Home » Ашық сабақтар » Ыбырай Алтынсарин «Азған елдің хандары», «Өзен», «Жаз» өлеңдері, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері, Қазақ хрестоматиясы» оқулығы

Ыбырай Алтынсарин «Азған елдің хандары», «Өзен», «Жаз» өлеңдері, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері, Қазақ хрестоматиясы» оқулығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы. Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу;

Дамытушылық: оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны қалыптастыру, команда мүшелерінің іс-әрекеттерін, жұмысын талдау, бағалау, сараптауға үйрету жауапкершілігін сезінуге тарту;

Тәрбиелік: оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Командада жұмыс істеу арқылы адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, Блум таксономиясы, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, стикер, маркерлер, постерлер, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі және орыс әдебиеті, тақырыбы:

«Л.Н. Толстой. Очерк жизненного и творческого пути писателя».

Жергілікті компонент: Ә. Бөкейхановтың ескерткішінің ашылуы.

Қолданатын технология: Интерактивті оқыту технологиясы, АКТ, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ойын технологиясы.

Сабақтың құрылымы:

IҰйымдастыру кезеңі3 минут
IIСабақтың мақсатымен таныстыру3 минут
IIIҮй тапсырмасын тексеру10 минут
IVЖаңа сабақ53 минут
VБекіту10 минут
VIҚорытындылау8 минут
VIIҮй тапсырмасын беру3 минут

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.Қ. Алпысбаев, Ж. Сәметова, А. Далабаев. Қазақ әдебиеті (Хрестоматия) 10 сынып Алматы, Мектеп. 2014 жыл.
  2. Қ. Алпысбаев, Б. Әбдіғазиұлы, Б. Сманов, Ж. Сәметова. Қазақ әдебиеті 10 сынып Алматы. 2006.
  3. Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» Алматы, 1998 жыл
  4. Интернет желісі

Сөздіктер:

  1. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы. 1999 жыл
  2. Т.Жанұзақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. 2008 жыл
  3. Журналдар:
  1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Журнал. 2013-2017жыл

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына, киім үлгілеріне көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгінгі сабақта команда бойынша жұмыс істейміз. Үш тапсырма болады: Бірінші, тест орындаймыз; екінші, әр командаға берілген алдын ала тапсырма жауап бересіңдер; үшінші, таратпа материал бойынша орындайсыңдар да, бағалаушы әрқайсыңның жұмыстарыңды бағалап, ұпайларыңды «Бағалау парағына» қояды, сабақ соңында әрқайсысыңа бағалау парағы бойынша баға қойылады да, әрқайсысыңның ұпайларыңды қосып, команда жұмысының қорытындысын шығарып, кімнің асығы алшысынан түскенін анықтаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест түрінде сұраймын. 4 Нұсқада. Әр нұсқада 10 сұрақтан. Тест тапсырмаларын таратамын. Бұл тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша. Жазып болған соң бір-біріңмен ауысып тексересіңдер. Бағалау критерийі:

9-10 дұрыс жауап – 5 ұпай; 8-7дұрыс жауап – 4 ұпай;

6-5 дұрыс жауап – 3 ұпай; 4-3 дұрыс жауап – 2 ұпай;

1-2 дұрыс жауап – 1 ұпай.

ІҮ. Жаңа сабақ:

           Эпиграф: Бір Аллаға сыйынып

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Білу1. Ы. Алтынсарин өлеңдері, 2. Ы. Алтынсарин әңгімелері, 3. Ы. Алтынсарин өмірі, 4. Ы. Алтынсарин ағартушылық қызметі, 5. «Қазақ хрестоматиясы»Тапсырма алдын ала берілген. Слайд бойынша жауап береді.
ТүсінуОқып талдауға «Азған елдің билері», «Өзен», «Жаз» өлеңі, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері беріледі, оқып, мазмұнымен танысады.Кітаппен және таратпа материалмен жұмыс
Қолдану

 

«Азған елдің билері», «Өзен», «Жаз» өлеңі, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» шығармалары немен аяқталатынын анықтайды. Олардың тақырыбы мен негізгі ойы анықталады.Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.
ТалдауТоп басшылары шығып шығарманы талдайды, ой қорытады. «Азған елдің билері», «Өзен», «Жаз» өлеңдері бойынша үзінді таңдап, үзіндіге байланысты өз пікірлеріңді, нақыл сөздермен білдіріңдер.Әр топ өз ойларын айтады, постер қорғайды
Жинақ-тау«Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала», шығармаларындағы кейіпкерді бағалайды, салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.Әр топ өз ойларын «Венн диаграммсы» арқылы айтады
БағалауКейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Қай кейіпкер болғың келеді?Әр топ өз ойларын айтады.

 

Кері байланысЫбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім? (Эпиграфпен қорытындылаймын)Стикерге ойларын жазады.

 

 

Оқушы атыҮй тапсырмасының орындалуы

 

Топтағы жұмысМәтіндегі талқылауыБаға
 

 

    

Бекіту:

ҮІ. Қорытындылау. «Бағалау парағы» арқылы жүзеге асады, яғни топ басшысы топ мүшелерінің әрекетін бағалайды. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады, команданың жұмысы қорытындыланады.

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру: Қазақ әдебиеті 10 кл, 83-95 бет, Хр. 149-155 бет.

Ж.К. Омарханова,

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.