Home » Жаңалықтар » «ЭКСПО-2017» – инновациялық дамудың серпіні

«ЭКСПО-2017» – инновациялық дамудың серпіні

«ЭКСПО-2017» көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауысқа салу барысында көрменің Астанада  өтуіне 103 ел қолдау көрсетті. Бұл көрме елдің барлық өңірлері қатысатын ұлттық жоба болып табылады.« ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Қазіргі кездегі өзекті мәселелелердің бірі – адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып, энергия тұтынуды жоспарлап, бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Үстіміздегі жылдың 20-сәуір күні Шымкент қаласындағы №89 мектеп-лицей базасында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017: болашаққа қосар үлесіміз…» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға  облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Е. Ергашева, ОҚО әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы А.Панова, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе, қалалық кәсподақ ұйымының төрағасы Б. Жүзімбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Байғұтов қатысты.

Семинарда №89 мектеп-лицейдің және  Оңтүстіктің барлық өңірінен жиналған педагогтар мен оқушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тақырыбына сәйкес шығармашылық жұмыстары мен озық тәжірибесімен бөлісті.

Аудандық, қалалық білім ұйымдарының көрмесі және №89 мектеп-лицейдің тәжірибе алаңы келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Мектеп-лицейдің оқушылары ғылыми жобаны үш тілде қорғап, кез келген сұрақтарға мүдірмей жауап беруі –  теориялық сабақтардың практикамен ұштасып жатқанына дәлел болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  Шымқаланы гүлдендіруге 25000 дана петуния гүлін оқушылардың өз қолымен өсіріп, сыйға тартуы – мектеп-лицей оқушыларының рухани құндылығы жоғары азамат болып тәрбиеленіп жатқанын көрсетті. Оқушылардың физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жылжымалы зертханасымен бірлескен жұмыстары келген қонақтарды қатты қызықтырды.

Семинарда жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылып, ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.

№89 мектеп-лицей ұстаздары – П.Шыныбекова, Н.Чунетова, С.Усербаева, Э.Абылкасымова, Ж.Тилеуова, Ж.Маханова, Е.Альтаев, Ордабасы ауданынан: Қ.Ауғанбаева, Бәйдібек ауданынан: А.Тілеубекова, Кентау қаласынан: О.Бакилбеков, М.Нарымбетова, Н.Кибишева, Шымкент қаласынан: М.Ахмедова, Ж.Сапахова, Сайрам ауданынан: Д.Абдижалилова, Сарыағаш ауданынан: Б.Бишеева, А.Дәулекова, А.Тұрарбекова, А.Иманова, Н.Бекқұлов, Отырар ауданынан: К.Базарбаевалар ашық сабақтар өтіп, ОҚО білім басқармасының мадақтама қағазымен марапатталды.

Семинар барысында білікті, тәжірибелі ұстаздар озық тәжірибе таратты. Сайрам ауданынан К.Тілегенова, Ордабасы ауданынан Г.Отызбаева, Ж.Балаби, №89 мектеп-лицейден Ж.Ерубаева, Н.Қожбанова, Шымкент қаласынан М.Актуреева, П.Менликулова, Р.Машева, Мақтарал ауданынан А.Пратаев әріптестерін қызықтырған сұрақтар негізінде коучинг-сабақтар ұйымдастырып, жиын соңында марапатталды.

«ЭКСПО-2017: болашаққа қосар үлесіміз…» тақырыбында өткен облыстық семинар қатысушылары  2017-2018 оқу жылында №89 мектеп-лицей базасында «ХХІ ғасырдың үздік көшбасшы мектебі» бағытында Республикалық семинар ұйымдастыруды, мектеп-лицей ұжымының жұмыстарын Республика көлемінде таратуды ұсынды.

Семинардың қорытынды бөлімінде сөз алған азаматтар оқушылардың фукционалдық сауаттылығын дамытуда  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталды. Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Дуйсембекова семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған №89 мектеп-лицейдің директоры Атабаев Қасымбай Өмірбекұлына және мектеп ұжымына ерекше алғыс білдірді. Білікті басшы мен білімді ұстаздары бар, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжымның іргетасы берік, болашағы жарқын болатынына сенім білдірді.

Сулейменова Мейра Сапарбековна

Шымкент қаласы, №89 мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.