Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері Астана қаласында «ЭКСПО-ның жас елшілері» атты жазғы мектеп ашты. «Болашақ энергиясын» көруге Республикамыздың түкпір-түкпірінен жүз бала елордаға арнайы келді.
Астана қаласына дейінгі билеттер Зияткерлік мектептер оқушыларының арнайы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкелеріне түскен қаржысына алынды. Іс-шараның арқасында негізінен жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар ЭКСПО қабырғасында ұмытылмас демалыс өткізеді. Іс-шараның бас демеушісі Халық банкінің «Халық» қайырымдылық қоры. «Нұр Әлем» Қазақстанның бас экспозициясында, Қытай, Германия, Оңтүстік Корей, Ресей және басқа павильондарда ұсынылған болашақ энергиясы ЭКСПО-ның жас елшілеріне жаңа әлемнің ғаламдық бейнесін көрсететін болады. Балаларға елорданың бірнеше көрікті жерлерін аралату да жоспарлануда, атап айтқанда: Бәйтеректі, Астана Операны, «Думан» океанариумын, «Атамекен» этно-мемориалдық кешенін, Сәкен Сейфуллин мұражайын, «Жастар» театрын, Тұңғыш Президент кітапхана мұражайын, Қарулы күштер мұражайын аралау көзделуде. Сонымен қатар Нұрлы жол желекжолын серуендеп, Есіл өзенінде қайықпен жүзу қаралған. Халық банкінде оқушыларды теңгенің және отанымыздың қаржы нарығының пайда болу тарихымен таныстыру ұйымдастырылады.
Жазғы мектеп бағдарламасында топтық спорттық ойындар, ғылыми және шығармашылық жобаларды әзірлеу қарастырылған. Оқушылар бос уақыттарында Зияткерлік мектептер үшін дәстүрлі сабаққа айналған қыш қолөнері, әуе көлігін моделдеу, өнер-дизайны, драмалық өнермен шұғылданады. «Назарбаев Зияткердік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы мен Халық банкінің Астана қаласындағы филиалының директоры Жанар Рахымова салтанатты жиында сөз сөйлеп, ЭКСПО-ның жас елшілерін құттықтады.
Халық банкі әзірлеген «ЭКСПО-ның тартуын», яғни жаңа оқу жылына арналған оқу құралдары салынған рюкзакты алғашқы болып Семей өңірінен келген жазғы мектептің ең жас қатысушысы Таңшебер Амантай алды. «Балалар жаңа рюкзакпен «ЭКСПО-ның тартуын» алады, алайда олар үшін негізгі қазына – олардың алған әсері болады» — деп атап өтті Күләш Шәмшидинова.