Home » Айтарым бар » «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТФОЛИО ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР ЖАСАУ» СЕМИНАРЫ

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТФОЛИО ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР ЖАСАУ» СЕМИНАРЫ

2019 жылдың 22 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның сертификатталған тренері Л.С. Моргунова жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналған «Электрондық портфолио және оқу құралдарын құру» тақырыбы бойынша облыстық практикалық семинар ұйымдастырып өткізді.

Семинардың мақсаты мұғалімдерді электрондық портфолио және оқу құралдарын жасауға үйрету болды.  Семинардың міндеттері мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің деңгейін арттыру, педагогтердің ЦОР құрудағы дағдыларын жетілдіру, TurboSite, AutoPlay Media Studio бағдарламаларын оқыту болды.

Семинар жұмысына облыстың 52 педагогы қатысты. Мұғалімдер заманауи мұғалімнің жұмысына қажетті жаңа білім мен дағдыларды алды.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.