Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2.2.1.1 сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Берілген әңгіме желісін түсінеді, әңгімелейді, сипаттайды. Оқушылардың көпшілігі: Сұрақ қою арқылы мәтін бөліктерін анықтайды. Кейбір оқушылар: Мәтіннің басы, негізгі бөлімі мен соңын пайымдайды.