Биылғы жылғы каникул мен үшін естен кетпес күндердің біріне айналды. Сынып сағаттарында Ақзира апайымыз биыл «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетінін айтып көтеген маліметтер берген болатын. Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтетінін. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп тамашалайтынын айтты. Мен де сол көрмені көруге асықтым. Естіген бөлек ,көрген бөлек екен. Мен тәтеммен бірге Астана қаласына 20 шілдеде Экспо-2017 көрмесін тамашалауға бардық. Көптеген шет ел адамдарымен суретке түсіп, сол елдің көрмеге әкелген сыйлықтарына ие болдым. Үлкен алып шар ішін аралап таңқалдым. Алып шар ішіне кірген кезде ертегілер әлемінің ішіне тап болғандай сезіндім. Ең жоғарғы қабатындағы шыныдан жасалған көпірдің үстімен жүрдім. Өте кызық қалай жасаған деп таңқалдым. Үлкен адамдар да шаққа өтіп жатыр.
Күліп маз болдым. Алып шар ішінде КҮН, ЖЕР, СУ, АСПАН әлемін тамашалап таң қалдым. Бір күнде аралау мүмкін емес екенін білдім. EXPO — 2017 көрмесі негізінде “Болашақ энергиясы” тақырыбында өтіп жатқанын айқындап тұр. Әр елдің ғылымын, техникасын, мәдениетін көрсетіп жатыр. Кей түсінбеген сұрақтарымызға қызмет көрсетіп тұрған апайлар мен ағайлар түсіндіріп айтып берді. Алып шар ішін аралап болған соң сыртағы павилиондарды араладым. ЭКСПО -2017 көрмесін сөз айтып жеткізу мүмкін емес. Негізгі ой түйгенім: «ЭКСПО 2107- Қазақстанның болашағы» -деп бір сөзбен жеткізе аламын.
Қанатова Нұрлыгүл Хабитқызы,
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
«1 мектеп- гимназиясы»КММ
3 сынып оқушысы