Балалардан құралған «Арман-ай» деп аталатын ансамбль құрдым. «Отаным» деп аталатын авторлық əніме бейнебаян түсірдік.
«Астана» деп аталатын əніме жасөспірімдер, яғни студенттер мен кіші топ балалары бірігіп əн салады.
Бейнебаянға дайындық жүріп жатыр. Мадина Серік — есімді шəкіртім көптеген байқаулардың жеңімпазы.
Қазір Украина дауысына дайындалып жатырмыз. Айнұр Риксебаева есімді шəкіртім Халықаралық Татарстанда өтілетін байқауға дайындық үстінде. Бұйырса Республикалық Жас Қанат байқауына ат салысып жатырмыз.
Сəттілік тілеймін шəкірттеріме!
Айгүл Адиханова,
Əнші-сазгер,
Халықаралық Мəскеуде, Украина, Грузия, Татарстан, Қытай Халық Республикасында өткен байқаулардың жүлдегері
Республикалық Жас Қанат байқауының лауреаты.. Азияның үздік дауысы-2007 ж