«ЭБРУ» ТЕХНИКАСЫ

Эбру парсы тілінен аудырылғанда «об» су, «ру» бетінде, судың бетінде  деген мағына береді. Бұл таңғажайып сурет өнері ХI ғасырда ежелгі түріктерден бастау алған.

Эбру бұл бір жағынан оңай болып көрінгенімен, өте қиын өнер болып табылады. Оған керекті құралдар: өзінің арнайы суы – ArtDeco, бояулары, қылқаламдар, шило, гребень. Жалпы айта кеткенде, судың бетіне сурет салу үшін адамның ынтасы, құштарлығы, қызығушылығы болуы қажет.

Ең алдымен, біз ыдысқа ArtDeco суын құйып, шило арқылы бояулармен фонын шығарамыз. Содан кейін, тамшы арқылы қиялымызға ерік беріп неше-түрлі оюларды өрнектейміз. Өзінің айтып кеткеніндей майлы суы, екі түсті араластырмай ғажайып құбылыс шығуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, бұл өнер түрі жас өспірімдердің ойлау қабілетін, қиялының дамуына септігін тигізеді. Ал ересек адамдарға демалудың, ұзақ уақыт бойына көтеріңкі көңіл-күйдің бір де бір себебі болып табылады.

Бекқалиева Мадина
8 «Е» сынып оқушысы
Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.