Home » Мақалалар » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТІ

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен- күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік дағдыларымен қаруландыру. Қоршаған ортаның мәселелерін шешуде экологиялық білім берудің алатын орны ерекше. Бала кезінен бастап жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адам қоршаған ортаға бейқамдықпен қараудың зардаптары қандай болатынын, қоршаған ортаның ластануының қандай ауру туғызатынын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылуы, топырақтың құнарлығының кемуі, судың тапшылығы қоршаған ортаның өзгеруіне әсер ететінін білуі қажет. Осы өзгерістерді біліп қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына өзінің жауапкершілігін сезіне білгені жөн.

Оқушыларға экологиялық білім беру – педагогика ғылымның жаңа салаларының бірі. Экологиялық білім беру – оқытудың үздіксіз процесі, жеке тұлғаны дамыту, ғылыми- тәжірибелік білім мен біліктерін қалыптастыру. Экологиялық білім берудің басты мақсаты — жеке адам бойына 37 табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам, қоғам, табиғат арасындағы толық үйлесімділік  рухында тәрбиелеу. Қазіргі таңда биология, химия, география, физика т.б. пәндер экологиялық мазмұндағы тақырыптарды қамтып экологиялық білім беруде. Экологиялық проблеманы ғаламдық жағдайда қозғап отырғандықтан, оны жеке адам, жеке мемлекет өздігінен шеше алмайды. Сондықтан оны дүниежүзілік және отандық тәжірибелер көрсетіп отырғандай, көпшілікке жаппай экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жүзеге асыруға болады. Оқушыларға экологиялық білім берудің негізгі бағыттары: — үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру мақсатында инфрақұрылымды қалыптастыру; — білім беру мазмұнын экологияландыруды күшейту; — өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын қорғап, жақсарту мақсатында оқушылардың тәжірибелік қызметі жүйесін қалыптастыру; — экологиялық білім беру сұрақтары бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Оқушыларға экологиялық білім беруде экологиялық зерттеушілік қызметтің алатын орны ерекше. Зерттеушілік қызмет – оқушыларды проблемалық оқытудың әдістерінің бірі. Оқушылардың бойында зерттеушілілік біліктіліктерін дамыту экологиялық мәдениет пен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға, қоршаған ортаның сұлулығын түсінуге әсер етеді. Зерттеушілік қызмет оқушылардың бойында ғылыми тәжірибелік қызығушылықтарын оятып, тұрған жерінің экологиялық жағдайын зерттеуге, туған өлкесінің экологиялық мәселелерін шешуге деген бастамаларын оятып, қызығушылығын туғызады. Экологиялық зерттеушілік жұмыс білім беру үрдісі аясында оқушылардың тәжірибелік қызметінің түрі болып табылады.Оқушы зерттеп отырған экологиялық мәселесінің өз бетімен шешімін тауып, сол 38 мәселенің пайда болу себептерін ашып, тәжірибе жасап, қорытынды шығарып, өз ұсыныстарын жасай алуы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған зерттеушілік қызмет оқушылардың бойында ғылыми – жаратылыстану пәндері бойынша экологиялық білімдерін қалыптастырады. Зерттеушілік қызмет- шығармашылық үрдіс. Мектептегі ғылыми-зерттеушілік қызметтің артықшылығы-оқушылар үнемі ақпарат іздеу үстінде болып, селқос тыңдаушы емес, белсенді зерттеуші ретінде болады. Өз бетімен жүргізілетін зерттеушілік қызмет оқушының қажетті білімдерін игеріп қана қоймай, қоршаған ортаны танып-білуге мүмкіндік тудырады. Зерттеушілік жұмыстарға мұғалім жетекшілік етеді. Зерттеу тақырыбын, зерттеу әдістерін таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырады. Жүргізіліп отырған жұмыстың соңғы нәтижесі мұғалімнің жан-жақтылығы мен оқушының жұмысты тиянақты орындауына байланысты. Зерттеушілік қызметтің міндеттері: — экология бойынша белгілі бір дәрежеде білімдерін қалыптастыру. — табиғат құбылыстарына ғылыми талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. — қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыстарды түсінеді. — табиғатқа тигізіп жатқан көмегінің маңыздылығын түсінеді. Зерттеушілік қызмет оқушылардың бойында қоршаған ортаға қарым – қатынасына деген жауапкершілігін арттырып, өзінің туған жері мен өзін қоршаған ортасының экологиялық жағдайына қызығушылығын арттырады. Іздену – зерттеушілік жұмыстар іске асырылатын экологиялық жұмыстардың негізгі түрлерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: -зерттеушілік топ жұмыстары; -мектептегі экологиялық үйірмелер; -ғылыми – тәжірибелік конференциялар; -зертханалар; 39 -тәжірибелік жұмыстар; -жазғы экологиялық топ. Зерттеушілік қызметтің түрлері: 1. Теориялық зерттеулер — табиғат, тарих, мәдениет, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы жөнінде әдебиеттерді оқу. — зерттеу жұмыстарын өткізу жөнінде әдістемелік нұсқауларды оқу. — өзінің тұрғылықты жері туралы статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау. 2. Қолданбалы, іс -тәжірибелік зерттеулер: — туған өлкесінің табиғат байлықтарына сипаттама беру — өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлік құрылымына сипаттама — су, ауа және топырақтың экологиялық жағдайын зерттеу — оқушылардың денсаулығы мен физикалық дамуын зерттеу. 3. Экологиялық мәдениет және тәжірибелік қызметтер саласындағы пәндер бойынша білімдерінің үйлесімділігі. Экологиялық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі қоршаған ортаны қорғап, оның болашағына жанашырлықпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы жылдары білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Көптеген білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбие басым бағыттардың бірі болып табылады. Педагогтар мен тәрбиешілер экологиялық бағыттағы жұмыстарды шығармашылықпен атқаруда. Мектепке дейінгі ұйымдарда тірі табиғат бұрыштары жасақталып, экологиялық мазмұндағы ойындар, мерекелер, табиғатқа топсеруендер ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстарға  ата-аналар да тартылып отыр. Осындай бағыттағы жұмыстар бастауыш мектеп сатысында да өз жалғасын табуда. Бастауыш сыныптарда табиғатты қорғау жөнінде теориялық білімдері тереңдетіліп, экологиялық ұғымдардың негізі қаланады. Орта және жоғарғы сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндерді экологияландыру мақсатында  факультативтер, экологиялық үйірмелер, мектептен тыс және сыныптан тыс шаралар іске асырылады. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар түрлері табиғат қорғау акцияларына қатысуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Сыныптан тыс зерттеушілік қызметті ұйымдастырудың түрлері:

  • Бақылау, салыстыру, тәжірибе, ақпаратты іздеу
  • Зертханалық-тәжірибелік жұмыстар
  • Экологиялық жобалар
  • Экологиялық олимпиада
  • Экологиялық конкурстар
  • Шығармашылық есептер
  • Ғалымдармен, мұражай қызметкерлерімен кездесулер
  • Табиғатқа топсеруен
  • Туристік-өлкетану іс-шараларына қатысу
  • Ғылыми-зерттеушілік сайыстар

Жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына негіз болатын білім ордасы мектеп екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениет пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде, инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде. Мектепте қоршаған ортаны қорғау жөнінде теориялық білімдерін тереңдету, негізгі экологиялық ұғымдарды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстың негізгі мақсаттары: — экологиялық білімдер жүйесінің қалыптасуы — экологиялық біліктерді қалыптастыру — қоршаған тірі табиғатты қорғауға деген дағдыларын қалыптастыру.  Еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып қазіргі кезеңде аса маңызды дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Сонымен қатар сыныпта және сыныптан тыс экологиялық зерттеушілік жұмыстарымен жүйелі түрде айналысудың да орны ерекше. Экологиялық бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2007ж 2. Бельгибаев М.Е. «Экологическая культура-основа устойчивого               развития» Экологическое образование в Казахстане, Алматы, №2,2012ж
  2. Қаженбаев С. Туған өлке – тұнған шежіре. – Алматы: Мектеп, 2010.4. Сарыбеков Н.С. Воспитание любви к природе – Алматы: Мектеп, 2000.

 

Әлімбетова Салтанат Сейтханқызы

«Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.