Бүгін «Экспо-2017» аумағындағы Испания Корольдігінің павильонында Испан тілінің күні өтті. Іс-шара кезінде қалаған адам испан тілінің сабағына қатысып, испан әдебиеті туралы дәрісті тыңдап, сондай-ақ испандық музыкалық дуэттің өнерін тамашалай алды. Іс-шара Сервантес институтының (ары қарай – Институт) қолдауымен ұйымдастырылды. Бүкіл әлемде кең таралған үшінші тіл (қытай және хиндиден кейінгі) саналатын және де роман тілдері ішінде ең танымал тіл болып табылады..
«Испан тілінде ғаламшарымыздағы 500 млн. аса адам тілдеседі. Осы тілді білу кез келген салада қажетке жарайды. Испан тілін білетін адам Ривьера Майя немесе Галапагосс аралдары сынды испан тілінде сөйлейтін көрікті елдерге еркін саяхат жасап, тілдесу жағынан еш қиындық сезінбейтін болады», — дейді Мәскеудегі Сервантес институтының директоры Абель Мурсия.
Мурсия мырза атап өткендей, Институт қызметі бүкіл әлем бойынша испан тілі мен мәдениетін таратуға бағытталған.
«Сервантес институты испан тілін үйрететін бетке ұстар мекеме болып табылады. Біздің қызметкерлеріміз испан тілін кеңінен насихаттау үшін бүкіл жанын салып еңбек етуде», — деп қосты ол.
Институт өкілдері испан тілі білімін растайтын ресми құжатты қалай алуға болатындығы жайлы арнайы сессия өткізді. Қалаған адам өзінің тіл деңгейін тексеріп, DELE испан тілінің дипломы және Испан тілін меңгеру деңгейін бағалайтын SIELE халықаралық сервисінің электрондық сертификаты сынды бүкіл әлем бойынша мойындалған дипломдарды алу үшін емтихандарды қалай тапсыру қажет екендігі жөнінде ақпарат алды.
Сондай-ақ, Испан тілінің күнінде әдебиет те әңгімеге арқау болды. Институттың мәдениет бөлімінің жетекшісі Татьяна Пигарёва Мигель Сервантестің «Ламанчтық айлакер идальго Дон Кихот» романының бас кейіпкерінің қазіргі замандағы интерпретациясы жайлы дәріс оқыды.
«20 ғасырда Дон Кихоттың бейнесі өз ісіңе нық сеніммен қарау идеясымен тығыз ұштасты. Біздің қазіргі заманымызда Дон Кихот бүгінгі өркениеттің бас бейнесіне айналып отыр. Егер адам өз ісіне сенсе, ол біздің өмірдегі қандай қиыншылық болмасын, әлбетте, жеңе алады деген ой жатыр. Испания павильонының тақырыбы климатты жандандыруға, экологиялық көзқарастың жеңісіне арналған. Ал бұл нағыз «дон кихоттық» мақсат деуге болады! Әлемді жұтатқан техногендік өркениетте қалай жеңіске жетуге болады? Адамзат тірі ғаламшарда өмір сүруі қажет деген «дон кихоттық» сенім ғана адамдардың экология мен энергияға қатысты көзқарасын өзгерте алады», — деп атап өтті өз сөзінде Пигарёва ханым.
Сондай-ақ, іс-шара кезінде Испанияның мәдени және туристік мұрасы бейнеленген интерактивтік карта (90 шаршы метрлік) таныстырылды. Картаны 29-31 тамыз күндері сағат 10:00-ден бастап 19:00-ге дейінгі аралықта Испания Корольдігінің павильонында көруге болады.
Күннің соңында испандық музыканттар — сазгер әрі әнші Мария Арналь (Барселона) және гитарашы Марсель Бажес (Таррагона) өнер көрсетті. Концерт кезінде дуэттің «Қырық бес бас және бір жүрек» атты альбомына (2017 ж.) енген жаңа әндері орындалды. Испандық баспасөз беттерінде «2016 жылдың басты музыкалық жаңалығы» деп аталған бұл дуэт музыка саласындағы Барселона жүлдесімен марапатталған, «Verbena» атты альбомы жылдың ең үздік әні деп танылған.
Анықтама:
Сервантес институты – испан тілін оқыту, испандық және латынамерикалық мәдениетті тарату мақсатында 1991 жылы Испанияда құрылған мемлекеттік мекеме. Бас орталығы Мадридте және жазушы Мигель Сервантестің туған қаласы Алькала-де-Энаресте (Мадрид) орналасқан. Төрт құрлықта 40-тан аса орталығы қызмет жасайды. Институт келесі қызметтермен айналысады:
- Испан тілін шет тілі ретінде меңгергенін растайтын дипломды (DELE) алу үшін емтихандарды ұйымдастыру, біздің курс студенттеріне куәліктер мен ресми дипломдарды беру;
- Испан тілі курстарын ұйымдастыру;
- Испан тілі мұғалімдерін даярлауға арналған курстарды ұйымдастыру;
- Испаншылардың қызметін қолдау;
- Басқа мекемелермен ынтымақтаса отырып мәдени іс-шараларды өткізу.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Махаббат Садвакасова
+ 7 777 001 21 07