Манасбаев Шотбай Имашевич,
Ы.Алтынсарина атындағы дарынды балаларға
арналған мектеп-интнрнаты
Қостанай қаласы
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстанды қуатты да табысты қалыптасқан мемлекет деп атайды. Жаһандық 10 сын-қатер қатарында «тарихи уақыттың жеделдеуі» және адамзат таяп қалған үшінші индустриялық революция аталған. «Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз». Жолдауда «жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» белгіленген. Білікті, функционалды сауатты өскелең ұрпақты қалыптастыруға назар аударылады. «Жаңа технологиялық болмыстар» атты жаңа бағыттың экономикалық саясаты инженерлік білім беру және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды, барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру әдістемесін жаңғыртуды талап етеді. Жолдауда: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» — деп атап айтылады. [1] «Білім беру «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі деп танылған. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енгізу мақсатын қойып отыр. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады». [2]
Елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды ұсынды: «Үш тілді дамыту қажет: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға табысты интеграциялану тілі ретінде»[1]. Қазақстан Республикасындағы тілдердің үштұғырлығы – бұл біздің елімізді одан әрі дамытуға бағытталған концепция.
Оқу-тәрбие үрдісіне үш тілде оқытуды енгізу – бұл, сөзсіз, қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды қадам. Үш тілде оқыту және нәтижесінде оларды жетік меңгеріп алу оқушыларды түрлі халықтардың мәдениетін және дәстүрін тануға септігін тигізеді.[3] Көптілді білім беру – жеке тұлғаны тілдік білімдер мен дағдылар, тілдік және сөйлеу қызметі, сондай-ақ тілдер мен мәдениеттерге деген эмоционалды-құндылықты қарым-қатынас арқылы іске асырылған адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесінің «фрагменті» ретінде бір мезгілде бірнеше тілді меңгеру негізінде көптілді тұлға ретінде оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың мақсатты бағытталған, ұйымдастырылған, нормаланған үш бірлікті үрдісі.
Информатика шешетін мақсаттар мен міндеттер сан алуандығы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Қазақстан көпұлтты мемлекет болып табылады және дүниежүзілік білім беру және экономикалық кеңістікке табысты еніп жатыр. Бұл қазақстандықтардың алдына Қазақстан халықтарының тілдерімен қатар түрлі шетел тілдерін игеру міндетін қойып отыр. Тіл – мәдениеттің негізгі құбылысы, ұлттық бірігу механизмдерінің бірі, ұлтты әлеуметтік құрылым ретінде қалыптастыру және Қазақстанда тілдік сан алуандылықты сақтап қалу құралы. ҚР білім беру жүйесінде Көптілділіктің мемлекеттік бағдарламасын қазіргі жағдайда жүзеге асыруға жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқыту кезінде сабақтың кейбір құрылымдық элементтерінде ағылшын және қазақ тілдерін қолдану мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мамандандырылған мектептерден басқа мектептер үш тілді меңгерген пән мұғалімдерімен, соның ішінде информатика пәнінің мұғалімдерімен, қамтамасыз етілмеген. Алайда, жоғары педагогикалық білім алған информатика мұғалімдері бұл тілдерді белгілі бір дәрежеде игерген. Оқушыларды алатын болсақ, біздің мектептерде ағылшын тілін ерте, бастауыш сыныптан бастап игеру бойынша Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда[7,8]. Орыс тілі де мектептегі оқу кезінде үздіксіз меңгеріледі. Сондықтан информатиканы 5-сыныптан бастап оқитын оқушылар орыс және ағылшын тілдерінің негіздерімен таныс болады, сөздік қорлары бар және сөздікті қолдана алады. Сол себепті, осындай жағдайда информатика сабақтарында ағылшын және орыс тілдерінде информатика элементтерін қосуға болады. Алғашқы кезеңде күрделі емес, жаттығу сипатындағы сапалық және сандық есептер ұсынған жөн. Оқушыларға ақпараттық терминдер сөздігін жүргізу ұсынылады.
1-есеп
There are several ways of inserting tables
Чтобы вставить новую пустую таблицу в любое место своего документа, выполните следующее: Установите курсор в то место документа, куда вы хотите вставить таблицу.
1способ: Tables are created by allocating the required number of rows and columns. Table } Insert table
Если необходимо создать таблицу с большим количеством столбцов, то нужно применить второй способ. Именно второй способ сегодня мы с вами и рассмотрим.
2 способ: Also number of columns and rows can be selected using the list with a counter. On the ribbon, select Tab table } Insert table 2.To specify the size of table (number of columns and rows)
2-есеп
» Units of measurement of information » 5 класс
Пример 2. How to calculate how many bits in 10 bytes?
Ответ: необходимо 10 умножить на 8.
Пример 3. How to calculate how many bytes in 10 kilobytes?
Ответ: необходимо 10 умножить на 1024.
3-есеп
Найти среднее арифметическое число. Арифметикалық орта.
Program srednee;
var
a:array [1..5] of integer;
i:integer;
s,sr:real;
begin
s:=0;
writeln (‘жиым элементтері енгіз’);
for i:=1 to 5 do
begin
readln(a[i]);
s:=s+a[i];
sr:=s/5;
end;
writeln (‘ sr = ‘, sr:7:2);
end.
4-есеп
Вывести на экран элементы массива. Жиым элементтерін экранға шығару.
Program p13;
var
a:array [1..5] of integer;
i:integer;
Begin
Writeln (‘жиым элементтері енгіз’);
for i:=1 to 5 do
readln (a[i]);
for i:=1 to 5 do
writeln(‘a[‘,i,’]= ‘,a[i]);
end.
Есептерді талдау және шешу кезінде терминдерге, өлшем бірліктерінің үш тілдегі атауларына назар аудару қажет. Бұндай сабаққа дайындалу мұғалімнен жан-жақты пәндік (информатика және тілдер бойынша) және әдістемелік жұмысты, көп уақытты талап етеді. Алайда информатика сабақтарындағы көптілділік, сөзсіз, пәнді меңгеруге деген мотивацияны арттыруға әсер етеді. Бұл қазіргі кезде оқушылардың тілді меңгеруге деген ұмтылысымен байланысты. Сонымен қатар, техникалық білімге бағдарланған оқушылар, ал қазіргі уақытта ондайлар аз емес, Қазақстан халықтарының тілдерін және шетел тілдерін білмесе, біздің еліміздің дүниежүзілік және экономикалық кеңістікке интеграциялану жағдайында өндірістің ғылыми-техникалық жаңғыруына қатысу мүмкін болмайтынын түсінеді. Көптілді білім беру бағдарламасы білім берудің жаңа моделін жасауды қарастырады. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білу жастарды бәсекеге қабілетті етеді, ал еліміз қажетті зияткерлік әлеуетке ие болады. «2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» білім беру жүйесіне көптілділікті енгізу міндетін қойып отыр. Сондықтан қазірден бастап ҚР кейбір жоғары оқу орындарында және мектептерінде көптілділік, пәндерді бірнеше тілде оқыту, енгізіліп жатыр.
Әдебиет:
- Послание Президента Республики Казахстан — Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050.
- «Государственная программа развития образования РК на 2011-2020» Казахстанская правда.
- Журнал «Информатика и образование», Научно-методический журнал №2/2011.