Дәукеев Ғалымжан
«І.Жансүгіров атындағы №30 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
оқу-ісі жөніндегі орынбасары
«Зиялы қауымның қатты алаңдауға тиісті бір саласы – білім беру ісі» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, әдептіліктің де даналықтың да көзін ашушы – мектептердің өз деңгейінде болуы – егемендікке қол жеткізген еліміздің негізгі мақсаты.
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі шәкірт өмірінің мәні боларлық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты шуақ шашар шапағаты бар ұстаз беріп жатса, зердесінде сәулесі бар шәкірт көкірегінде қалай сақтамасын.
«Шәкірт шаңырақта шыңдалады…» деп отырған себебіміз, мектеп – білімнің киелі ордасы. Бала бойына тәрбие, білім ұрығын сеуіп, оның қалай көктегенін қырағы қадалап, үлкен өмір жолына аттандыратын – ұстазы.
Мектеп басшысына тағайындалғаннан бергі еңбек жолы әлеміне үңіле отырып қарасақ: менің айтқанымды істе емес, өзі сол атқарылмақ істің үлгісі болғандай.
Әр апта, жиындарда айналадағы болып жатқан дүбірлі өзгерістер, жаңалықтармен өз ұжымын қаруландыра келуі көңілге қонымды-ақ! Тек ескерту айту, бұйрық беру емес, сол жоспарланған дүниенің орындалуына да бақылау жасап, жауапкершілікпен қарауы – жұмыс істеу стилінің дағдысы сияқты. «Әрбір ұстаз бір жұлдыз» сайысына да қатысып, өз ұстаздарымен қатарласа жүріп, ашық сабақ үлгілерін көрсетті.
Мектеп құндылықтары, көшбасшылық, басқару, оқу бағдарламасы,оқыту мен оқу, кадрлар және біліктілікті арттыру басшы жұмысының басты бағыты саласында талап, бақылау, қатаңдық пен қамқорлық жұптаса жүргенде ғана жұмыс жеңісін берері сөзсіз.
Тап солай….
Қысқарта айтқанда, тестік бақылау, ғылыми жұмыс, әртүрлі жарыстардағы ұстаз және оқушы жетістіктері бұған дәлел бола алады.
Айыр тілді Әйтеке, Қарлығаш би атанған Төле, Қаз дауысты Қазыбек атанған билеріміз де 6 жасынан ел дауына араласып, әділ төрелігін айта білген қазақпыз ғой.
ЖЖА – жақсының жақсылығын айт жобасы бойынша ұжымды басқарған, елеулі жеңістерге жетіп жатуымызға ықпал жасап отырған басшының еңбегі көп нәрсені аңғартады.
Басшымыз Шаулиева Сапаргул Турлыбековна жұмыстың жауапкершілігін түсінетін, жаңалықпен өзін де, ұстаз қауымын да «қаруландырып» отыратын, бұйрықпен емес, іс-әрекетімен ұжымын айналасына үйіре білетін, өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын сергек жанды ұстаз, басшы, әріптес.
Ең басты ерекшелігі – айналасын мақсатты іске қамти білетіндігін бірнеше бейне суреттермен паш еткім келеді.