Home » Ашық сабақтар » «ЭКСПО-2017» — балалар көзімен

«ЭКСПО-2017» — балалар көзімен

Мақсаты: Балалардың Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру. Рәміздерді білуге үйретуді жалғастыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Сурет салу арқылы балалардың эстетикалық сезімін, шығармашылық қиялын дамыту. Табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бояулар, ақ плакат, сүрткіш, қылқалам.

Сөздік жұмыс: көрме, хат, Отан.

Билингвальді компонент: көрме – выставка, хат – письмо, Отан – Родина.

Тәрбие қызметінің барысы:

Балалар, далада күн жылы, біздің де жүрегіміз жылы. Ендеше, шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылы сөздер айтайықшы.

   Армысың, қайырымды Аспан Ата!

  Армысың, мейірімді Жер-Ана!

   Армысың, шұғылалы Алтын күн!

   Армысың, тәуелсіз елім менің!

— Жарайсыңдар, балалар.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Жаз мезгілі.

-Далада ауа-райы қандай?

-Жылы.

-Балалар, осы сендер жазда қандай ойын ойнағанды ұнатасыңдар?

«Күн мен түн» ойыны

(Осы кезде музыка әуені ойналады)

-Балалар бізге хат келді. Оқиықшы. (Хатты ашу)

-Балалар, елбасы бізге хат жазыпты. Сендерге оқып берейін.

«Құрметті №46 «Самал» санаториялық балабақшасының «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері! Биыл елордамыз Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Осы көрмеге шығармашылық жұмыстарыңды жіберіңдер. Сендердің шығармашылық жұмыстарыңды дүниежүзінен келген қонақтар көретін болады».

— Осы хатты арнайы бізге Қуат, Сәуле, Мөлдір әкеліп отыр.

-Балалар, сендер айтыңдаршы, біз тұратын мемлекет қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Ал астанамыз қалай аталады?

-Астана қаласы.

-Жарайсыңдар, балалар!

— Cәуле биыл Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болып қайтты.

-Балалар, сендер Отан, туған жер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

-Ендеше осы тақпақтарыңды қонақтарымызға тарту етейік.

Айнура:

Елінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Нұржан:

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Әмина:

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

— Балалар, біз көрмеге шығармашылық жұмыстарымызды жіберейік. Бүгін сурет салу оқу қызметімізде суреттер салайық. Сендерге сурет салған ұнай ма?

— Иә, ұнайды.

         «Сиқырлы бояулар»

Балалар, ендеше біз жұмысқа кірісейік. Жұмыс барысында бастыру және жапсыру, таңбалау әдісі қолданылады.

         Сергіту жаттығу

Музыка әуенімен, видеороликке қарай «Көңілді күн» сергіту жаттығуларын жасау.

         Қорытынды:

Балалардың жасаған жұмыстарына баға беру, көрме ұйымдастыру.

— Балалар, біз қандай жұмыс жасадық?

— ЭКСПО-ның эмблемасын салдық, боядық.

— Бұл шығармашылық жұмыстарды қайда жібереміз?

— ЭКСПО-2017 көрмесіне.

— Сәуле, Мөлдір, Қуат, сіздерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

— Иә, ұнады.

— Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгін өте керемет жұмыс жасадыңдар.

Мына майлы бояуға алақандарыңды батырып, жақсы тілектер айтып плакатқа алақан іздеріңді түсіріңдер.

Балалар алақан іздерімен шуағын шашып тұрған күн бейнесін жасайды.

(Жасаған жұмыстарын Сәулеге өткізеді. Оны Сәуле көрмеге алып кетеді).

Дахай Маралхан,

№ 46 «Самал» санаториялық балабақшасы,

тәрбиеші,

Астана қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.