Home » Жаңалықтар » Эксперимент алаңының жұмысы

Эксперимент алаңының жұмысы

«Ынталандыру — табысты оқытудың негізі»

                            2017 жылдың 29 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Алтынсарин ауданы Краснокардон орта мектебі негізінде эксперимент алаңының жұмысы барысында «Ынталандыру — табысты оқытудың негізі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарға филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: Дядечко В.Ю., Кобжасарова Ж.К., Байжанова Ш.А. Истомина Н.С.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, білім беру тәжірибесінде оқушылардың оқуға деген ынталарының төмендігі өзекті мәселе болып отыр. Балалар оқығысы келмейді және оқи алмайды. Сондықтан оқыту үрдісін қызықты, әрі нәтижелі қылу үшін оқушылардың ынтасын арттыру — педагогтердің ең  басты міндеті.

Семинар мақсаты — оқушылардың ынтасын арттыру әдістерінің заманауи түрлерімен педагогтерді таныстырып, білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге көмек беру.

Семинар түрлі тақырыптық бағыттағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлімде келесі сұрақтарды талқылау жүргізілді.

Директор орынбасарлары, сынып жетекшілері мектептің өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады. «Оқушы үні» технологиясымен танысты.

Оқу үрдісінде басты орынды сабақ, сабақты қалай құрастыру қажет, оның мақсатын қалай құру керек, оқушының пәнге деген қызығушылығының артуы мен сабақ барысында қабілеттерін жүзеге асыру қажеттігі жайында айтылды, сонымен қатар пән мұғалімдері арасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәнін оқыту ерекшеліктері туралы сөз қозғалды.

Қазіргі таңда рухани-адамгершілік тәрбие өзекті мәселеге айналып отыр. Оқушы білім құндылығын түсініп, еңбек етіп, өз шығармашылық қабілеттерін дамытқанда ғана ол өмірде табысқа  жетеді, оған өзін-өзі тану пәні көмектеседі. Алдымен тәрбиелеу, сосын оқыту! Бұл жайында бастауыш сынып мұғалімдері талқылау жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінде педагогтердің шығармашылық топтары түрлі педагогикалық бағыттағы оқушылардың ынтасын жақсарту бойынша ұсыныстарын  әзірледі.

Мектеп ұжымы міндеттерді шешу маңыздылығын түсініп, осы міндеттерді оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне айналдыруға бар күшін салуда. Сөзсіз, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары мен тренерлерінің Краснокардон орта мектебі педагогтерінің өзара тығыз байланысы оң нәтижесін беретініне сеніміміз мол. Барлығына да тығыз әріптестік пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Истомина Н.С., Кобжасарова Ж.К. – «Өрлеу» БАҰО» АҚ

филиалы ДБО тренерлері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.