Home » Мен - новатор ұстазбын » Эссе. Мен жаңашыл ұстазбын

Эссе. Мен жаңашыл ұстазбын

Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады”

Конфуций

 Мен, II санатты ағылшын пәні мұғалімі 10 жылдан астам ұстаз қызметін атқарып келемін. 2000-2005 жылы Атырау қаласының Халел Досмухамедов атындагы Атырау Педогогикалық Университетінің “ағылшын тілі мұғалімі” мамандығы бойынша тамамдап, Атырау облысы Мақат ауданы “Бәйге- төбе бастауыш мектебіне” ағылшын тілі мұғалімі болып алғашқы еңбек жолымды бастадым. 2009 жылдың тамызынан бастап Атырау қаласының 14 П.Чехов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі болып орналастым. Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Сол мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдадым. Сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. “ Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы” демекші өзімнің ұстазым МАРДАНОВА ГҮЛБАРШЫН апайым себепші болды деп ойлаймын. Бүгінгі таңда талпынысқа толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ұстаздың бірімін. Алға үмітпен талпынған жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім. Мұғалім- өткен тәжірибесін жаңамен ұштастырып, кәсіби қызығушылығын жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын адам. Менің мақсатым — оқушыларға тілді ғана үйрету емес, халқымның салт-дәстүрін ұғындыру, әр шәкірттің жүрегіне ізгілік пен мейірім шапағатын себу. Ұстаз — болу қиындығына қарамастан болашаққа нық сеніммен ұстаздық қызмет жолымды бастап кеттім.

Оқушыларды -сапалы білімге, еңбексүйгіштікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз екенімді көрсетіп жүрмін. Өз сабағымда мына бағыттармен жұмыс жасаймын. Топпен, жеке, сын тургысынан ойлау, диалог арқылы оқытуды кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір- біріне құрметпен қарап көмектесуге топ ішінде өзін көшбасшы ретінде санап, өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, өз- өзін әділ бағалауға төселеді. Оқыту тәрбие барысында жаңа әдіс тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, оқушылардың білім деңгейін, қабілетін саралай білу, баланың жеке тұлғалық дамуына дұрыс бағыт- бағдар беріп отырамын. Сабақта тақырып айтып, оны талдап, озім бағалап қорытындысын өзім жасап отырамын.

Ендеше жаңа өткізілген сағымның бірін баяндап берейін. 5 сынып тақырыбы “Seasons”.  Жаңа сабақты бастамас бұрын балаларды түстер бойынша  топқа бөліп отырғызамын. Ар бала орнын тауып отырғасын үй тапсырмасын бастаймыз.

Ұстаз болу — бақыт әрі абырой. Жанашыл ұстаз- жарқын, жан-жақты болады. Ұстаз — атана білу, оны қәдір тұту, қастерлеу — әр мұгалімнін борышы. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Бір емес бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Жыл мезгілдерін, ай аттарын, ауа- райын түсіндіргесін жеке, жұпқа, топқа жұмыс істеп жауап берулеріне уақыт бердім. Егер жеке- жеке түсінгендерін сұрасам мүмкін бірі жауап берер, бірі бермес. Ал топта жұмыс істесе диалогтық қарым- қатынасқа түсіп бірінің білмегенін бірі толықтырып, білмегенін біліп алуға мүмкіндік болады.

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жетелейді.  “Ұстазы жақының, ұстамы жақсы” демекші шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Бүгінгі ұстаз- шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, дүниежүзілік білім шыңына шығуға, бәсеке дағдайына өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Ұстаз- сөзінінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі: белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы. Екіншісі: жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.

Ұстаздың қадір- қасиеті құрметке бөлену үшін қоргаған орта мен әр бір шәкіртіне асқан сезімталдылықпен, жауапкершілікпен қарым- қатынас жасауында.

Заман күннен күнге дамып өркендеуде. XXI ғасыр талабына сай лайықты, шығармашылыққа жаны құмар, дарынды, сауатты да саналы жеке тұлға қалыптастыру біздің міндетіміз. Әрқашан еңбегіміз жанып, талапты, талантты шәкірттеріміз көп болсын. Ендеше егемен елімізге ой өрісі жоғары дамыған, білімді,  жан- жақты, парасатты ұрпақты оқытып, тәрбиелеп шығарайық.

 

Бохманова Алмагүл Бағытжанқызы
Атырау қаласы
14 А.П.Чехов  атындағы орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.