Home » Жаңалықтар » Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Васильевна Слесарь мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Құсайын Хасенұлы Валиевпен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты –педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау. Кездесу барысында екі жақ өз ұйымдарының жетістіктері мен жұмысы туралы ақпараттарымен бөлісті. Атап айтқанда, кездесу ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Құжат білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Құжатқа сәйкес, тараптар біліктілігін арттыру және студенттерді даярлау жүйесіне педагогикалық инновацияны тарату және енгізу саласында ынтымақтасуға, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша педагогикалық қызметтіне қатысуға, робототехника бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткізу процесінде ҚМУ ақпараттық технологиялар факультетінің инновациялық инжиниринг қолда бар зертханасын пайдалануға ниетті. Шарт аясында ғылыми, ғылыми-әдістемелік және зерттеу, курс тыңдаушылардың арасында кәсіби бағдарлық, сондай-ақ жинақтар, ғылыми-әдістемелік сипаттағы жарияланымдар басып шығару іс-шараларын бірлесіп ұйымдастыру жоспарлануда.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою филиал қызметі үшін алға жылжу серпінінің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Л.В. Колбасина

 ИДӘҚЕБ бас маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.