«Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім»,- деп ұлы даланың дана педагогы Ы. Алтынсарин айтқандай, бүкіл мектептің, тұтас ұлттың болашағы─ ұстаздардың қолында. Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. Міне, осындай зор жауапкершілікті сезініп, бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған жауапты міндеттерді өз дәрежесінде атқарып келе жатқан оқу орындарының бір Аягөз қаласындағы қазақ мектеп-лицейі ұжымы деп айтар едім.
Мектеп-лицейінің стратегиялық мақсаты ─ лицей брендін қалыптастыру. Бүгінгі таңда қалалық қазақмектеп-лицейі ─ білім сапасының тұрақты деңгейін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті брендтік білім беру мекемесі. Лицей бренді ─ бүгінгі күні қол жеткізген мектептің негізінде көшбасшылық пен тұрақты дамуға бағдарланған. Осы күнге дейін жеткен жетістіктері қуантарлықтай. Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика орталығының жылдық сараптамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы «Аягөз қалалық қазақ – мектеп-лицейі» КММ-і үздік 50 мектеп (ТОП 50) қатарына еніп, «2014 жылдың мемлекеттік мекемесі» атанды.
Жылдық статистикалық есептер қорытындысы бойынша мектептің жеткен жетістіктері үшін мектеп-лицей директоры Қасымжанов Айтқазы Оразбекұлы «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» Орденімен марапатталды.
Мектептің білім сапасының дамуына ерекше үлес қосып жүрген лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржанова Айгүл Айтқаламқызы «Кәсіби саладағы ерен еңбегі үшін» Медалімен марапатталды.
Директордың ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Жарова Назигүл Мұратбекқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрқамбаева Ақерке Мұратқажықызы, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Ешенғалиева Самал Демеуғалиқызы әрқайсысы өз саласына қосқан үлестері үшін және лицейдің бас бухгалтері Жұмағұлова Маржан қаржы шаруашылық саласында қосқан ерекше үлесі үшін «Жыл маманы -2014» сертификаттарымен марапатталды.
Мектеп-лицей басшысы «Құрмет» орденінің иегері, Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Қасымжанов Айтқазы Оразбекұлы 2011 жылы Өскемен қаласында өткен «Жыл директоры ─ 2011» облыстық мектеп директорлары байқауында «Ең үздік көшбасшы» номинациясын иеленді. 2010 жылы «Сердце, отданное детям. Лучшие работники образования» республикалық кітабына, 2012 жылы «Лучшие люди Казахстана» айдарымен «Одаренные дети — будущее Казахстана» энциклопедиясына енді.
Айтқазы Оразбекұлының креативті, деректі ойлауы нәтижесінде ұжым жылдан жылға білім беруді дамыту мен тәрбие ісінде үлкен жетістіктерге жетті. Білікті басшы білім ордасын басқару жылдарында биік белестерден көрініп, нәтижелі жұмыстар атқарды. 2002 жылы лицей түлектерінің грант иегерлері саны бойынша республиканың 100 мектеп қатарына еніп, республикалық «Наука и образование» (№1, 2002) газетіне жарияланды. Соңғы сегіз жылда ҰБТ бойынша 96; 108.9; 102.5; 82,5 және 93.4 орташа балл көрсетіп, аудан бойынша жоғары көрсеткішке ие. 19 оқушы «Алтын белгі» және 11оқушы үздік аттестат иегерлері атанды. Аудандық, облыстық, аймақтық олимпиадалар мен сайыстарда, түрлі өнер байқауларында лицей оқушылары жүлделі орын алудан алдыңғы қатардан көрініп келеді.Соның нәтижесінде «Облыстық үздік орта білім беру ұйымы-2013» атағын жеңіп алып, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың тағайындаған 14900000 теңге грантын ұтып алып, ол қаржы мектептің материалдық-технткалық базасын нығайтуға жұмсалды.
2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов тапсырмасымен дарынды оқушыларға арналған 48 мамандандырылған лицейлер мен гимназиялардың рейтингісін шығару қорытындысында Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейі білім сапасы бойынша облыста 4-орын, жалпы рейтингіде 5-орын иеленуі білікті ұстаздарымен мақтанатын лицейдің нағыз брендтік мекеме екенін айғақтағандай болды.
Лицейде әр оқушы – жеке тұлға. Лицейдің түлектерінің 85-90%-ы ҰБТ-дан жоғары балл алып, 2009-2015 жылдар ішінде 175 мектеп бітіруші Қазақстанның таңдаулы жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранттарын иеленуде. Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Англия жоғары оқу орындары, Қазақ-Британ Техникалық университеті, С.Демирел атындағы университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Семей мемлекеттік медициналық университеті сияқты оқу орындарын аяқтап, ары қарай өз елімізде және шет елде жоғары білімдерін жалғастырып жатқан түлектеріміз де баршылық. «Болашақ» бағдарламасы бойынша лицей түлегі Мукашев Нұржан Мичиган университетінде магистратураны оқып, қазіргі күні американдық денсаулық сақтау басқарушылары колледжінің (American College of Healthcare Executives) мүшесі бола отырып, Астана қаласында мамандығы бойынша еңбек етсе, екі түлегіміз Ұзақова Айнұр мен Нұржанова Жұлдыз «Болашақ» бағдарламасымен Англияның Лондон қаласында магистратурада білім алуда.
Талапшыл басшының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде лицейде оқу үдерісіне қолайлы жағдайлар үнемі жасалуда. Соңғы жылдар ішінде лицейдің барлық кабинеттері жаңа жиһаздармен, заманауи ақпараттық техникалармен, интерактивті кабинеттермен жабдықталды, күрделі жөндеулер жүргізілді. Мектеп директоры шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық қорды қадағалаумен қатар әдістемелік және оқу-тәрбиелік жұмыстарды, бақылау мен басшылықты жоғары нәтижеге бағыттап жүргізеді.
Сол секілді мемлекет тарапынан мұғалімдер біліктілігін жетілдіру үшін «Жеті модульді ықпалдастыру» технологиясы бойынша ұйымдастырылған деңгейлік курстар өзінің оң нәтижесін беруде. Қазіргі таңда бұл білім ордасында 12мұғалім деңгейлік курстан өтіп, заманауи деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге әріптестеріне ықпал етуде. Тек сабақтар ғана емес, тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналысы, сыныптан тыс іс-шаралардың өтілуі барысында 7 модульді ықпалдастыру жолға қойылған.
Үстіміздегі жылдың 22 – ші сәуірінде лицей ұжымы «2010-2015 оқу жылдарындағы Лицей брендін қалыптастыруға бағытталған мектепті дамыту жоспарын қортындылау» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға жиналған әріптестеріне лицей брендінің ерекшеліктері туралы айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Лицей бренді беретін артықшылықтармен таныстырды. Олар: болашаққа біліммен инвестиция, оқушы мен ата-ананың мектеп таңдауына мүмкіндікберу, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу, сапалы білімберу арқылы оқушылардың мемлекеттік грантқа сұранысын қамтамасыз ету. Жалпы лицей брендінің сипаттамалары: лицей шәкірттеріне тұрақты, сапалы білім беру, инновациялық, жобалық, зерттеу қызметі үшін ашық педагогикалық ұжым, оқушылардың олимпиадалық резервін дайындайтын тұрақты дәстүрлер.
Семинарға облыс бойынша барлық дарынды оқушыларға арналған лицей, гимназиялардың мектеп директорларымен орынбасарлары, деңгейлік курс бітірген мұғалімдер келді. Сол сияқты аудандық, қалалық әкімшіліктен шақырылған қонақтар, аудандық білім басқармасының әдіскерлері мен мамандары, «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Г.З.Абетаева, «Шығыс»өңірлік орталығы директорлар кабинетінің меңгерушісі А.Х.Нускенова қатысты. Өте жоғары деңгейде өтілген семинардан қатысушылар зор әсермен тарасты.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Парасатты экономиканы қалыптастыруда табысқа жету ─ Қазақстандағы білім беру қызметінің сапасына тікелей байланысты» дегендей, білімге негізделген тиімді даму жолы бүгінгі мектептің сапалы еңбегінен басталатына көз жеткізген Аягөз қаласындағы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің ұстаздары әр шәкірттің жан-жақты білімді, кәсіби бағытталған, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасауды мақсат ете отырып, өнімді қызмет етуді жалғастыратыны сөзсіз.
Қ.С.Узбекова
ШҚО, Аягөз аудандық оқу, ғылыми,
ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинет меңгерушісі