Home » Мақалалар » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық кризистің қиын жағдайында тұр, оны жеңу үшін экологиялық  білім мен тәрбиенің маңызы зор.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, қоршаған ортаның ластануы – Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Қазақстанда Аралдың тартылу мәселесі су ресурстарын рационалды пайдалану арқылы, халықты таза сумен қамтамасыз ету, су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәселелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттық бағдарламалардың  бірігуіне әкеледі.

Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық мығынға әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік — мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің  бірі ерекше атап көрсетсек экологиялық қауіпсіздік бұл халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.  Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігі, соның ішінде табиғатты пайдалануға байланысты басқару құрылымының мамандары әр түрлі шаруашылық салаларының сферасындағы өндірістік жұмысшылар.

Экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған  жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.

Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі — қоғам мен экономика даму тұрақтылығының қамтамасыз ететін құралдардың бірі.

Тұрақты даму -принциптерінде экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың кұнарлығы, таза ауа, белгілі климат, озондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану сферасындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының сапасы маңызды деңгейде аңықталады, өйткені бұл шаруашылық салаларын тиімді жоғарғы технологияға ынталандыру кезінде болуы мүмкін.

ХХІ ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизімі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.

Экологиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына бағытталған:

  1. Табиғи ресурстарды үнемдеу;
  2. Қоршаған ортаның ластауын тоқтату;
  3. Табиғи экожүйені сақтау;
  4. Қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;
  5. Қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу толық дайындықты қалыптасытыру;
  6. ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асырумен және біріккен табиғатты қорғау әрікеттерін жүргізуі.

       Экологиялық білім беру – ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесімен қажеттілігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғарғы бағалауы, ақпаратты – экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы.

        Экологиялық білім дегеніміз —  үздіксіз оқу процессі, ғылыми және тәжірибелік білім мен іскерлік жүйесін қалыптасытыруға бағытталған, тұлғаның дамуымен тәрбиеленуі, соңымен қатар экологиялық өмір салтын қалыптастыру, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтыну, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібі және де құнділіқ бағдарлары болып табылады.

       Экологиялық білім жүйесі – ұйымдық формалардың іс-әрекетімен үздіксіз экологиялық білім жиынтығының міндеті мен мақсатын жүзеге асыру үшін жеткілікті, соның ішінде, экологиялық білім инфраструктурасы, басқару кадрлық қамту нормативті – құқықтық, ғылыми-методикалық және экономикалық реттеу.

     Экологиялық білім стратегиясы — экологиялық білім аймағындағы мемлекеттік саясат негізін құрайтын және адам өмірінің салтын  экологизациялау, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайтын, экологиялық мәдениетті қалыптастыру «адам-табиғат»,  «қоғам-табиғат», қарым-қатынас сферасындағы қоғамдық ой — сана ғана емес – оның терең  қажеттілігінің өзгерісін түсінетін принциптер, мақсаттар, ойлар, басымдығының жүйесі.

     Экологиялық мәдениет – әр бір адамның және елдің экологиялық қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру, қоршаған табиғи ортамен адамның өмір қызметінің қарым-қатынасының ежелден келе жатқан тәжірибесі.

      Мемелекеттік нормалардың қалыптасуы, қоғамдық мұратты көрсететін әр адамның экологиялық жауапкершілігі болады.

      Экологиялық жауапкершілік -табиғи жүйені өзіндік реттеу және қоршаған ортамен қатынасындағы еркіндік өлшемінің, тұрақты заңдармен аңықталған шекараларын, адамның түсінгендігін білдіреді.

         Маңызды экологиялық білім беру негіздерінің экологиялық пәндері адамдардың даму тұрақтылығымен, жер жүзіндегі өмір сүру меселелерін қамтиды. Оларды оқытудың объектісі – биоорталық және антропоорталық сипатын ұстанатын жүйелер.

       Мұндай жүйе түрлері қоғам мен адам, тірі табиғаттың дамуымен өзіндік ұйымдастырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; антропогендік және техногендік престі сынайды, экологиялық қарым-қатынасты оптималдандыруға әр бір планета тұрғындарының қатысуын талап етеді.

         Қазақстандағы экологиялық білім жүйесі қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және білім министрлігімен реттеледі және үйлестіріледі. Экологиялық білімнің қабылданған бағдарламасы, халықтың экологиялық білімділігін жоғарлатуды қоғамның әлеуметтік ортасын экологизациялау және экологиялық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.

       Экологиялық ағарту 2030 жылға дейінгі Казақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиясындағы «Экология және табиғи ресурстары» басымдылықпен белгіленген.

      Қазақстан Республикасындағы  «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 15.07.1997ж. 73 және 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбиенің үздіксіздігі мен жалпылығы қарастырылған, сонымен қатар аттестациялау және қайта аттестациялау, басшылармен мамандардың қызметке тағайындалу кезіндегі кәсіби экологиялық дайындығын ескеру.

        Оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтайтын оның ұйымдастырудағы көпсаттылылық  экологиялық білімінің негізгі принциптерін білдіреді.

         Білім беру жүйесінің құрылымында сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысын бөлуге болады:

    • бірінші – мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;
    • екінші – орта кәсіби оқу орындарында және бастауыш, жалпыбілімдік мектептерде білім беру;
    • Үшінші — жоғарғы оқу орындарынан білім алу;
    • Төртінші – жоғарғы оқу орындарынан кейінгі дайындық саты.

           Мектепке дейінгі экологиялық білім және тәрбие – бұл үздіксіз экологиалық білім жүйесінің бірінші саты, балаларда экологиялық сауаттылықтың негізін қалыптастыру саты.

         Бала қоршаған ортада өзінің орнын тікелей үздіксіз байланысты түсіну үшін кем дегенде үш шарт болу керек:

    • Балаға экологиялық білімнің элементтерін жеткізу үшін, білікті маман болу тиіс.
    • Бала түсіну үшін бейне визуалды құралдар мен баспалар.
    • Қалада тұратын балаларды тірі табиғатпен таныстыру, экскурсия ұйымдастыру және кенттену аймақтарынан тыс дамаллыс орындары. Әке -шешесінің әсері үлкен үлес қосады. Мектепке дейінгі экологиялық білімнің басты құрамдас бөлігі бұл табиғатқа және оның тұрғындарына  ғасырлық дәстүрге бай халықтық педагогика болып саналады.

         Бірақ сондада мектепке дейінгі білімнің бүкіл елдің аймақтарындағы қабылданған бағдарлама және экологиялық білімнің үздіксіз тұжырымдамасы мемлекеттік деңгейде, тәжірибеде және өмірде жүзеге асырылуы жеткіліксіз. Үздіксіз экологиялық білімнің жүйесінде орта мектептегі экобілім екінші сатысы болып саналады.

        Оқу процесінде қолданылып жүрген оқулықтар мен методикалық әдістемелер ескеріп, Қазақстан экологиялық мәселені толық қарастырмайды.

        Кейбір жағдайларда мектептердегі, гимназиядағы, лицейлерде экологиялық білім беру жүйесінің жұмыстары осы аймақ бойынша мемлекеттегі мекемелердің жалпы саны 5%-дан, аспайды.  Нақты жағдайда жалпы білім беретіт мектептерде экологиялық білім факультативтік сабақтардың жүргізілуімен, бөлек пәндердің экологизациялау мазмұны мен жүзеге асырылады.

         Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде мазмұны бар эколого-табиғатты қорғау арнайы курстар әлі жоқ.

         Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жоғарғы мектептерде экологиялық білім әр түрлі жолдармен өтіледі.

         Экобілім аймағының мамандарының пікірінше табиғи ортада болып жатқан құбылыстарды дұрыс бағалай білетін сана сезімі жетілген жоғарғы оқу орындарының бітірушілердің дайындалуы тиіс.

           Ол тек табиғатты қорғауды емес, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану, қоршаған ортаны басқару және өзгерістерін қадағалау үшін сапалы шешім қабылдау керек.

        Мұндай дәрежедегі мамандарды жоғарғы оқу орындарында дайындау теориялық-методологиялық және экологиялық білім тәжірибе негізінде мұндай басты принциптерді, глобальды, универсалды, пәнаралық, кешенді, үздіксіздікті, интегралды және де кәсіби бағыттылықты талап етеді.

        Қазіргі уақытқа дейін кәсіби экологтарды дайындау қажеттілігі біздің сана – сезімімізге толық жете беремейді.

       Мәселен,  экологиялық жағдайды бағалау, экологиялық аудит және экологиялық экспертизаны өткізу, экологиялық менеджмент пен маркетингпен айналысу, адамдардың әсерінен әртүрлі табиғи және  табиғи антропогенді экожүйені бақылау.

          Қорыта айтқанда:

    • Экологиялық білім беру және табиғатты қорғау жұмысы басқа елдердегі «тұрақты дамуы» моделіне өтуі қажет.
    • Экологиялық білім беруді тек қана білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру және тәжірибеде қолдану ғана емес, оны алтернативті экологиялық өмірге жаңалық енгізуде және де табиғатты қорғаудағы белсенді тәжірибелік қызмет деп қарастыруға қажет.

        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    1. Адам және қоғам мәдениеті.  Алматы. 2000 ж.
    2. Экология.
    3. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.
    4. Өсімдік – табиғат қазынасы.
    5. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.
    6. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.

    География және табиғат. 2003                                                                                                                                                                                                                                                           Алтаева Жансая Сеиткасымовна,                                                                                              З.Х.ФУРҚАТ АТЫНДАҒЫ №37 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
    ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ,
    ОҚО ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.