Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ЭКСПО-2017 – ЖАҢАЛЫҚТАР МИРИАДАСЫ

ЭКСПО-2017 – ЖАҢАЛЫҚТАР МИРИАДАСЫ

SMART  мақсаты:

  • үш тұғырлы тілді меңгерте отырып, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы алған ақпараттарын жүйелеу;
  • топшаларда жұмыс істеу арқылы ұжымдасу, бірлікпен жұмыс істеу;
  • көшбасшылық қабілетін қалыптастыру;
  • жаттығу жұмыстары арқылы ойлау, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамыту;
  • лексикалық тақырып аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әңгімелесу түрлеріне үйрену.

Табыс критерийлері: ұсынылған тақырыпты топта талқылай отырып, ұжымдық-ынтымақтастық жұмыс жасайды. Сұрақтарға жүйелі, нақты жауап беруге үйренеді. Шығармашылық қабілеттері шыңдалады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, «Кроссенс» әдісі, «Kahoot» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, стикерлер, ватман парақтары, теннис шаригі.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқытушылардың алғы сөзі.

  • Қайырлы күн, құрметті конақтар мен әріптестер!
  • Good morning dear guests, colleagues. We are glad to see you!

Добрый день, уважаемые гости, коллеги! Сегодня у нас необычный день. Мы будем говорить на трех языках.

Психологиялық ахуал туғызу. Бүгінгі жұмысты көңілді бастау үшін Сіздерге «Құбыр» тренингі. (Уақыт – 2 минут)

Ойынның мақсаты: командада жұмыс жасау, ұжымдық қабілетті дамыту

Ойын барысы: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әрбіреуі қолына түрлі-түсті А4 форматтағы қағаздары алып, біріне байланыстырып, құбыр жасайды. Жүргізуші құбыр арқылы теннис шаригін домалатып жібереді. Шарик өзіне оралуы қажет.

Топқа бөлу. Семинарға қатысушылар тренингте берілген түрлі-түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді. (Уақыт – 1  минут)

Сабақтың тақырыбын ашу үшін, назарларыңызға шағын видео ұсынамыз».

ІІ кезең Тақырыпқа ену — погружение в тему. ЭКСПО туралы видеоролик көрсетіледі. Топпен жұмыс (2 минут).
Осы роликтің мәтінінен негізгі 10 сөз теріледі. Осы сөздердің ішінен бір басты сөзді таңдау керек. Постердің шетіне 10 сөзді, ортасына таңдап алған басты сөзді жазады (5 минут)
Бүгінгі тақырыбымыз «ЭКСПО-2017-жаңалықтар мириадасы». Сабақтың мақсаты үш тілде талдап үйрену.
ІІІ кезең Пікірталас (10 минут).
IV кезең Жарнамалау. ЭКСПО көрмесіне өз тарапыңыздан сіздің жаңалығыңыз. Түрлі заттардан ерекше бір зат ойлап шығарып, соны жарнамалау.

V кезең «Кроссенс» әдісі бойынша тақтаға суреттер шығарып, тақтадағы суреттерді байланыстырып шағын әңгіме құру (7 минут).
VІ кезең «Kahoot» тестілеуі (5 минут).
V кезең   R- «Пантомимо»

 

Жабагинова М.Қ., Бекмағанбетова О.Қ., Сабырова А.Б.
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.