Home » Жаңалықтар » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҚАДАМДАРЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҚАДАМДАРЫ

2018 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды қаласының №36 ЖОББМ мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ-ның биология мұғалімдеріне арналған курстарының тыңдаушыларына «Биология сабағында оқытудағы психол огиялық-педагогикалық қолдау көрсету» практикалық семинар өткізілді.

Семинарда тыңдаушылар биология сабағындағы психологиялық-педагогикалық тәсілдерін оқу үдерісінің ерекшеліктерімен таныса отырып, биология сабағындағы инновациялық тәсілдемесін байқады. Мұғалімнің кәсіби дамуына әсер еткен маңызды жақтары, оның ішінде мазмұнын іріктеу, жобалау технологиясын оқыту, сонымен қатар биология бойынша оқушыларды дайындау деңгейі талапқа сай кері байланысты жүзеге асыру болды. Семинардың мазмұнын мұғалімдер өзара педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, биология пәнін оқытудағы инновациялық үрдістер мен технологияларды жетілдіру бағыттары, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы сыни ойлаудағы технологияның ролі және критериалды бағалаудың ерекшеліктеріне байланысты болды.
Тыңдаушылар Қарағанды қаласы, №36 ЖББОМ биология пән мұғалімі Байбосынова А.А., Сатпаев қаласы, №27 ЖББОМ биология пән мұғалімі Баймагамбетова Б.А. және Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы №4 ЖББОМ биология пән мұғалімі Бекишева А.Х. шеберлік-сабақтарында кәсіби құзіреттіліктерін арттыру және тәжірибе алмасу, кері байланыстың маңыздылығын, оқушылардың жетістік критерийлерін, мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық ортаның әсері, сабақтың пәндік мақсатына жетуіне, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының дамуына ықпал еткенін көрді.

Семинарды қортындылай келе, облыстық мектептердің биология пән мұғалімдері семинардың өзектілігін айта отырып, өздерінің инновациялық идеяларын жетілдіру мақсатында және мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында кәсіби потенциалының дамуын байқатты.

Каирбаева Жанна Хапасовна,
Басқару және білім сапасы кафедрасының
аға оқытушысы, тренер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.