Home » Мақалалар » Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы

Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы

    Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.

  Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте “Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы” атты бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндікте оқушылардың танымдық, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, бастауыш сыныптар арасында оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданатын оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, мұғалімдер тәрбие сағаттарын, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар сонымен бірге оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу үшін ата-аналарға тренингтер өткізілді.

        “Мен әлемді танимын” бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жұмысының конкурсы өткізілді. Конкурсқа 2-3-4 сынып оқушылары қамтылды. Ж. Дистервег «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» — дегендей, әр оқушының ғылыми жұмысын оқушы жетекшісімен бірге өзекті  тақырыпты  таңдай отырып, нәтижеге жету үшін, зерттеу, дәлелдеу жұмыстарын жүргізді. Конкурсқа мектебіміздің директоры: Сейтахметова Ғаля Акылбековна, оқу-ісінің орынбасарлары: Утеулиева Раушан Шамшаевна, Кайыпова Бұлбұл Зупаровна ,Муса Ляззат Тәңірбергенқызы, химия пәнінің мұғалімі, мектептегі дарынды жастар жетекшісі: Қарашалова Данагул Арипжановна, физика пәнінің мұғалімі, дарынды оқушы жетекшісі: Нурсадыкова ГауһарТынышбаевна сынды тәжірибелі ұстаздар  әр оқушының ғылыми жобаларын жеке-жеке тыңдап,  саралап, оқушылардың марапаттарын табыс етті.

Сонымен бірге “Отбасы- бақыт мекені” көрмесі, “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” тақырыбында мұғалімдерге арналған коучинг, “Өз елімді өзек етем жырларыма”мәнерлеп оқу жарысы,“Мейірімділік — барлық жақсы қасиеттердің анасы”, “Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік”, “Құстар қайтып барады” тәрбие сағаттары, “Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдерін қайталау”математикадан,, “Дауыссыз н мен ң”қазақ тілінен, “Нағыз достық” әдебиеттік оқудан ашық сабақтар, “Ата-ананың жаңартылған бағдарламаға деген көзқарасы қандай?” ата-аналарға арналған тренинг, “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» мұғалімдерге арналаған коучингі» өте жоғары” деңгейде өткізілді.

 

“Мен әлемді танимын” бастауыш сынып оқушылары арасында өтілген ғылыми жобадан көрініс.

 

Мешитбаева Гульмира Турсуновна
Алматы қаласы, Алатау ауданы

№26 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сыныптар бірлестік

жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.