Мақсаты: Балалардың жазушы Қадыр Мырза Әлі туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту. Өз беттерімен ізденушілікке дағдыландыру.
Қадыр ата өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білуге дағдыландыру.
Сөздік қорларын молайту.
Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі: проектор, слайд, кітаптар көрмесі, портрет, нақыл сөздер
Әдісі: сұрақ-жауап, ой толғаныс
Кіріктірілген: сурет, құрастыру, көркем әдебиет, экология негіздері
Барысы: Музыка ойнап тұрады.
Өлең жолдарын оқу (Қ. Мырза Әлі)
Биік, биік самғаған
Сұңқар болғым келеді.
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді.
Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген
Кім бар бірақ ажалға күйінбеген?
Есті жырлар бітуге тисті ғой
Есте қалар әдемі түйінменен.
Шаттық шеңбері
Күлімде, күн, күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ.
Тәрбиеші:
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы байқуатты , түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгі ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ –мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы- Мәңгілік ел», — деді.
Осы Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру мақсатында біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларға Қадыр Мырза Әлі шығармаларын үйрету жолдарында Қадыртану ұйымдастырылды
Слайд көрсету. ( Қ. Мырза Әлі суреттері, шығармалары)
Шығармалары:
1. Туған жер, Отан, ел, ауыл туралы
2.Адамның жақсы, жаман қасиеттері
3.Балаларға арналған өлеңдері
4. Табиғат, экология жайында
5. Афоризмдер
6. Жұмбақтар т.б.
Балаларды үш орталыққа бөлу, тапсырма беру
1-топ. Мәңгілік ел (жапсыру- бәйтерек, гүл, күн, бұлт, шөп)
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2- топ. Қадыр тану (құрастыру- жайлау, домбыра)
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
3- топ. Құм терапиясы (экология- құм, түрлі-түсті күріш )
Табиғатты ұқсатып мәпелейік
Барды сақтап, мәртебе әперейік
Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге
Жалғастырсын күш қосып күшімізге
Табиғатты қорғайық, аянбайық!
Билигвальды компонент
Отан- Родина, таулар – горы, табиғат- природа,
ағаштар- деревья, гүл- цветы, бұлт-облоко,
Жұмыс арасында нақыл сөздер
Жұмбақ жасыру (Қ. Мырза Әлі)
Адамзатты сүю
Ұлтты сүюден басталады.
Халықпен ойнама:
Халық-терең: батырады.
Халық-дауыл: жапырады.
Жылы жер – қарды
Жылы сөз- жарды ерітеді.
Еңбек – сау адамның шипасы.
Жұмбақтары:
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді. (Ер-тоқым)
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
Мың найзалы жалғыз батыр,
Жауларына алғызбай тұр. (Кірпі)
Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманымды отап кетті. (Балта)
Сергіту сәті
Ағылшын тілінде
Балалар жұмыстарын аяқтап, қорғайды
1- Самира
Мәңгілік Отаным бар бақыттымын,
Бабалар арман еткен шаттық күнін.
Өткенін бағаласын жас ұрпағым
Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын.
2-бала Кәмшат
Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар,
Әлем білген кең байтақ жеріміз бар.
Батырларым білегімен қорғап өткен,
Тұлпарлардың тұяғының іздері бар.
3-бала Айсулу
«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,
Болашағы айқын болар сара жолда.
Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай,
«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда.
2-топ Айзере
О, далам, менің байтағым,
Далам деп өлең айтамын.
Ұлың боп ойлап барам да,
Құлын боп ойнап қайтамын.
О, далам, менің байтағым,
Далам деп өлең айтамын.
Солған Ай болып барам да,
Толған Ай болып қайтамын.
3-топ Назира
Табиғатты ұқсатып мәпелейік
Барды сақтап, мәртебе әперейік.
Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге,
Жалғастырсын күш қосып күшімізге
Табиғатты қорғайық, аянбайық!
Мадияр
Табиғатым — тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Балалардың жұмыстарын бағалау, мақтау
Қорыту.
Мнемокесте «Не үшін?» (Қ. Мырза Әлі)
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.
Ән «Атамекен» (Қ. Мырза Әлі)
Эльмира Жаканаеава,
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы