Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік мәселелерінің ең маңыздысы. Адамзат баласының өз ұрпағын мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Білім, тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану инновация деп аталады.
Инновация – жаңалыққа талпыну. Балабақшаларда сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.
Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Технология — грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Білім беру саласындағы «технология» үғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі. Педагогикалық технология – оқыту мен тәрбие құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев).
Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибеде жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько)
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар (Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі.
«Инновация» термині педагогикада қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Югославияның педагог-ғалымы К.Ангеловский педагогикалык инновация мәселесін терең түрде зерттеген. Ол инновация терминінің экономика немесе техника ғылымдарынан педагогика саласына келген дейді де, «кейбір педагогтер инновация терминінің орнына реформа, жаңаландыру, жетілдіру, оптимизация, оқыту модернизациясы ұғымдарын пайдаланады» — деп көрсетеді.
Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
— алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
— тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену
2-кезең – меңгеру
3-кезең – өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру
Енді инновациялық технологиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылатын кейбіреуіне тереңірек тоқталайық. А.С.Макаренко айтқандай, «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, өскен соң жұмыста да көбінесі сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтер ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үдерісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады. Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті тәрбиеші – педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады. №5 «Қуаныш» бала бақшасында электрондық әдістемелік құралдар ойын іс- әрекетінде, сабақтарда, вариативтік компоненте пайдаланады. Электрондық әдістемелік құралдар олар: «Дана қалам», «Электронды киіз үй», «Ақылды қоян»Мақсаты: Жаңа электронды құралдардың көмегімен балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып , тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтып, ана тілдерінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Тәрбиеші үшін бала жазылмаған қағаз секілді таза, пәк. Бала бақшадағы оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу іс- әрекетінде қолдана алатын тәрбиеші баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады.
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы.
- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, 2014 ж.
- «Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің біліктілігін арттыру: балаларды ерте жастан дамытуды ұйымдастырудағы отандық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, Алматы, 2014 ж.;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. Астана, 2013 ж.
- Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану маңыздылығы. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз. ТарМУ.2003.
- Международная конференция «Проблемы непрерывного техниче
ского и профессионального образования в начале XXI века»: Сб. научных докладов и тезисов / Под ред. Т.Ю. Ламакиной. — М.: ИТОП РАО, МЦОС
Муратхан Гулдаурен,
№5 «Қуаныш» балабақшасының
ортаңғы топ тәрбиешісі