Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » Электронды – есептеуіш кешен «SmartLife» ақпараттық ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Электронды – есептеуіш кешен «SmartLife» ақпараттық ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Негізінен бұл жоба Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес жасалған болатын. Жобаның негізгі ерекшелігі — мүмкіндігі шектеулі жандардың қоршаған ортаға тезірек әрі ыңғайлы бейімделуіне барлық жағдай жасау. Бұл жобаның тағы да бір ерекшелігі- қазіргі таңдағы қолданыстағы бағдарламалардан әлдеқайда қолжетімді болып табылады. Бұл жоба бағдарламалық түрде және апараттық түрде, яғни Астанада көрсеткен макет түрінде бар. Болашақта бұл жобаны әрі қарай дамытып, потенттеп, өндіріске ұсынғымыз келіп отыр. 

Жаңалығы: Білім беру мекемелерінің ақпараттық ортасы үшін оңтайландырылған шаралардың ашық жүйесін қолдана отырып іске асырылған бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету кешенін басқаруды автоматтандырудағы технологиялық жаңалықтардың бірлестігі.
Мақсаты:   Білім беру мекемелерінің ақпараттық ортасын басқару моделінінің автоматтандырылуын іске асырылатын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету кешенін өңдеу және ендіру.
Сипаттамасы: «Тасымалданатын электроника» концепциясының пайда болуы бірқатар технологиялардың дамуымен байланысты. Бірінші кезекте ол өзінің жетістіктерімен жоғары дәрежеде тасымалданатын құрылғылар үшін шағын мөлшерлерді қамтамасыз етіп және қолданудың жаңа саласы мен сервистік функциялардың пайда болуы, электрондық компоненттердің миниатюризациясы мен интеграциясына міндетті. Дәл осындай инновациялық көзқарастар туралы ҚР Президентінің Қазақстан халқының жолдауында айтылған, № 832 Қаулыснда «Сауаттылық қызметін дамыту жөнінде» 25.06.2012 ж., ж.33, сонымен қатар білім берудің Ұлттық доктринасында, Үкімет жарлығында “Кедергісіз аймақ жөнінде”. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ақылды киімнің интеллектуалды жүйесін жасау, жасанды интеллект жүйелерінде өңдеу технологияларына негізделген процесстерді автоматизациялау тақырыбына арналған. Құрылғыны таңдау кезінде біз  Arduino, және мобильді қосымшаларды жасау үшін AppInventor мен бағдарламау тілдері Arduino IDE (C++) — ға тоқталдық.
Жобада сервер мен клиенттің ролін атқаратын бірнеше құрылғылармен клиент-серверлік технология іске асырылған. Қосымша – сервер Windows/Linux  ОЖ басқарылуымен станционарлық немесе мобильдік компьютерде орындалатын FTP-серверге жұмыс үстел экранының суретін жүктеу үшін толассыз процесс қолданады, сонымен қатар ООП-тың  желілік Indy компоненттерінің көмегімен параметрлерді қабылдайды және жібереді, клиенттің жағында орындалатын әртүрлі манипуляторлардың іс — әрекеті туралы, компьютерлер арасында деректермен алмасу үшін файлдық жүйелердің параметрлерін жібереді, және де лог іс-әрекеттер жасайды. Қосымшада DsPack тізімінің негізінде компьютерлік көру модулі іске асырылған, сервер орнатылған ғимараттың ішкі жағдайын талдауға мүмкіндік беретін, және жағдайға байланысты электрониканы басқару үшін клиенттің жағына деректерді жіберу туралы шешім қабылданады. Жергілікті желідегі клиент келесілерді іске асыратын қосымша ретінде беріледі: файлдармен алмасу, параметрлерді жіберу арқылы серверді қашықтықтан басқару, сервер жақтан деректерді қаьылдау, сонымен қоса экранның және камераның суретін де, FTP сервердан деректерді жүктеу жолымен кадрларды салыстыру нәтежиелері және сымсыз Bluetooth байланысты қолдана отырып COM-каналы бойынша қабылданған параметрлерді Arduino – ға жіберу. (1 сурет) берілген жұмыстың аясындағы модель – соңғы құрылғылар мен есептеуіш техниканың байланысын іске асыратын atmega168 микроконтроллерлердің аппараттық бөлігімен жабдықталған ғимарат.

 Әлеуметтік-тәжірибелік мағынасы:

  1. Берілген зерттеу жұмысы бірден бір қызық тақырыптардың біреуіне арналған – жасанды интеллект жүйелеріне.
  2. Автоматизациялау құрылғылары мен бағдарламаларды қамтамасыз етуді отандық кешендерге енгізу және зерттеу жұмыстарына дағдылану.
  3. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бейімділігін көтеру үшін шаралар кешенінің интеграциясының арқасында, электрондық құрылғылардың технико-эксплуатациялық сипаттамаларының жақсаруы.

 Қорытынды:
        Бұл жұмыста жобалаудың, іске асырудың және автоматтандырылған жүйелерді  қолдаудың сан түрлі аспекттері зерттелген, автоматтандырылған жүйелердің мүмкіндіктері және оларды жобалаумен іске асырудың тәсілдері қарастырылған.
Arduino платформасында жобаның аппараттық құрылымы іске асырылған және білім беру мекемесінің тапсырмалар кешенінің шешімін қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз ету жасалынды, негізінде құрылғылар кешені мен бағдарламаны қамтамасыз ету жатқан, біз автоматтандырудың ( әкімшілендіру, мониторинг, басқару) сұрақтарын шештік деп есептейміз.

  1. Электронды-есептеуіш кешенді өңдеу мен енгізу процессінде басқаруды автоматтандырудағы технологиялық жаңалықтардың бірлестігі.
  2. Электронды құрылғылардың технико-эксплуатациялық сипаттамаларының жақсаруы, ҚР Үкімет “Кедергісіз аймақ жөнінде” қаулысына сәйкес, эксплуатациялау мүмкіндіктерінің жеңілдеуінің арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделуін көтеру үшін экономикалық өзіндік құнының төмендеуі.

Зерттеу кезінде келесі нәтежие алынды – тәжірибелер жүргізу үшін оқу кешені(автоматизация мен мониторингтің негізгі принциптарын көрсететін) жасалынды, білім беру мекемелерінің енгізу және деректерді талдау. Жоба көптеген тыңдаушыларға көрсетілді. Жақсы пікірлер, және көрсетілген ғылыми- зерттеу жұмысына рецензия алынды.

Жоба НЗМ арасында Желілік Республикалық турнирда  2 – ші дәрежелі Диплом алды, RoboLand-2016 халықаралық олимпиадада 1 орын алды.

 Абылай хан Әділбек
Назарбаев зияткерлік мектебі
Қостанай қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.