Бидакуль Бибатыровна Раимбекова
бірінші санатты мұғалім,
№12мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Астана қаласы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы білім алуын қалыптастыру, берілген тапсырмаларды интерактив тақтаның мүмкіншіліктерін қолдана отырып, дұрыс орындай білуге үйрету. Сауатты сөйлеуге дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, сауаттылығын, сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын, ой-өрісін кеңейту. - Тәрбиелік: жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
«Биоақпараттану және Синергетика» технологиясының ауызша сабақ 2 технологиялық картасы бойынша сабақ өткіземін. Карта бойынша үй тапсырмасы тексерілмейді, жаңа сабақты өтеміз, уақытты ұтымды қолданамыз. Өмірлеріңізге керекті білім алуларыңызға, пәнге деген қызығушылықтарыңызды арттыруларыңызға сәттілік тілеймін. Кезеңдермен, міндеттерімен таныстырамын.
Көшбасшысына сөз: сыныпты жігерлендіріп, сәттілік тілейді.
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Мақсат: Технологиялық карта бойынша :
1.Мәтінді оқып, кілт сөздерді табу 21 сөз. (уақыт : 4+4 /8 минут/)
2.Тірек сөздерді есте сақтау 21 сөз. (уақыт:2 мин 30 сек+ 2мин 30 сек
/5 минут/)
3.Қарама-қарсы сұрақ қою. Мен сіздермен сайысқа шағамын.
4.Өзара тестілеу. 2 нұсқа бір жақты сұрау
5.Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор /ТСҚ/. 44 сөз. Сөздер анық қысқартылмай жазылады. Тақырыптың мазмұнын жазып есептеу. (уақыт-5 минут)
Қабылдауды ұйымдастыру
Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы алғашқы түсінік бейне презентация бойынша түсіндіремін. Слайд көрсету.
Мәтінді оқыту тірек сөздерді іздеу.
Ұғынуды ұйымдастыру жауабын сұрап, жауабын ООМ-ға орналастыру
Есте сақтау және зейінді дамыту. Есте сақтауға тірек сөздерді көрсету. Оқушылар оқып есте сақтау және жазу.
Түсінудің алғашқы тексерілуі
Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Шөл дегеніміз не?
— Шөл құрғақ климатпен ерекшеленетін аумақ
2.Шөлдің климаты қандай?
-Жазы ыстық,құрғақ,қысы аяз 30 0 С , қары өте сирек, ылғал жетіспейді.
3.Шөлді жерде мекен ететін тіршілік иелерінің ерекшелігі қандай?
— Шөлді жерде тіршілік ететін тіршілік иелері жаздың ыстығы мен қыстың қақаған суығына төзуге бейімделген.
4.Өсімдіктер қалай бейімделген?
— Жапырақтары ұсақ, ал кейбіреулерінде жапырақ мүлде жоқ, оның орнына жасыл бұтақтар болады.
5.Жапырақтары тағы қандай болады?
— Жапырақтары кішірейіп, қылқан сияқты болады.
- Жапырақтардың ұсақ, жіңішке болуының қажеттілігі неде?
— Өсімдіктердің бойындағы суды аз буландыру үшін қажет.
7.Көктемде шөл, шөлейтті жерде қандай өсімдіктерді көруге болады?
— Көктемде шөл, шөлейтті жерде ал қызыл жауқазын, сары сұңғыла, таспашөп бұталарды көруге болады.
8.Сораң мен жусанның тамыры қалай орналасқан?
— Сораң мен жусанның тамыры ылғалды көбірек жинау үшін жер бетіне жақын орналасқан.
9.Жантақ пен сексеуілдің тамыры қалай орналасқан?
— Жантақ пен сексеуілдің тамыры 20-30 метр тереңдікте орналасқан?
- Жантақ пен сексеуілдің тамырының 20-30 метр тереңдікке кетіп орналасуының себебі неде?
— Жантақ пен сексеуілдің тамырының 20-30 метр тереңдікке кетіп орналасуы ылғалды алу үшін.
11.Сексеуілді неге пайдаланады?
— Сексеуілді отын ретінде пайдаланады.
12.Сексеуіл қандай ағаш?
— Отқа ең жақсы жанатын ағаш.
13.Тығыз сүрегі жылуды емен ағашынан көп бөлетін ағаш?
— Сексеуілдің тығыз сүрегі жылуды емен ағашынан көп бөледі.
14.Ылғалды сабағына жинап,содан кейін оны біртіндеп пайдаланатын өсімдікті ата
— Ылғалды сабағына жинап, содан кейін оны біртіндеп пайдаланатын өсімдікті –сүттіген.
15.2 метр биіктікке дейін өсетін өсімдікті ата
— Жүзгін бұтасы 2 метр биіктікке дейін өседі.
- Жүзгін бұтасының гүлінің түсі қандай?
— Жүзгін бұтасының гүлінің түсі ақ, қызғылт түсті.
- Шөлдегі жуалардың ең әдемісін ата.
— Шөлдегі жуалардың ең әдемісі Іле жуасы
- 18. Іле жуасы қашан гүлдейді?
— Іле жуасы мамырда гүлдейді.
- Іле жуасы қай кезде жеміс береді?
— Іле жуасы маусымда жеміс береді.
- Салқын мезгілде қандай өсімдіктер өседі?
— Салқын мезгілде қияқ, алақоржын, қазжуа, қызғалдақ өседі.
- Шөл өсімдіктерінің маңызы қандай?
— Шөл өсімдіктеріне дәрі-дәрмек, алады, сонымен қатар қой мен түйенің азығы.
- Жемін түнде аулайтындар.
— Жемін түнде аулайтындар: қосаяқ, жармасқы, құм айдаҺары, қара қоңыз, жылан.
- Қосаяқ, жармасқы, құм айдаҺары, қара қоңыз, жылан шөлге қалай бейімделген?
— Қосаяқ, жармасқы, құм айдаҺары, қара қоңыз, жылан күндіз салқын інде жатады, жемін түнде аулайды, топырақ қызбай тұрғанда белсенді қимылдайды.
- Кесіртке, ешкіемер, батбат қайда жасырынады?
— Кесіртке, ешіемер, батбат күндіз кеміргіштердің ініне тығылып, құмның астына кіріп, бұталарды саялайды.
- 25. Бұталар мен тастардың көлеңкесінде жасырынатын кеміргіштерді ата
— Бұталар мен тастардың көлеңкесінде құмтышқанмен сарышұнақтар жасырынады.
- Құмды мекендейтін бұлдырықтармен кептерлер шөлге қалай бейімделген?
— Бұлдырықтармен кептерлер су ішу үшін 10 км жерге ұшып барады.
- Шөл Қазақстан аумағының қанша жерін алып жатыр?
— Шөл Қазақстанның жартысын алып жатыр.
- 28. Қазақстанның қай жерін шөл алып жатыр?
— Шөл Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.
Алғашқы пысықтау. Тестілеу
Құтқару шеңберін пайдаланамын қажеттілікке байланысты.
Тақырыптық сөздік қор
Мұғалімнің талдауы. Қорытындылау. Бағалау.