Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат мұғалімдер ұжымы 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, талқылап, қолдау білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат директоры С.С. Досмагамбетова Жолдауды талқылай отырып, жеке-жеке тоқталып өтті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Е.Б. Омаров Жолдаудың әр бөліміне тоқталып, слайд арқылы түсіндірді. Талдау барысында «Адами капитал-жаңғыру негізі» тақырыбындағы жетінші бөлімге тоқталды. Президент білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігін және қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс, және ағылшын тілін еркін меңгеруде екендігін айтқан. Сонымен қатар 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау және «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет екендігіне тоқталды.
Мұғалім мамандығының беделін көтеру қажеттілігі, оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген біліктілік көрсеткішіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі деген сөзі де қуантарлық жағдай. Осындай мүмкіндіктер, педагог қызметімізге шабыт беріп, өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратыны сөзсіз, – деп қолдау білдіреді мектеп мұғалімдері.
Саликова Елмира Мерегенбайқызы,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Ш.Айманов атындағы ЖОББ
мектеп-интернаты директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары