2017 жылғы 15 наурызда сағат 15:00-де Астана қ. №15 мектеп-лицейінде (Сарыарқа даңғ., 48/1) «ЭКСПО-2017 арналған сабақтың (сабақтан тыс іс-шараның) үздік әдістемелік әзірлемесі» қалалық байқауының жүлдегерлері марапатталады.
Байқау 11 ақпан-10 наурыз аралығында орыс тілінде оқытатын мектептердің математика және физика пәндері ұстаздары арасында өткізілді.
Шығармашылық сайысты Астана қ. Білім басқармасы әдістемелік кабинеті және Білім қызметкерлерінің «Әділет» қалалық кәсіподағы ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- байқауға қатысушылардың баламалы қуат көздеріне, қалпына келетін қуат көздерін пайдалану бағытында жаңа зерттемелерге, ЭКСПО-2017 негізгі мәселелеріне қызығушылығын ояту;
- қала мектептеріндегі ұстаздардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру;
- оқу процесінде жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды қолдану әдістемелерін ендіру және кеңінен тарату;
Барлық жұмыстар төмендегі талаптар бойынша бағаланды:
- сабақ (сабақтан тыс іс-шараның) әдістемелік әзірлемесі мақсаттарының, міндеттерінің және мазмұнының байқаудың талаптарына сәйкес келуі;
- ұсынылған материалдың өзектілігі;
- сценарий (идея, материалды ұсыну сюжетінің бірегейлігі);
- байқау материалын рәсімдеуге және ұсынуға шығармашылық көзқарас таныту;
- оқу материалы мазмұнындағы, әдістеріндегі және ұйымдастыру үлгілеріндегі тәрбиелік әсердің қамтылуы;
- сабақ (сабақтан тыс іс-шара) уақытын пайдаланудың нәтижелігі және тиімділігі;
- жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялардың қолданылуы;
- қосымша материалдармен, бастапқы дерекқорлармен жұмыс жасау;
- жұмысты орындаудың сапасы (композиция, түстің қолданылуы, рәсімделуі).
Астана қаласында 10 маусым-10 қыркүйек аралығында әлемдегі ауқымды техникалық жетістіктердің ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Бұл индустрияландырудың және техникалық әрі технологиялық жетістіктерді паш ететін ашық алаңқайға айналмақ.
Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі