе жазу барысында өздерінше ішкі диалог (мақұлдау, дәлел және қолдау, болжау, жасырын аргументтер мен ішкі қарсылықты бағалайды) жүргізеді  және біріншісіне қарағанда, екінші көзқарас жақсырақ болғанымен, басқа адамдар бастапқымен келіспеуі мүмкін. Эссе – бұл әлеммен талас .Оқушылар  эссе шеңберінде басқа адамдардың дұрыс және лайықты деген ойларымен таласа және күмәндана алады, біреулердің көзқарасын дәлелдеу немесе керісінше олардың дұрыстығын қолдау үшін пікірталасқа түсе алады.
Сонымен, эссе  жанрын оқып-үйрету оқушылардың  коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, келесі жанрлық біліктерді қалыптастырады:  стандартты емес бағытты таңдау, көтерілетін мәселенің  кешендік жеке-авторлық түсіндірмесін беру, авторлық және  модалдық бағалаудың құралдары мен түрлі тілдік тәсілдерін пайдалану  және т.б. Эссе жанрын зерттеушілердің бірі Ольга Вайнштейн «Эссе не үшін және кім үшін жазу керек» эссесінде жанрдың негізгі мақсатын анықтады: «Бастысы – оқырманды ойлауға мәжбүр ету, оның таң қалуын, өзіндік ойын ояту және соңында өз болмысын көрсету қажеттігін ояту». Эссе  жанрын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану -заманауи білім берудің алдында тұрған міндеттердің бірі. Эссе  балалардың бойында шығармашыл жеке тұлға қасиеттерін  дамытуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, эссе жанры шығармашылық бостандықты болжайды, әлемнің сұлулығын суреттеуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға , өздігінен  «өмір сүру, ойлау, сұлулықты сезіну, ғажайыптар тудыру, жаңалықтар ашу» мүмкіндіктерін береді.

 Эссе жазуда  ұстанатын қадамдар:

1 қадам. Контексті анықтаңыз.

Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы — эссенің негізгі ойы.

2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Берілген тақарыптың  сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі сіз айтатын ойды сиғызу қажет.

3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.

5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

6 қадам. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керектігіне ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

7 қадам. Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойланыңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы…» немесе «Бұл эссе тақырыбы …» немесе «Қазір мен сізге …». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.

8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.

9 қадам. Қателерді тексеріңіз.

Мәтіндегі қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.

 

Г.Ж.Оспан., А.А. Камзина
Астана қаласы,
РФММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.